АВИАЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫ (лат.
avis – қаз. құс) – авиация мамандары-
ның іс-әрекеттерінің психологиялық
заңдылықтарын зерттейтін психоло-
гия ғылымының саласы. А.п. ұшқыш-
тарды оқыту мен ұшу кезінде орын-
далатын істердің жай-жапсарын жал-
пы адам психикасының әуе кеңістігі-
не бейімделудегі ерекшеліктерін зерт-
теп, жоғары дәрежеде ысылған маман-
дарды даярлап шығару мақсаттарын
қарастырады. А.п. ұшудың қауіпсіз-
дігіне, апаттардың алдын алуға, ұш-
қыштардың, сондай-ақ, басқа да авиа-
ция мамандарының еңбегі мен демалы-
сын тиімді етуге, олардың кәсіби жә-
не психологиялық даярлығына назар
аударады.
А.п. мақсаты – ұшқыштардың, штур-
мандардың, жер үстіндегі қызмет ма-
мандарының іс-әрекеті мен дайын-
дығының психологиялық ерекшелік-
терін зерттеу, ұшу экипажының тиім-
ді және қолайлы қызметін қамтама-
сыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кан-
дидаттарды іріктеу, ұшқыштардың
психикасына жағымсыз әсерлерді, апат-
тарды болдырмауға бағытталған. А.п.
ғылыми-практикалық бағыт ретінде
XIX және XX ғасырлар тоғысында
адамзаттың ұшқыш аппараттарды
ойлап табуына және оларды ұтымды
да қауіпсіз басқарудағы адам факторы
рөлінің арта түсуіне байланысты пай-
да болды. А.п. негіздері физиология-
ның, жалпы психологияның, эргоно-
миканың, инженерлік психология-
ның, еңбек психологиясының, меди-
цинаның әдіснамалық және әдістеме-
лік ережелерінің ықпалымен қалып-
тасты.
Қазіргі заманғы А.п.-ның өзекті мә-
селелері: авиация мамандары іс-әре-
кетінің психологиялық құрылымда-
рын; адамның авиациялық, техни-
калық өзара әрекеттестігінің психо-
логиялық заңдылықтарын зерттеу;
ұшу факторының психикалық жағда-
йын, ұжымдағы тұлғааралық қарым-
қатынастардың дамуына әсерін зерт-
теу; кәсіби жарамдылықты, экипаж
мүшелерінің өздерінің іс-әрекет жағ-
дайларына бейімделуін қалыптасты-
ру; апаттылық жағдайларын талдау жә-
не т.б. А.п. теориялық және практика-
лық міндеттерін шешу үшін психоло-
гия мен физиологияда (сұхбат, бақы-
лау, құжаттарды зерттеу, зертханалық
Достарыңызбен бөлісу: |