60
не оның алғашқы белгісі сияқты. Алай-
да қояншық ауруының мұндай бел-
гісі ұстамалы қояншық ауруымен зар-
дап шегетіндердің бәрінде кездесе
бермейді. Аурудың бұл сипаты балалар
мен жеткіншектерде сирек кездеседі.
Аурудың ұстамалы түрі адамның
қимыл-қозғалысы мен сезімдік әрекет-
терінің тоқтап қалуынан байқалып,
бірнеше секундқа, не минуттарға со-
зылуы мүмкін.
АУРУ – сыздау, қақсау. Ағзаны өте
күшті күйрететін және оның өмір сү-
руіне немесе тұтастығына қауіп ту-
ғызудың нәтижесінде пайда болатын
психикалық күй. А. жануарлар әлемі
эволюциясының тапқан бағалығы.
А. физиологиялық үрдістің дұрыс
жайымен өтуіне кедергі болу жағы-
нан психикалық маңыздылығы өте
жоғары. Эмоциялық жағынан ауру
жәбірлейтін және қиын өтетін сипат-
та болады. Адамның өте жоғары дамы-
ған өнегелілік ниеттері ауруға беріл-
меуге көмектеседі.
АУТИзМ (грек.
аиtо – қаз.
өзім)
–
психологиялық шектелудің ең соңғы
түрі және күйі. А. индивидтің қорша-
ған ортамен байланыс-қатынастар-
дан шеттелуінен, «кетуінен», «қашуы-
нан» және өз күйзелістерінің тұйық
әлеміне енуден көрініс табады. Бұл
термин субъекттің өз ойлауын ырық-
ты реттеу мүмкіншілігінің төменде-
уін, өзін шектейтін тақырыптар ая-
сындағы ойлардан кете алмауды, кез
келген байланыстардан қашуды, бір-
лескен іс-әрекетке қажеттіліктің бол-
мауын білдіру мақсатында ғылымға
енгізілді. Нормада А. тұлғаның кө-
бінесе өз ішкі әлем суретіне және оқи-
ғаларды бағалаудың ішкі критерий-
леріне бағдарланумен байланысты
болатын жеке-дара ерекшеліктерді
сипаттау үшін қолданылады (Эго-
центризмді қараңыз)
. Бұл ерекшелік-
тер индивидтің айналадағыларды
интуитивтік түрде түсіне білу, олар-
дың рөлін ойнай білу, біреудің пози-
циясында тұру қабілеттілігінің бол-
мауын бейнелейді.
Достарыңызбен бөлісу: