*! Жедел ревматикалық қызба кезіндегі ревмокардитке тән аускультативті өзгерістер



бет3/3
Дата27.11.2023
өлшемі63,91 Kb.
#130012
1   2   3
Байланысты:
ревма

3 деңгей (26 тест)

#1
*!16 жасар қыз бала, тізе буындарындағы ауырсыну мен ісінуге, денесіндегі бөртпелерге, қызбаға, тамағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті тексеру: денесінде – сақиналы эритема, тізе буындарының ісінуі. Жүрек тоны тұйықталған, ұшында систолалық шу, тахикардия. Қан қысымы 110/70 мм с.б.


Қай көрсеткіштің жоғарылауы диагнозды растайды?
*+Ревматоидты фактор
*Нативты ДНҚ-ға антиденелер
*Лейкоцитоз
*Райт-Хадделсон реакциясы
*С реактивті ақуыз

#2
*!18 жасар қыз, жүрек аймағындағы ауырсынуға, тізе буындарының ауырсуына, денесіндегі бөртпеге, әлсіздікке шағымданады. Бір ай бұрын ол іріңді тонзиллитпен ауырған. Объективті: аяқтардың проксимальды бөлігінде орналасқан, тері бетінен көтерілмеген бозғылт қызғылт түсті бөртпелер, қышымайды. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары солға қарай 1,5 см-ге ұлғайған. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, жүрек ұшында систолалық шу. Жалпы қан анализі: ЭТЖ - 34 мм / сағ, лейкоциттер - 15,0 × 109 / л, CРА , антистрептолизин «О» 1: 625. Электрокардиограммада - синусты ырғақ, жүрек соғу жиілігі – 60 рет минутына, I дәрежелі атрио-вентрикуларлы бөгет.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Ревматоидты артрит
*Қайталамалы ревматикалық қызба, митралды қақпақшаның жеткіліксіздігі, ЖЖ I. ФК I
*Ревматикалық емес миокардит. ЖЖ I. ФК I
*+Жедел ревматикалық қызба, кардит, полиартрит, сақина тәрізді эритема. ЖЖ I. ФК I
*Жүйелі қызыл жегі, терінің (экссудативті эритема), буындардың (полиартрит), жүректің (кардит, ЖЖ I) зақымдануы.

#3
*!Ер адам, 47 жаста, тізе буындарындағы ауырсынуға, жүрек тұсындағы ауырсынуға, жүректің жиі соғысына, дем жетіспеу сезімі ұстамаларына, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде баспамен жиі ауыру. Объективті: терінің бозаруы. Аяқтардағы перифериялық ісіну. Артрит көрінісі. Жүректің салыстырмалы тұйықтығының шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ шетінен 2 см сыртқа, жоғарғы - II қабырға, сол жақ - ортаңғы бұғанааралық сызықтан 2 см сыртқа. Жүрек ұшында күшейтілген 1-ші тон, систолалық және пресистолалық шу, өкпе артериясында 2-ші тонның акценті. Пульс - минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасының шетінен 4 см төмен. ЭТЖ - 34 мм / сағ, лейкоциттер - 5,0 × 109 / л, CРА . Электрокардиограммада – мерцалды аритмия, жүрек соғу жиілігі - минутына 76-98 рет. Оң жақ жүрекшенің гипертрофиясы.


ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*+Қайталамалы ревматикалық қызба. Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, стенозы басым аорталды ақау, ЖЖ IIB. ФК II
*Жедел ревматикалық қызба, кардит, ЖЖ IIA. ФК II
*Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, аралас митралды ақау, ЖЖ IIB
*Қайталамалы ревматикалық қызба. Созылмалы ревматикалық жүрек ауруы, аралас митралды ақау, ЖЖ IIB. ФК II
*Ревматикалық емес миокардит. ЖЖ IIB

#4
*!Ер адам, 40 жаста, аздаған жүктемеден кейін пайда болатын ентігуге, аяқтағы ісіктеріне, беттің қызаруына шағымданады. Бала кезінен созылмалы тонзилитпен ауырады. Қарап тексергенде: жүректің салыстырмалы тұйықталуы солға қарай, жоғары қарай ығысқан, ұшында диастолалық діріл. Аускультацияда: жүрек ұшында І тон күшейген, ритмі дұрыс емес. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен ұлғайған, сирақтарда ісіктер байқалады.


Берілген ауруда тағайындалатын антибактериальді препараттар?

* Фторхинолондар


* Тетрациклиндер
* Сульфаниламидтар
* +Бензилпенициллиндер
* Аминогликозиттер
#5
*!Жас жігіт, 17 жаста, оң жақ тізе буындағы ауру сезіміне және ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа көтерілуіне, денедегі бөртпелердің пайда болуына шағымдармен дәрігерге қаралды. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырды, баспадан кейін 2 аптадан соң жоғары айтылған шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынның артриті, кеуденің терісінде, алақанында қызыл түсті сақина тәрізді бөртпелер.
Берілеген ауруда тағайындалатын антибактериальді топ?

*Фторхинолондар


*Тетрациклиндер
*Сульфаниламидтар
*+Бензилпенициллиндер
* Аминогликозидтер

#6
*!Ер адам, 47 жаста, тізе буындардағы ауру сезіміне, жүрек тұсындағы қысып ауруына, жүрек қағуына, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке деген шағымдармен ауруханаға келді. Анамнезінде – созылмалы тонзиллит. Қарап тексергенде: тері жамылғылары бозғылт. Сирақтарда– ісіктер. Буындар өзгермеген. Жүректің салыстырмалы тұйықталу шекаралары: оң жақ – төстің оң жақ қырынан 2 см сыртқа қарай, жоғарғы – ІІ қабырға, сол жақ – ортаңғы бұғана сызығынан 2 см сыртқа қарай. Жүрек ұшында І тон күшейтілген, систолалық және пресистолалық шуыл, өкпе артериядағы ІІ тонның акценті. Пульс – минутына 92 рет. Бауыр қабырға доғасынан 4см төмен.


Қандай топтағы преапарат ЕҢ көрсеткіш?

*Бета-блокаторлар


*АПФ Ингибиторлары
*Сульфаниламидтер
*+Бензилпенициллиндер
*Статиндер

#7
*!30 жасар әйел ЖРВИ-ден кейін: білезік, шынтақ, алақан-фаланга буындарында ісінулер, қызару және ауырсыну, таңертеннен сағат 11-ге дейін құрысулар (төсектен тұру мен өз қажеттіліктерін орындаудың қиындығы); дене температурасы 38,5 С. Жоғарыда аталған симптомдар 4 аптаға созылады. Диклофенак қабылдайды, бірақ әсері аз болады. Обьективті қарап тексеруде: ісіну, жергілікті температураның жоғарылауы, «саусақтарды бүгу» симптомы оң болуы, қозғалыстың шектелуі. ЖҚТ: Эр – 3,2; Нв – 105г/л; Лей – 13,9*10*9/л; Лим – 12%; ЭТЖ – 55мм/сағ.


Қай лабороториялық зерттеу әдісі БАРЫНША сәйкес болып келеді?
*АНЦА және АНА
*+РФ және АЦЦП
*АНА және ДНК-ға АД
*Анти Scl 70 және АНА
*HLA B 27 және РФ

#8
*!32 жасар әйел кісі таңғы уақыттағы 30-40 минутқа созылатын құрысуларға, қаржілік-алақан, алақан-фаланга, проксимальды фалангаралық буындардағы ісіну мен ауыру сезіміне шағымданып келді. Температура 37,5 С-ке дейін көтерілген. Дене салмағы 5 кг-ға азайған. Барлық симптомдар 2 ай бұрынғы салқын тиюден басталған. ЖҚА: Эр – 3,2; Нв – 110г/л; Лейк – 8,9*10*9/л; Лим – 16%; ЭТЖ – 29мм/сағ.


Қай лабороториялық зерттеу диагнозды БАРЫНША растайды?
*+Ревматоидты фактор
*С-реактивті белок
*Антинуклеарлы антидене
*Антицитрулиинге антидене
*Рибонуклеопротеинге антидене

#9
*!34 жастағы әйел дәрігерге мынандай шағымдармен келді: ісіну, білек, шынтақ, метакарпофалангальды және металатареальды фалангалық буындардағы ауырсыну, сағат 12:00ге дейінгі құрысу сезімі; кешкілік - субфебрилитет. Жоғарыда айтылған шағымдар 1,5жыл ішінде ақырындап өршіген. Ауырғындықтан кетонал қабылдаған, енді кетонал инъекцияларына көшті, әсері-жиі


Объективті қарап тексергенде: ісіну, зақымдалған буындардың температурасы қалыпты, активті және пассивті қозғалыс шектеулі байқалған.
ЖҚА: Эр-3,2; HB- 105г/л, лей- 11,9* 10(9)/л, лимф-12%, ЭТЖ 55мм/сағ. Ревматоидты фактор- 52 МЕ/мл, (норма 0-14) АЦЦП- оң. Науқастағы білезік рентгенографиясы кезінде емдеудің нәтижесі қандай болуы мүмкін?
*Буын саңылауы тарылған, субхондральный склероз
*Буын саңылауы тарылған, бірнеше остеофитоз
*Буын саңылауы кеңейген,буын маңы остеопорозы
*Буын саңылауы кеңейген, шеттік остеофиттер
*+Буын саңылауы тарылған, остеопороз, көптеген эрозиялар

#10
*!56 ж. Әйел сауыншы, қолдың кіші буындарының қозғалысы кезіндегі және түнде пайда болатын ауыру сезіміне шағымданды. 20 жылдан астам зардап шегеді. Сырқат бірітіндеп басталды. Объективті қолдың саусақ аралық дистальді буындары қалыңдаған олардың бүйір беттерінде көлемі бұршақтай тығыз түйіндер ұстап сезіледі. Рентгенограммасында буын қуысының тарылуымен остеофитоз. Жалпы қан анализінде өзгеріс жоқ. Анықталған түйіндер қалай аталады?


* Ревматоидты түйіндер


* Ревматикалық түйіндер
*+Геберден түйіндері
* Тофус
* Лимфотүйіндер ұлғаюы

#11
*! 62 жастағы науқаста созылмалы ауыру сезімімен білезіктің саусақаралық қозғалыс шектелуі белгіленді. Қарап тексергенде дистальды саусақаралық буындар орташа дәрежеде деформацияланған, олардың қозғалысы шектелген, осы буындардың аймағында тығыз, орташа ауыратын көлемі 0,5 см түйіндер сезіледі. Рентгенографиялық бейнеде буын қуысының тарылуы, субхондральді остеосклероз, остеофитоз. ЭТЖ 15мм/сағ Берілген клиникалық ситуацияда қай пікір ең ықтимал?


* Буынның зақымдалу аймағы ревматоидты артритке тән


*+ Буынның зақымдалу аймағы остеоартрозға тән
* Преднизолон аз дозасы берілген
* Қанда зәр қышқыл мөлшері көбейген
* Қанда Ревматоидты факторға реакция оң болады

#12

*!Ер адам, 36 жаста, төменгі арқа мен бөкселерде, омыртқада бір жылға созылған ауырсынумен келді. Ол таңертеңгі 2 сағат бойы таңертенгілік құрысуға шағымданады, таңертенгілік құрысуға әр түрлі қозғалыстар мен жаттығулардан кейін азаяды. 6 ай бұрын ол көз ауруымен ауырған, оны увеит деп санаған. Науқастың әкесінде ұқсас ауырсыну болды. Қарап тексергенде: көрінетін өзгеріссіз буын. Томайер, Шобер, Форьер, Оттo сынақтары оң. Ішкі мүшелер жағынан ешқандай ерекшеліктер жоқ.
Диагнозды растау үшін қандай зерттеу ең қолайлы?
*Ревматоиды фактор
*Қолдың рентгенографиясы
*+илеосакральды буынның МРТ
*Антистрептококтық антиденелер
*Циклдық цитрулиндік пептидке антиденелер

#13
*!47 жастағы ер адам сол аяғының бірінші саусағындағы ісінуге және өткір ауырсынуға шағымданады. Ол 3 күн бұрын қатты ауырып қалды, мол тойдан кейін сол аяқтың бірінші саусағында қатты ауырсыну пайда болды. Сол жақ аяқтың 1-ші фалангаралық буынының ісінуі, терінің қызғылт түсі, дене қызуы 38 С, қан қысымы 170/100 мм рт.ст.


Диагнозды растау үшін қандай зерттеу ең қолайлы?
*+зәр қышқылы
*Екі ішекті ДНҚ-ға антиденелер
*Тропоизомеразға антиденелер (SCL-70)
*Антистрептококтық антиденелер
*Циклдық цитрулиндік пептидке антиденелер

#14
*! Ж есімді ер адам, 53 жаста, клиникаға оң жақ табанының І бақай буынындағы қатты ауру сезіміне, буынның ісінуіне, оның қызаруына, қызбаға шағымданып келді. Осындай ұстама 14 жыл бұрын болды, ол өз-өзімен 3 күн өткеннен кейін қайтты. ЖҚА-лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, зәр қышқылы -0,84 ммоль/л, ЖЗА-шамалы протенурия, ураттар


Науқасқа қандай зерттеу жүргізу қажет?

* Эхокардиография


* Ревматоидты фактор
*+ Қандағы зәр қышқылы
* С-реактивны белок
* Антинуклеарлы фактор

#15
*!Ер адам, 40 жаста, оң жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 39 градусқа жоғарлауына, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шектен тыс ішімдікті қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас толықтау келген. Оң жақ табанның І табанфалангалық буыны ісінген, буын үстіндегі терісі қызарған, түлейді. Буындағы қимылдар кенеттен шектелген, қозғалғанда ауру сезімі ұлғаяды. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз.


Подаграның асқынуы үшін қандай фактор тән?

*+ алкоголь, көп тамақ ішу


* салқын
* вакцинация
* инсоляция
* темекі тарту
#16
*!Ер адам, 25 жаста, жүргізуші. Оң жақ сирақ-табандағы және сол жақ тізе буындағы ауру сезіміне, ісінуіне, олардағы қозғалыстың шектелуіне, көздің қызаруы, кіші дәретке ауру сезімммен баруына шағымданады. Ауру біртіндеп басталды, 2 апта ішінде. Қарағанда: зақымдалған буындардың дефигурациясы және қызаруы. Табанның түлеуі. Терілік бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, ритмді.Перифериялық ісіктер жоқ.
Берілген ауруға ең ықтимал антигеннің қандай тасушысы?

* HLA-жүйесінің В-20 антигені


*+ HLA-жүйесінің В-27 антигені
* HLA-жүйесінің В-22 антигені
* HLA-жүйесінің В-26 антигені
* HLA-жүйесінің В-25 антигені

#17
*!Әйел 26 жаста, қол саусақтарының ұсақ буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады, бетінің қызаруына, жүрек қағуына, әлсіздікке, арықтауға, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауыра бастады. Қарап тексергенде – фаланга аралық буындарды палпациялаған кезде ауру сезімі бар, бетінде «көбелек» және «декольте» аймағында гиперемия. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Жалпы қан анализі – эритроциттер – 3,8 × 1012 /л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ– 48 мм/с.


Осы ауруға тән ең ықтимал терілік өзгерістер?
Диагноз қою үшін ең ықтимал зерттеу?

* Ревматоидты фактор


* +Антидене екіспиральді ДНКға
*Антидене тропоизомеразаға( SCL-70)
*Стрептококкқа қарсы антиденелер
* Антидене цикликалық цитруллиниравалық пептидке

#18
*!Әйел 41 жаста, қол саусақтары ұштарының мұздауы мен сезімінің жоғалуы, ас өңештен өткен кезде ауырсыну мен қиындауы, құрғақ тамақты сумен ішуге, қол саусақтарының бүгілуі қиынға соғуына, қол басының аймағы терісінің тығыздалуына, физикалық күштемеден кейінгі ентігуге, ауыздың құрғауына, ауыздың ашылуының қиындығына, құрғақ жөтелге шағымданады.


Диагнозды верификациялау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?
* Ревматоидты фактор
* Антидене екіспиральді ДНКға
*+Антидене тропоизомеразаға( SCL-70)
*Стрептококкқа қарсы антиденелер
* Антидене цикликалық цитруллиниравалық пептидке

#19
*!Әйел 24 жас, қол буындарының ауырсынуына және құрысуына, күнге көзіне шыққаннан кейінгі терінің ашық бөлігінің қызаруына шағымданады. Объективті: беткейде - эритематозды дерматит, жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Жалпы қан анализінде - эритроциттер - 2,1×1012/л, лейкоциттер – 3,1 × 109 /л, тромбоциттер-185× 109, СОЭ – 40 мм/сағ. Антинуклеарлық фактор және екіспиральді ДНҚ антиденелері жоғарылаған.


Бұл ауруды емдеу үшін қандай комбинациялық ем ең тиімді?
*кортикостероидтар, гидроксихлорохин
*антибиотиктер, D-пеницилламин
*алтын препараттары, антибиотиктер
*Циклофосфан, Бактерияға қарсы терапия
*+цитостатиктер, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

#20
*!Науқас И, 27 жаста,шағымдары: білезік, тізі, аяқ , сирақ табан буындарының ауруы мен ісінуі, таңертенгілік құрысу, бұлшықеттерінің ауыруы, терісінің құрғақтығы, бастын қатты ауруына, құлақтағы шу, қозғалыстың бұзылуы, бел аймағындағы ауру сезімі, жүрек аймағында шаншып ауру сезімі, жүректің дұрыс соқпауы, ауызбен көздің құрғауы, белезіктің ақшылдануымен сұрлануы, жалпы әлсіздік. 10жылдан бері ауырады, Рейно синдромының бастамасы.


Диагноз қою үшін ең ықтимал зерттеу?

* Ревматоидты фактор


*Антинуклеарлы фактор
* Антидене екіспиральді ДНКға
*+Антидене тропоизомеразаға( SCL-70)
* Антидене цикликалық цитруллиниравалық пептидке

#21
*!Әйел 26 жаста, қол саусақтарының ұсақ буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады, бетінің қызаруына, жүрек қағуына, әлсіздікке, арықтауға, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауыра бастады. Қарап тексергенде – фаланга аралық буындарды палпациялаған кезде ауру сезімі бар, бетінде «көбелек» және «декольте» аймағында гиперемия. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Жалпы қан анализі – эритроциттер – 3,8 × 1012 /л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ– 48 мм/с.


Осы ауруға тән ең ықтимал терілік өзгерістер?

* Терінің индуративті ісінуі


* Қабақтардың периорбитальді ісінуі
* Түйінді эритема
*+ Бетте «Көбелек» тәрізді эритема
* Торлы ливедо

#22
*!Әйел 48 жаста, шағымдары: қолдарында айқын бұлшықеттік әлсіздік, қолын жоғары көтере алмайды, өздігінен киіне алмайды. Бетінде және қабақтарында, кеудесінде, арқасының жоғарғы бетінде көкшіл-қызарған бөртпелер.


Қандай зерттеу диагнозды қоюға көмектеседі?
*+Креатинфосфокиназа
*С реактивті белок
*Ревматоидты фактор
*Қос спиральды ДНК-ға антиденелер
*Тропоизомеразаға антиденелер ( SCL-70)

#23
*!20 жасар әйелде, босанудан кейін бұлшықетінде ауру сезімі, бұлшықеттік әлсіздік дамыды. Бір апта бұрын қабағының ісінуі, сәл жүктемеден кейін ентігу, даусының қарлығуы, тамақпен шашалу пайда бола бастады. Қарап тексергенде: ентігу, иық, сан бұлшықеттерінің ауырсынуы. Жалпы қан анализінде: эритроциттер - 4,5 ×1012 /л, гемоглобин -110 г/л, лейкоциттер – 7,8 × 109 /л, ЭТЖ – 66 мм/сағ.


Бұл ауруды емдеуде ең ықтимал препаратты таңдаңыз:

* +глюкокортикоитар


* цитостатиктар
* аминохинолиниктер
* қабынуға қарсы стероиды емес препараттар
* кризанол

#24
*!Әйел 48 жаста, қол бұлшықетінің айқын әлсіздігіне шағымданады, науқасқа тіпті қолын жоғары қарай көтеруі, киіну, шашын тарау қиынға соғады. беті мен қабағында, кеудесі мен арқасының жоғарғы бөлігінде көкшіл-қызыл дақтар байқалады.


Диагноз қою үшін ең ықтимал зерттеу?

*+ Креатинфосфокиназа


* Ревматоидты фактор
* Антинуклеарлы фактор
* Антидене екіспиральді ДНКға
* Антидене тропоизомеразаға (SKL-70)

#25
*!Әйел 38 жаста, айқын бұлшықеттік әлсіздікке, өзін өзі күте алмаушылыққа, беті мен іш аймағындағы эритематозды бөртпелерге шағымданады. Проксимальді фаланга аралық буындардың үстінде терінің экзематозды өзгерістері. Қалыптыдан асатын КФК деңгейінің 80-ге дейін жоғарылауы анықталды, антинуклеарлы антиденелер.


Қандай емдеу тактикасы МАҚСАТТЫРАҚ?
* Преднизолон 50 мг/тәулігіне, ішке
* +Метотрексат 15 мг/ аптасына, бұлшықет ішіне
* Циклофосфан 600 мг/аптасына, қантамыр ішіне
* Пульс-терапия, метипред 1000 мг/үш рет қантамыр ішіне /тамшылатып
* Пульс-терапия, метипред 500 мг/ үш рет циклофосфан 200 мг/қантамыр ішіне

#26
*!Әйел 47 жаста, жұтынудың қиындауына, жөтелге, шашалуға, айқын бұлшықеттік әлсіздікке, параорбитальді аймақтың эритематозды ісінуіне шағымданады. Қанында – креатинфосфокиназа титрінің жоғарылауы, антинулклеарлы антиденелер.


Ұзақ төсектік тәртіпте жатқан науқаста КӨБІНЕСЕ қандай асқыну дамуы мүмкін?
* Жатпа жаралары (пролежни)
* Бұлшықеттік дисторфия
* Өкпе абсцессі
*+Аспирационды пневмония
* Жүрек жетіспеушілігі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет