Тақырыбы: Қ.Мұхамбетқалиұлы «Тар кезең» романы Мақсаты: 9.2.2.1 автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөліне талдау жасау;
Қажығали Мұханбетқалиұлы өмірі мен шығармашылығы
Жазушыға 2002 жылы Байғанин ауданның құрметті азаматы атағы берілді. 2003 жылы «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.
«Дала әуендеріндегі», «Қарымта», «Қаңтардың қара суық түні», «Бір машина шөп» әңгімелері бар.
«Тар кезең» тарихи романы 2012 жылы жарық көрді
«Мінез», «Ескі достар» атты прозалық шығармасы
1942 жылы 8 желтоқсанда Байғанин ауданы, Қызылбұлақ ауылында дүниеге келген.
Жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1965 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін үздік бітірді. Ақтөбе облыстық телевизия және радио комитетінде редактор, облыстық «Коммунизм жолы» газетінде әдеби қызметкер болды. Алматыдағы «Қазақстан» баспасында аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, «Қазақ pәдебиеті» газетінде жауапты хатшы, «Жаңа фильм» журналында бас редактор қызметтерін атқарды.
Әдеби-теориялық ұғым
Роман — күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Романда өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. Романда лирика мен драма жанрларының сипаттары да кірігіп отырады, әңгіме мен повеске қарағанда онда түрлі оқиғалар жүйесі, сюжеттік желі, қаһармандар қатары кеңірек қамтылады. Роман адамдар тағдырын, замана шындығын суреттеу арқылы дәуір мен қоғамды, салт пен сананы бейнелейді.
«Тар кезең» романы
ХVІІ ғасырдың соңындағы Еділ мен Жайық өзендерінің айналасындағы шұрайлы жайылым жерлерінен айрылу қазақтардың наразылығын туғыза бастады. Бұл патшалық Ресейдің қазақтарды отарлауының бір әдісі еді. Міне сондай кезде орыстың отарлық саясатына ең алғаш болып қарсы шыққан батыр, би әрі шешен Сырым Датұлы болды. Сырым бастаған көтерілісте 7 мыңға жуық әскер болғандығы айтылады. Осы көтеріліс Сырым Датұлыны басты кейіпкер етіп алған Қажығали Мұханбетқалиұлының "Тар кезең" романында кеңінен баяндалады. Жиырма жылға жуық тақырыпты зерттеген автор 2012 жылы аталған романды кітап етіп шығарады. Қажығали Мұханбетқалиұлының еңбегі зая кетпей 2014 жылы роман Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты атанды. Романға автор Қ. Мырза Әлидің: “Бұл жерде ел ұрандасқан, айқайласқан, Бұл жерге жау аяғын байқай басқан! Ерліктің етегінен ұстап тұрып, Еркіндік сонда алғаш тәй-тәй басқан” деген өлең жолдарын эпиграф ретінде алуы тарихи романның елдік, ұлттық мүдде тұрғысынан өткен тарихқа жаңаша көзқарас, пайым парасат тұрғысынан келген елдік, патриоттық бағыт-бағадарын бірден аңғартады. Эпиграф оқырманға романдағы кешегі өткен тар кезең, алмағайып замандағы елім деп еміренген ерлердің рухынан хабар бергендей әсер қалдырады. Сырым батыр жасы ұлғайған кезінде отарлаушылардың озбыр саясатына қарсы шығып, жерінен айырылып, жайылымсыз қалған, патша әкімшілігінің езіп-жаншуынан, тонауынан әбден титықтап біткен халқының наразылығына үн қосып, қарулы күреске шығады.
1-тапсырма.Романды оқып, мына кестені толтыр.
Бізге не белгілі?Біз не білеміз?
Бізге не білу қажет?
Біз мұны қалай анықтаймыз?
Жалпы романға қатысты
«Тар кезең» –халық тағдыры таразыға түскен қиын кезеңнің оқиғаларын сипаттайтын шығарма.
Автор ұстанымын, шығарма идеясын, кейіпкер бейнесінің рөліне талдау жасап, өз көзқарасыңмен баға бер.
Тарихи деректерге, шығарма мәтініне сүйене отырып анықтай аламыз.
Дескриптор Білім алушы -романды түсініп оқиды; -шығарма идеясын анықтайды; -автор бейнесін талдап, өз көзқарасын білдіреді. Кері байланыс «ҚҚҚ» әдісі