сыныптар жаңартылған білім мазмұнына көшті.
Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепте білім алушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.
Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім
алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру
құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген
тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған
тапсырмалар т.б.) болып табылады.
Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім
алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты
тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына
қосылды.
Достарыңызбен бөлісу: |