№ 1. Курстың мақсаты, міндеттері, пәні және оның басқа оқу пәндерімен
байланысы. Оқу процесін ұйымдастыруда қолданылатын педагогикалық тәсілдер,
әдістемелер, технологиялар (2 сағ)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім
сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне
қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей
қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз
ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан
Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани
және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген іргелі
реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі мен
іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:
- командадағы жұмыс дағдылары;
- көшбасшылық қасиет;
- бастамашылық;
- IT-құзыреттілік;
- қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім
беру саясаты комитеті «Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030» атты жаңа
жобаны іске асыруды бастады.
ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп
отырғанын, барынша тартысты және осал болып келетінін негізге алады.
XVII (он жетінші) ғасырдағы адамның бүкіл өмірі бойындағы алған ақпаратты
қазіргі заманғы адам 1 айда ғана алады және өңдейді. Әлемде ақпарат әрбір екі жыл сайын
екі еселенеді, бұл оны қарапайым жаттаудың мүмкін еместігін және пайдасыз екендігін
көрсетеді.
Мұндай жағдайларда білім алушыны өмір сүруге дайындау үшін академиялық
білім, функционалдық дағдылар, жеке тұлғалық қарым-қатынастар мен құзыреттіліктер
жеткіліксіз. Мүлдем жаңа сапа – метабілімділік, метақұзыреттілік қажет.
Озық экономика білім беру мақсаттарын «білетін адамнан» «шығармашылықпен
ойлайтын, әрекет ететін, өзін-өзі дамытатын адамға» ауыстыруды талап етеді.
Сондықтан XX ғасырдың 80-ші жылдары әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттері
білімді орталыққа дәлдеуден - практикалық-бағдарланған білім беруге бет алды.
Экономикалық
ынтымақтастық
және
даму
ұйымының
(ЭЫДҰ)
2014 жылы өткізген Қазақстандағы орта білім беруге жасаған шолуында академиялық
пәндер теорияға назар аудара отырып оқытылады, олардың практикада қосымша
қолданылуына жеткілікті көңіл бөлінбейді, осының салдарынан білім алушылар жеткілікті
дәрежеде алған білімдерін стандартты емес жағдайларда тиімді қолдануға және
пайдалануға қабілетті емес деген қорытынды жасалған.
Жалпы алғанда, біздің мектептің білім алушылары пәндік сапалы, нақты айтсақ,
дәйекті білім алады, бірақ оларды өмірлік жағдаяттарда қолдану дағдылары жоқ.
Дәстүрлі оқыту қазақстандық мектепте білім алушылардың академиялық
білімдерінің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етеді, бірақ сол білімді өз бетімен алуды,
талдауды және оларды тиімді пайдалана білу үшін дайындаймайды.
Отандық білім беруде дәстүрлі оқыту жүйесінен ауысу әрекеті бірнеше рет
болғаны рас, бірақ жекелеген фрагментті өзгерістерді енгізу кезінде ол ескі білім беру
мазмұнына сәйкестендірілді. Бұл оқу процесінің шамадан тыс болуына және дайын
ақпараттың үлкен көлемде берілуіне алып келді. Әлі күнге дейін білім алушы білімді
енжар «алушы» болып қалып отыр.
Қазіргі таңда Қазақстан мектептерінде білім берудің жаңа бастау алу сатысында.
Қазіргі уақытта инфрақұрылымдық дамыту мен жаңартылған мазмұнға 5,6,7,8 -