ТОРАЙҒЫРОВ СҰЛТАНМАХМҰТ
(1893-1920). XX ғасырдың басында
өмір сүрген қазақтың аса талантты
демократ ақыны Сұлтанмахмұт То-
райғыровтың психологиялық пікір-
лерінің негізгі желісі Қазан төңке-
рісі алдындағы дала өміріндегі дүр-
белеңмен сабақтасып отыратындығы
белгілі. Сондықтан да оның пәл-
сапасынан қоғамдағы өзгеріс, жаңа
заманның лебі жақсы байқалады.
Мәселен, оның таным жайлы пікірі-
нің негізгі түйіні: бізді қоршап тұрған
сыртқы дүниенің ұшы қиыры жоқ, ол
сансыз атомдардан тұрады, жан тән-
нің өзіндік заңдылықтарына орай
көрініп отырады деуі – ғылыми тұ-
жырымның жақсы айғағы.
«Ойласам дүниеде қанша жан бар,
Адам бар, ағаш бар, мал мен аң бар.
Жанды, жансыз нәрсенің бәрі дағы,
Әр себептің жемісі байқасаңдар.
Қасқыр болмақ, құс болып, ұшып
қонбақ, Сол болғандар, болмаған
өздігінен, Болғызған еріксіз бір себеп
қолдап»..
С.Торайғыровтың пікірінше, адам
табиғаттың туындысы. Ондағы се-
бептіліктің жемісі. Ол дүниенің сыр-
ларын біртіндеп ашып, оны шама-
шарқынша өзгертіп отыратын белсен-
ді тұлға. Адам сыртқы дүниемен
байланыса отыра, оны біртіндеп та-
ни береді, сөйтіп өзінің ақыл-ойын
дамытады, оның ешбір рухани қасие-
ті тумысынан пайда болмаған. Ақын
бізді қоршап тұрған дүние сыры мол,
бірақ оны тануға әбден болады дей
келіп, мұнда ғылымның алатын орны
ерекше екендігін былайша түйеді:
«Зерттесе де адамға білмейтін ғып,
Дүние ешбір сырын жасырмаған...
Әлемдегі терең сыр, Ғылыммен ғана
ашылмақ...
Дүние, табиғат, тіршілік жөнінде
осындай ғылыми жаратылыстық пі-
кір айтқан ойшыл ақын айналада
болып жатқан дүбірлі өзгерістер мен
оқиғалардың шығу себебін, олардың
түпкі негізінің неде жатқандығын,
қозғаушы күштері кімдер екенін ажы-
рата алмай, бұлардың басты себебін
адамның ақылы мен ой-санасынан
іздейді.
С.Торайғыров қазақтың ұлы ойшыл-
дары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев шығармаларындағы сан
тарапты озық та өнегелі идеяларды
әрмен қарай дамыта түсіп, қазақтың
қоғамдық ой-пікірінің дамуына елеу-
лі үлес қосты. Ол, әсіресе, қазақ зия-
лыларының педагогика және пси-
хология мәселелері жайлы айтқан
салиқалы пікірлерін ғылыми жағы-
нан ширата түсті. Мәселен, ол кезін-
де Абай қолданған психологиялық
ұғымдарды (арман, көңіл, ой, ерік,
жігер, қайрат, т.б.) онан сайын сапалай
түсіп, мәнін айқындап түсіндіріп
береді. Әрине, Сұлтанмахмұт шы-
Достарыңызбен бөлісу: |