55
тығы атқаратын қызмет аспаппен (мә-
шинемен) істелетін әрекеттер сияқ-
ты болады деген ойға негізделді. А.п. –
психологияның мән-жайын филосо-
фиялық тұрғыдан іздестіріп, оны ас-
социациялық принциптерге негіздей-
тін бағыттардың жиынтығы.
Психология тарихында ассоциация-
ны жалпы категориялық ұғым деңге-
йінде тұңғыш рет көтеріп дәріптеген –
ағылшын дәрігері Гартли (1705-1757).
Ол психикалық үрдістердің бәрі ас-
социацияға сүйенеді деп түсіндірді.
Гартлидің «Адамды бақылау» деген
еңбегі (1749 ж.) ассоциацияның ке-
ңінен тарап, өзекті ілім болып қалып-
тасуының бастамасы болды. Бұл ең-
бегінде ол көптеген психикалық үр-
дістерді жүйке жүйесінің толқуымен
ұштастыра баяндап, адамның санасыз
әрекеттерін материалистік тұрғыдан
түсіндіруге әрекеттенді. Гартли адам-
ның саналы әрекетінің жемісі болып
табылатын ақыл-ой, ерік-жігер қа-
сиеттерін де анықтады. Оның зерт-
теулері – санасыз әрекеттің сырын
түсіндіретін алғашқы материалистік
тұжырым. ХVІІ-ХІХ ғасырлар ара-
лығында рефлекторлық теорияға не-
гізделген ассоциациялық бұрынғы
тұжырым материалистік тұрғыдан
нығая түсті, оның субстраты мен іш-
кі бейнесінің санаға айналуын Т.Браун
(1778-1820), Джемс Милль (1778-1830),
Дж.Ст.Милль (1806-1873) сияқты зерт-
теушілер қолдады.
Олардың көзқарастары бойынша,
біріншіден, психика түйсік пен қара-
пайым сезім түрлерінен тұрады; екін-
шіден, ассоциация бойынша – бөл-
шектер алғашқы да, ал күрделі пси-
хикалық құрылымдар – елес, ой, се-
зім екінші деп саналады; үшіншіден,
ассоциациялар осы екі топтағы пси-
хикалық үрдістер арқылы құрылады;
төртіншіден, ассоциациялар күнде-
лікті тәжірибе арқылы санада жиі
қайталанып отыру нәтижесінде бекіді.
Ассоциациялардың жасалу барысы
биология мен жүйке физиологиясын
зерттеу нәтижелерімен анықталады.
Г.Гельмгольц (1821-1849) ассоциа-
цияның жасалуын сезім мүшелерінің
қызметі деп санаса, ал Ч.Дарвин ассо-
циацияны эмоция арқылы түсіндірді.
Орыс физиологі И.М.Сеченов (1829-
1905) ассоциацияның физиологиялық
негізін бас миы рефлексінің қызметімен
ғылыми тұрғыдан дәлелдесе, Г.Спен-
сер (1820-1903) оны психиканың фи-
логенездік дамуымен ұштастырып,
жалпы психика дамуы мінез-құлық-
тың өзгеруіне бейімделеді деді. ХІХ ғ.
80-90 жылдарында Г.Эббингауз (1850-
1909), Г.Мюллер (1850-1934) тәрізді
басқа да психологтардың еңбектерін-
де ассоциацияның жасалу жолдары
түрліше түсіндіріліп, бұл тұжырым
одан әрі дамытылды.
Психологияның XIX ғасырдың орта
кезіне дейінгі дамуында бұл ғылым-
ның дербестік сипаты айқындалып,
оны зерттеушілер табиғи ғылыми не-
гізге жүгінді, физиологиялық зерттеу
әдістерін қолданып, биологиялық үлгі-
ге иек артты. А.п. негізінен, Англия-
да өрістеп дамыды. Сөйтіп, өз алды-
на дербес бағыт ретінде қалыптасты.
Бұл бағыттың материалистік те, идеа-
листік те ағымдары болды. Мате-
риалистік ағым психологиялық құбы-
лыстарды зерттеуге детерминизм прин-
ципін ендіруді көздеді. Ал XX ға-
сырда А.п. механикалық бағытты ұс-
танған бихевиоризммен ұштасты.
Психологиялық мағынасы белгілі
Достарыңызбен бөлісу: