Қ. Жарықбаев о. СаңҒылбаев



Pdf көрінісі
бет769/877
Дата07.01.2022
өлшемі11,21 Mb.
#20111
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   877
Байланысты:
Психология энциклопедиялық сөздік

ТОРА

ТОРА


534

С.  Торайғыров  шығармаларында 

ерекше бір көңіл аударатын мәселе – 

оның адамның әр түрлі жас кездері- 

не байланысты жасаған психология- 

лық талдаулары. Ол қазақтың ой-пі- 

кір дамуының тарихында осы мәсе- 

лені ғылыми тұрғыдан күн тәртібіне 

алғаш  рет  қоя  білген  ғұлама.  Ақын 

адам  психикасының  дамуын  басты-

басты  төрт  кезеңге  (балалық  шақ, 

жігіттік, ересектік, кәрілік) бөледі. Ол 

бұлардың бір-бірінен ерекшеліктерін 

жәй-қарапайым  пайымдаулармен 

шектемей,  ғылыми  сарапқа  салуды 

ойлаған.  Мәселен,  «Адасқан  өмір» 

поэмасының  «Мен  жігіт»  деп  ата- 

латын бөлімінде ол жігіттік шақтың 

психологиялық  ерекшеліктерін  бы- 

лайша  сипаттаған:  «Мен  жігіт,  он 

бес – отыз арасында, Бұл жаста көп 

бересі – аласым да... Жалыны бойға 

сыймай сырттан көрініп, Күн сайын 

тұрады  артып  қайрат-күшім»,  –  деп 

түйеді ақын жігіттік, бозбалалық ке- 

зеңнің  басты  ерекшелігін.  Расында 

да адам баласының осынау бір кезеңі 

психологиялық жағынан аса бір қы- 

зық шақ. Осы кезеңнің қызығын хал- 

қымыздың  ақын-жыраулары  бұрын 

да  аз  жырламаған.  Бірақ  олардың 

ғылыми сипаттамасы жетіспей жата- 

тын. Сұлтанмахмұт, жас жігітке тән 

қасиеттерді жай тізе бермей, олардың 

әрқайсысының  сыр-сипатын,  мәнін 

ашуға талаптанады.

Жастық шақ – адамның дене күші мен 

рухани тіршілігінің кемеліне келетін 

кезеңі. Жас адам ылғи да албырт, қа- 

жырлы, іс-әрекет пен қимылға құш- 

тар.  Оны  ойландырмайтын  нәрсе 

жоқ, нағыз романтик, тауды қопарып 

тастағысы келеді, оған «Сырдың суы 

сирағынан  келмейтін»  тәрізді.  Жас 

адам өз мүмкіндігін, қабілет, дарынын 

көруге де ынтызар: «Алдымда толған 

мақсат, толған таңдау, Алайын мына- 

сын ба, анасын ба?..» – деп осылайша 

дүниеге зор сеніммен қарайтын жас 

адамның  таудай  талабы  мен  қиялы- 

ның  шарықтамайтын  жері  жоғын, 

көксеген арманының есепсізін, оның 

асыл  мұрат  іздейтіндігін  сөз  етеді. 

Жас  кезінде  адам  өмір  қыспағынан 

қорқа бермейді. Онда күйреп, босқа 

мұқалу деген жоқ, ол ержүрек, батыл 

адам. Оған тән ерекше қасиеттің бі- 

рі – алдағы жерде жұртқа беретін де, 

одан  алатыны  да  көп,  алда  тұрған 

сансыз мақсат, қайсысы таңдап ала- 

мын десе де, ерік өзінде. Ол үшін бә- 

рі де мүмкін, қол жетпес ештеңе жоқ. 

Осы айтылғандардың бәрін ақын бы- 

лайша  түйіндейді:  «Ұқпаймын  қол 

жетпейтін бақыт бар деп... Үміттімін, 

алдар  деп  және  ұқпаймын...  Қарын 

тоққа қанағат қылатұғын, Мен емес, 

тәнім тірі, жаным өлік. Ірі мақсат бол- 

маса, ұзақ іске... Неге мен алданамын 

уақыт бөліп...» 

Ақын шығармаларында жастық шақ- 

тың  ерекшеліктері  «сезімді  ыстық 

жүрек», «дүние мен үшін жаралған», 

«қайғы  алған  жоқ  жүректің  бір  бұ- 

рышын»,  т.б.  дегендей  сөз  тіркесте- 

рімен сипатталып отырады. Сұлтан- 

махмұтың жігіттік кезеңге байланыс- 

ты  айтатын  ойының  түйіні,  жастық 

шақ  қызығы  мен  қиыны  мәңгі  тау- 

сылмайтын,  адам  бақытын  іздеуде 

таптырмайтын  өте  қолайлы  кезең, 

соңдықтан  да  шамаң  келгенше  осы 

кезде құлашыңды сермеп бақ. Өмір- 

дегі  орның  қандай,  нені  таңдауың 

керек – гәптің үлкені, міне, осында. 

Байлық, өкімдік, атақ, махаббат, т.б. 

адам  бақытына  қандай  қатысы  бар? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   765   766   767   768   769   770   771   772   ...   877




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет