1 деңгей (17 тест)
#1
*! Жедел ревматикалық қызба кезіндегі ревмокардитке тән аускультативті өзгерістер:
*Бөдене ырғағы
*+ Жүрек ұшындағы үрлеуші систолалық шу
* Митральды қақпақшаны ашылу түрткісі
* Перикардтың үйкеліс шуы
* I тонның күшейуі
#2
*! Ревматикалық қызба кезінде қайсы буындардың зақымдануы ең тән:
* Алақан-фалангтар
* Дистальды фалангааралық
* Омыртқааралық
* Сакроилеальды қосылыстар
* ++ Тізе
#3
*! Ревматикалық қызба үшін келесі зертханалық көрсеткіштер тән:
* Лейкопения
* Моноцитоз
* Эозинофилия
* Фибриноген деңгейін арттыру
*+ Антистрептокиназаның, антигиалуронидазаның титрінің жоғарылауы
#4
*! Жедел ревматикалық қызбаның үлкен диагностикалық критерийлеріне не жатады:
* полиартралгия
* қызба
* серозит
* лейкоцитоз
* антистрептококкты антиденелер титрінің жоғарылауы
* + Полиартрит
#5
*! Ревматоидты артрит қандай буын ауруына жатады?
* +Қабынулық
*Дегенеративті
* Зат алмасулық
*Реактивті
* Спондилоартритпен қосалқы
#6
*!Ревматоидты артрит кезінде көбінесе қандай буындар зақымдалады?
*дистальные бунақ-аралық буындар
*+ білезіктің алақан-бунақ буыны
*табанның бірінші алақан бунақ буыны
*омыртқа мойын аймақ буыны
*омыртқа бел аймақ буыны
#7
*! Геберден түйіндері қайда орналасқан
*шынтақ буынында
*тізе буынында
*қол басының проксимальды саусақ аралық буынында
*+ қол басының дистальды саусақ аралық буынында
* Бірінші табан-башпай буынында
#8
*!Қандай зертханалық көрсеткіш РА-ті ерте диагностикалауда маңызды
*лейкопения
*+АЦЦП
*нейтрофильді лейкоцитоз
*анемия
*тромбоцитопения
#9
*!Табанның І саусағында тофустардың түзілуі сәйкес:
* Ревматоидты артритке
*+ Подаграға
* Остеоартрозға
* Ревматикалық қызбаға
* Остеоартрозға
#10
*! Подаграны ЕҢ ЖИІ өршететін факторлар қандай?
* +алкоголь, тамақты артық ішу
* суық
* вакцинация
* инсоляция
* темек тарту
#11
*! Буындар ауруының қайсысына HLA – жүйесінің В-27 антиген тасымалдаушысы ТӘН?
* Подагра
*+Анкилоздаушы спондилоартрит
*Остеоартроз
* Подагра
*Ревматоидты артрит
#12
*! Жүйелі қызыл жегіге тән терілік өзгерістер:
* Терінің индуративті ісіну
* Қабақтардың периорбиталді ісіну
* Түйінді эритема
*+ «көбелек» тәрізді беттегі эритема
* Торлы ливедо
#13
*! Жүйелі қызыл жегіне ТӘН қанайналым жүйенің зақымдалуы:
* Миокардиодистрофия
* Кардиомиопатия
* Миокард инфарктысы
* +Экссудативті перикардит
* Миокардиосклероз
#14
*!Жүйелі склеродермияға ТӘН терінің зақымдануын көрсетіңіз:
* Хейлит
* Геморрагиялық бөртпе
* Ангулярлы стоматит
* Түйінді эритема
*+ Тері индурациясы мен атрофиясы
#15
*! Дерматомиозитке ТӘН терілік көріністер?
* Есекжем
* Петехиальді бөртпелер
*+ Параорбитальді ісіну
* Түйінді эритема
* Эпидермальді некролиз
#16
*! Дерматомиозит кезінде тері ісінуі мен эритема алғашқы рет қай жерде орналасады:
* Қолдарында
* Аяқтарында
* Ішінде
* +Параорбитальды аймақта
* «Көбелек» түріндегі эритема
#17
*!Төменде көрсетілген клиникалық белгілердің қайсысы дерматомиозит кезінде ең ерте деп саналады ?
*базальды пневмофиброз
*+ бұлшықеттің әлсіздігі, бет терісінің эритемасы
*буындардың деформациясы
*миокардит
*тырнақ фалангаларының остеолизі
2 деңгей(43 тест)
#1
*!17 жастағы жасөспірім буындарындағы ұшпалы ауыру сезіміне, аздаған физикалық жүктеме кезіндегі ентікпеге, жүрек тұсындағы шаншыған ауыру сезіміне шағымдарымен ауруханаға түсті. 2 апта бұрын іріңді тонзиллитпен ауырды. Объективті: жүректің салыстырмалы түйықтығының шекаралары солға қарай 2 см-ге ұлғайған, тахикардия, жүрек ұшында систолалық шу. Тобық буындары ісінген, пальпация кезінде ауырады. Денесінде сақиналы эритема түріндегі бөртпелер.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Ревматоидты артрит
*Реактивті артрит
*Ревматикалық емес миокардит
*+Жедел ревматикалық қызба
*Жүйелі қызыл жегі
#2
*!Жедел ревматикалық қызба кезінде митралды қақпақша эндокардитіне Эхо-КГ-ғы келесі критерий тән:
*Алдыңғы жапырақшасының гипокинезиясы
*Қақпақшадағы вегетация
*+Митралды регургитация
*Сол жақ қарыншаның шығару фракциясының төмендеуі
*Митралды қақпақша жапырақшаларының қалыңдамауы
#3
*!Жүректің ревматикалық ауруына тән болатын электрокардиографиялық белгі:
*Пароксизмалды тахикардия
*+PQ интервалының ұзаруы
*Экстрасистолия
*Толық атриовентрикулярлы блокада
*Жүрекшелер фибрилляциясы
#4
*!17 жастағы ер адам дәрігерге оң жақ тізе буынындағы ауырсыну мен ісінуіне, дене қызуының 37,6 градусқа дейін көтерілуіне, денеде бөртпелердің пайда болуына шағымданып келді. Анамнезінен: 3 апта бұрын баспамен ауырып, 2 аптадан кейін жоғарыдағы шағымдар пайда болды. Қарап тексергенде: оң жақ тізе буынының артриты, кеуде қуысының терісінде, қолдың ішкі бетінде сақиналы эритема.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Ревматоидты артрит.
*+Жедел ревматикалық қызба.
*Атопиялық дерматит.
*Реактивті артрит
*Жүйелі васкулит
#5
*!16 жасар қыз бала, тізе буындарындағы ауырсыну мен ісінуге, денесіндегі бөртпелерге, қызбаға, тамағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Объективті тексеру: денесінде – сақиналы эритема, тізе буындарының ісінуі. Жүрек тоны тұйықталған, ұшында систолалық шу, тахикардия. Қан қысымы 110/70 мм с.б.
Жедел ревматикалық қызбаға қандай бөртпе тән?
*Түйінді эритема
*Дискоидты бөртпелер
*Есекжем
*+Сақина тәрізді эритема
*Ұшпалы эритема
#6
*! Жасөспірім баспамен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң учаскелік дәрігерге
ентігуге, жүректегі ауырсынуға, тізе буындарының ісінуіне, әлсіздікке шағымданып келді.
Қандай ауру ең ықтимал болып табылады? .
* Ревматикалық емес миокардит
* Тонзилогенді миокардиодисторофия
* Вегетотамырлық дистония
* +Жіті ревматикалық қызба
* Реактивті артрит
#7
*! Жедел ревматикалық қызба кезінде бүйректің зақымдануы:
* + Тез өрістейтін гломерулонефрит созылмалы нәтижесіз уытты генезді
* Созылмалы пиелонефриттің дамуы
* Бүйрек амилоидозы
* Созылмалы ревматикалық генезді гломерулонефритпен
* Несеп-тас ауруының дамуы.
#8
*!56 жастағы ер адам дәрігерге ентігуге, аяқтарының ісінуіне шағымданып келді. Тексеру кезінде жүректің салыстырмалы тұйығының шектерінің кеуденің оң жақ шетінен 2,5 см-ге ұлғаюы, эпигастральды пульсация, 1 тонның әлсіреуі және IV тыңдау нүктесіндегі систолалық шу анықталды.
Жүректің қандай ақауы ең ықтимал?
*аорта жеткіліксіздігі
* митральды жеткіліксіздігі
* Лютамбаше синдромы
* + үшжармалы қақпашаның жетіспеушіліксіздігі
* қарыншааралық перденің ақауы
#9
*!Ревматикалық қызбаның және оның болжамының ауырлық ағымын негіздейді:
* +Кардит
* Полиартрит
* Хорея
* Ревматикалық түйіндер
* Сақиналы эритема
#10
*!Әйел, ұстаз, 32 жаста, екі қол басының ұсақ, білезік буындардағы және оң жақ тізе буынның ауру сезіміне және ісінуіне шағымаданады. Ауырғанына 3 жыл болды. Таңертеңгілік құрысу, ульнарлы девиация, созылмалы қабынулық сипаттағы ауру сезімі анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Жүрек тондары анық, дыбысты. Қан анализінде ревматоидты фактор-20,2 МЕ\мл (қалыпты 0-14), Райта и Хеддельсон реакциясы – теріс
Ең ықтимал диагноз қандай?
*Остеоартроз
*Реактивті артрит
*+Ревматоидты артрит
*Псориатикалық артрит
*Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы
#11
*!25 жастағы әйел, қолбасы, білезік және шынтақ буындарының ауру сезіміне, 2 сағатқа созылатын таңғы құрысуына шағымданады. Қол буындарының ауруы және ісінуі 2 ай бұрын бала туғаннан кейін пайда болды. Әрі қарай білезік және шынтақ буындары қосылған. Науқас қолбастарын қыса алмайды, қол бастарының күші төмендеген, аталған буындардағы және тізе буындарда пассивті және белсенді қимылдар шектелген. Өкпеде везикулярлы тыныс, жүрек тондары анық, дұрыс, ритмді. АҚҚ – 110/70 мм с.б.б..Қол бастарының рентгенографиясында – буын маңындағы остеопороз.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Реактивті артрит
*Ревматикалық артрит
*Полиостеартроз
*+Ревматоидты артрит
*Подагралық полиартрит
#12
*!Әйел, 62 жаста, тігінші, қолбасының ұсақ буындардағы механикалық сипаттағы, жүктемеден кейін пайда болатын, жұмыс күннің соңына қарай ауру сезіміне, 30 минуттан кем созылатын таңғы құрысуға, дисталды фалангааралық аймақтағы ауру сезімсіз тығыздалған түзілістерге шағымданады.
Қарап тексергенде: дисталды фалангааралық аймақтар қалындаған, олардың бүйір беттерінде қатты түйіндер сезіледі, өлшемдері бұрыштақтай. Қолбастарының рентгенограммасында: остеофитоз, буын саңылауы тарылған. Жалпы қан анализінде – ЭТЖ – 8 мм/сағ. Райт-Хедельсон реакциясы теріс.
Қандай диагноз?
*подагра
*бруцеллез
*+остеоартроз
*ревматоидты артрит
*Анкилоздеуші спондилоартрит
#13
*!Ревматоидты артритпен науыратын науқас 35жаста, белсенділігі DAS 5,2 индексі бойынша типтік буындарының зақымдалуымен күнделікті тұрмыста қиындықтар тудырады: жуынған кезде электронды тіс щеткасын қолданады, киінгенде және су ішетін бөтелкені ашқанда қосымша көмек қажет және т.б. Мектепте мұғалім болып қызмет атқарады, бірақ соңғы кездері мектеп баспалдағынан көтерілу де, компьютермен жұмыс жасау да қиындық тудырады. Диагноздың тұжырымында қандай функциональды класс көрсетілуі керек?
*Функционалды класс I
*Функционалды класс II
*Функционалды класс III
*+Функционалды класс IV
*Функуционалды класс V
#14
*!50 жастағы әйел жүрген кезде күшейетін тізе буынындағы ауру сезіміне, танертеңгі уақытта болатын жарты сағатқа дейін созылатын құрысу ұстамасына шағымданды. Соңғы екі жылда буындарда аздап ауру сезімі болганын,ол көп жүргеннен кейін күшейетіндігін айтты.Қарап тексергенде тізе буыны конфигурацияланған,периартикулярлы тін тығыздалған,оң жағында гиперемия,қолмен басқанда крепитация байқалады.Дистальда фаланга аралық буындарда тығыз түйіндер,буындардың орнынан жылжуы анықталды.ЖҚА: эритроцит-4,2млн, лейкоцит-5,6 мың.ЭТЖ-15мм/сағ.СРБ-теріс ревматоидты фактор-4МЕ/мл(норма 0-14)
Диагнозды анықтаңыз?
*+Остеоартроз
*Псориатикалық артрит
*Реактивті артрит
*Ревматоидты артрит
*Подагриялық артрит
#15
*! Қандай клиникалық симптомдар РА-ті ерте диагностикалауда маңызды?
*Ахилл сіңірін пальпациялағанда ауырсыну сезімі, қол буындарының ауырсынуы және жанама ауытқуы
*Ахилл сіңірінің ауырсынуы, 60 мин кем таңғы құрысулар
*60 мин астам таңғы құрысулар және тері астындағы түйіндер
*Латеральды қол буынының ауытқуы және 30 мин астам таңғы құрысулар
*+60 мин астам таңғы құрысулар және 6 апта бойы проксимальді бунақ аралық буынның ісінуі
#16
*!Әйел 36 жаста РА пен ауырады, рентгенологиялық зерттеу кезінде буын маңындағы остеопороз, буындық қуыстың тарылуы, бірең-сараң түйіндер анықталды. Берілген өзгерістер қандай рентгенологиялық процесстің сатысына сәйкес келеді?
*0 саты
*I саты
*+II саты
*III саты
*IV саты
#17
*!РА бар науқаста омыртқаның мойын бөліміндегі ауру сезіміне шағымданды? Бұл науқаста қандай патология ең ықтимал ?
*Омыртқа мойын бөлімінің остеохондрозы
*спондилоартрит омыртқааралық бөлім СIII-CVII
*спондилодисцит
*+атлантоаксиальды буынның артриті
*спондилез
#18
*!48 жастағы ер адамда түске дейін созылатын күндізгі қозғалыс күндізгі қозғалыс шектелуі байқалынады, қолы «ит-балық қанаты» тәрізді, шынтақтық ауытқу, қол-саусақтық буындарының симметриялық сәл-таюы. ЭТЖ 40мм/сағ. Қандай диагноз ең ықтимал?
*Ревматикалық артрит
*+Ревматоидты артрит
* Реактивті артрит
* Локальді остеоартроз
* Подагралық полиартрит
#19
*!42 жастағы ер адам аяқтың ауырсынуының кенеттен басталуына шағымданады, оның ісінуі және қызаруы, бас ауруы, шаршағыштық, әлсіздік, 38 С дейін қызба, нашарлауы соңғы 3 күнде алкогольді тұтынумен байланысты. Қарап тексергенде 1 саусақ фалангиальды буынның үстіндегі тері көкшіл-күлгін түсті, ыстық, ісінген, ауырсынуға байланысты буынның қозғалысы күрт шектелген. Жалпы қан анализі - лейкоциттер 11,8 × 109 / л, ЭТЖ - 36 мм / сағ. Реактивті ақуызбен - 10 мг / л, несеп қышқылы 610 ммоль / л.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Ревматоидты артрит
*остеоартроз
*Жедел ревматикалық қызба
*+подагралық артрит
*Анкилоздық спондилит
#20
*!42 жастағы ер адам аяқтың ауырсынуының кенеттен басталуына шағымданады, ісіну және қызару, бас ауруы, шаршағыштық, әлсіздік, 38 градусқа дейін қызба, нашарлауы соңғы 3 күнде алкогольді тұтынумен байланысты. Қарап тексергенде 1-ші фалангы буынның үстіндегі тері көкшіл-күлгін түсті, ыстық, ісінген, ауырсынуға байланысты буынның қозғалысы күрт шектелген. Жалпы қан анализі - лейкоциттер 11,8 × 109 / л, ЭТЖ - 36 мм / сағ. Реактивті ақуызбен - 10 мг / л, несеп қышқылы 610 ммоль / л. Жедел подагралық артриті анықталды.
Осы ауруды емдеуге қандай препараттар ең қолайлы?
*+СЕҚП, колхицин, глюкокортикоидтар
*Антибиотиктер, глюкокортикоидтар
*Алтын препараттары, антибиотиктер
*Цитостатиктер, стероид емес қабынуға қарсы препараттар
*циклофосфамид, стероид емес қабынуға қарсы препараттар
#21
*!26 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы омыртқаның қабыну сипатындағы ауырсынуды атап өтеді. Үш ай ішінде жамбас және тізе буындарының асимметриялық артриті, энтезопатия қосылды. Қарап тексергенде, бел омыртқасының сагиттальды және маңдай қуыстарындағы қозғалысы шектелген. Қан анализінде - ЭТЖ - 29 мм / сағ. CRP-10 мг / л. МРТ бойынша екі жақты сахроилеит анықталды.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Остероартроз
*Ревматоидты артрит
*+Анкилозды спондилит
*Подагралық артрит
*Жіті ревматикалық қызба
#22
*!27 жастағы ер адам төменгі арқадағы қабыну ауырсынуын, бел аймағында қозғалыс шектелгенін, өкше энтезитін атап өтті. Увеит анықталды, HLA B27 үшін анализ оң, ESR-20 мм / сағ, CRP-7 мг / л. Ілеосакральды буынның МРТ-де - біржақты сакротилеит.
ЕҢ ықтимал диагноз қандай?
*Остероартроз
*Ревматоидты артрит
*+Анкилозды спондилит
*Подагралық артрит
*Жіті ревматикалық қызба
#23
*! Ер адам 48 жаста. Оң аяғының бас бармағының кенеттен ауыратынына шағымданды. Берілген жағдай етті тамақ қабылдаған соң пайда болады. Қарап тексергенде І плюснефалангалық буынның ісінуі, терісінің маңында анық гиперемия. Бас бармағына тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Дене салмағының индексі 35кг/ м 2. АД 160/95мм.с.б.б.
Ең ықтимал диагнозды көрсет:
*+ Подагралық артрит
* Реактивті артрит
* Рематоидты артрит
* Ревматикалық артрит
* Бруцеллезды артрит
#24
*!Ер адам Ж., 53 жаста, ауруханаға оң аяғының бас бармағының буындарының кенеттен ауыратынына, буынының ісінуіне, гиперемияға, қызбаның болуына шағымданды. Осындай ұстама 14 жыл бұрын болды, ол өз-өзімен 3 күн өткеннен кейін қайтты. Жалпы қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы, зәр қышқылы - 0,84 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде – шамалы протеинурия, ураттар .
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
* +Подагра
* Остеоартроз
* Рейтер синдромы
* Ревматоидты артрит
* Реактивті артрит
#25
*! Ер адам, 40 жаста, оң жақ табанның І табанфалангалық буындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 39 градусқа жоғарлауына, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын шектен тыс ішімдікті қабылдаумен байланыстырады. Қарап тексергенде: науқас толықтау келген. Оң жақ табанның І табанфалангалық буыны ісінген, буын үстіндегі терісі қызарған, түлейді. Буындағы қимылдар кенеттен шектелген, қозғалғанда ауру сезімі ұлғаяды. Ішкі мүшелер бойынша патологиясыз.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсетіңіз
* Ревматикалық қызба
*+ Подагра
* Бехтерев ауруы
* Реактивті артрит
* Псориазды артрит
#26
*!Науқас К. 32 жаста, дәрігерге бел және сегізкөз аймағында түннің 2 жартысында күшейіп, таңертең, спортпен шұғылданған соң басылатын ауыру сезіміне, бөксе аймағында ауыру сезімі, бел омыртқасы бөлігінде қозғалысы тығыз және қиын, ахил сіңірі бекінген аймақтағы ауыру сезімі, көзде құм тұрғандай сезім, тез шаршағыштыққа шағымданды. Анамнезінде 10 жыл бойы ауырады. Офтальмологта консультацияда болды. Диагнозы алдыңғы увеит. Қарап тексергенде: бел лордозы тегістелген, бел аймағының бұлшық еттері жиырылуы, бел омыртқасы және сегізкөз аймағында белсенді қозғалыс шектелген. Симптом:Томайер,Кушелевский, Шобер 1,0см.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
* Реактивті артрит
* Жедел ревматикалық қызба
* Жүйелі қызыл жегі
* Жүйелі склеродермия
*+ Анкилоздаушы спондилоартрит
#27
*!Науқас А. 36 жаста. Кеуде омыртқасының қозғалысы шектелуіне және ауыру сезіміне, таңертең 2 сағатқа созылатын бел аймағындағы ауыру сезімі, жалпы әлсіздікке шағымданды. Анамнезінде 5 жыл ауырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық.Қалпы енжар. Дене бітімі нормостеник. Салмағы 45кг. Тері түсі қалыпты. Алақаны ылғалды, салқын. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған.Перифериялық ісік жоқ. Буындары деформацияланбаған. Кеуде омыртқасы аймағында қозғалысы айқын шектелген. Науқас қиындықпен терең дем алады. Симптомдар: Томайер - , Кушелевский -, Шобер 1см. ЭТЖ 30 мм/сағ.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
* Ревматоидты артрит
* Реактивті артрит
* Жедел ревматоидты қызба
*+Анкилоздаушы спондилоартрит
*Жүйелі қызыл жегі
#28
*! Әйел 26 жаста, қол саусақтарының ұсақ буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады, бетінің қызаруына, жүрек қағуына, әлсіздікке, арықтауға, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауыра бастады. Қарап тексергенде – фаланга аралық буындарды палпациялаған кезде ауру сезімі бар, бетінде «көбелек» және «декольте» аймағында гиперемия. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Жалпы қан анализі – эритроциттер – 3,8 × 1012 /л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ– 48 мм/с.
Қандай диагноз сәйкес келеді?
* Жүйелі склеродермия
* Дерматомиозит
* Түйінді периартериит
*+ Жүйелі қызыл жегі
* Ревматикалық емес миокардит
#29
*!36 жастағы әйел, көптеген жылдар бойы суыққа төзімділіктің нашарлығын, саусақтардың ұштарының ағаруы және көгеруін байқаған. Соңғы жылдар ішінде қол мен аяқтардағы депигментациялық ошақтарды байқаған, аузын ашу қиынға соқты. Қарау кезінде: теріде депигментация ошақтары, атрофия, тығыздану көрінеді. Жалпы қан анализінде - эритроциттер – 3,5×109/л, ЭТЖ-36 мм/сағ.
Қандай диагноз ең ықтимал?
* Дерматомиозит
*+ жүйелік склеродермия
*түйінді периартериит
*жүйелі қызыл жегі
*ревматикалық емес миокардит
#30
*! Ер адам, 44 жаста. Автобус жүргізушісі. Ревматолог қабылдауында білезік буындарының ауыру сезімі және ісінуіне, фотосенсибилизацияға, жүрек тұсының ауыру сезіміне, бас сақинасы типті бас ауыру, дене қызуы 38С-қа дейін көтерілуіне, шаштың түсуіне, афтозды стоматитке шағымданды. Қарап тексергенде: жақтарында- эритематозды дерматит, бетінің , аяқтарының ісінуі, жүрек тоны бәсеңдеген, жүрек ұшында систолалық шу. Жалпы қан анализінде:эритроцит- 3,0×1012/л, ЭТЖ – 50 мм/сағ, тәуліктік протеинурия – 4,0 г., креатинин – 160 мкмоль/л.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
* Жүйелі склеродермия
* Дерматомиозит
* Ревматоидты артрит
* +Жүйелі қызыл жегі
* Жедел гломерулонефрит
#31
*!Әйел адам, 27 жаста, кәрі жілік-білезік буынының ауырсынуы, ісінуі, қозғалысының шектелуіне шағымданды, бел аймағының ауырсыну сезіміне, қатты таңдайда ауырсынусыз жаралар, жүдеу,шаштың түсуі, субфебрильді температураға шағымданды. Қарап тексергенде: лимфоаденопатия, алопеция, хейлит, кардит, бетте «көбелек». Антинуклеарлы антидене оң, нативты ДНҚ-ға антидене оң. ЭТЖ-35мм/сағ.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:
* Ревматоидты артрит
* Жүйелі склеродермия
* Ревматикалыққызба
*+Жүйелі қызыл жегі
*Түйінді периартериит
#32
*! Науқас Р. 30 жаста.Ревматолог қабылдауында беті, декольте аймағында эритематозды бөртпе, білезік, тізе буындарының ауыру сезімі және ісінуіне, қозғалысының шектелуіне, шаштың түсуіне, жүрек соғысының жиілеуіне, субфебрильді температураға шағымданды. Қарап тексергенде: бетте эритематозды бөртпе, лимфоаденопатия, алопеция, кардит. ЖҚА: ЭТЖ-40мм/сағ. СРБ оң. Антинуклеарлы антидене, ДНҚ-ға нативті антидене титрі жоғары.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
*+Жүйелі қызыл жегі
* Ревматоидты артрит
* Түйінді периартериит
* Жүйелі склеродермия
* Идиопатикалық дерматомиозит
#33
*! Әйел 26 жаста, қол саусақтарының ұсақ буындарының ауыруына және ісінуіне шағымданады, бетінің қызаруына, жүрек қағуына, әлсіздікке, арықтауға, ауыз қуысында жаралардың пайда болуына шағымданады. Босанғаннан кейін 3 айдан соң ауыра бастады. Қарап тексергенде – фаланга аралық буындарды палпациялаған кезде ауру сезімі бар, бетінде «көбелек» және «декольте» аймағында гиперемия. Жүрек тондары тұйықталған, жүректің соғу жиілігі минутына 150 рет. Жалпы қан анализі – эритроциттер – 3,8 × 1012 /л, түсті көрсеткіш – 0,86, лейкоциттер – 2,1 × 109 /л, ЭТЖ– 48 мм/с.
Қандай диагноз сәйкес келеді?
* Жүйелі склеродермия
* Дерматомиозит
* Түйінді периартериит
*+ Жүйелі қызыл жегі
* Ревматикалық емес миокардит
#34
*!Әйел К., 40 жаста, саусақ буынының, табанның ауру сезіміне, тоңғыштығына олардың суықта жансыздану сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: бетінде «жұлдыз» тәріздес қантамырлық тор. Саусақтары бүгу контрактурасында, аяқ және қол саусақтарында жаралар. Рейно синдромы. Өкпесінде везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде сырылдар бар. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шуыл естіледі, дұрыс ритмді. Жүректің соғу жиілігі – 80 рет минутына. Артериалды қан қысымы – 150/90 мм.с.б.б. Қанда: эритроциттер -4,5×1012/л, гемог-110 г/л, лейк- 5× 109/л. ЭТЖ – 18 мм/сағ.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз қандай?
* Жүйелі қызыл жегі
* Ревматоидты артрит
* Түйінді периартерит
*+Жүйелі склеродермия
* Ревматикалық қызба
#35
*! 45 жастағы әйелде саусақтарының некрозданған өзгерістеріне дейінгі Рейно синдромы байқалады, жұтынудың бұзылуы, өкпелік гипертензия, қол саусақтарын жұмудың қиындауы, саусақ аймағындағы терінің қалыңдауы, саусақ фалангаларының лизистенуінің нәтижесінде қысқаруы.
ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозды көрсет:
* Жүйелі қызыл жегі
* Ревматоидты артрит
* Түйінді периартериит
*+Жүйелі склеродермия
* Ревматикалық қызба
Достарыңызбен бөлісу: |