Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Ана өмірдің шуағы» 4 «В» сынып



бет6/13
Дата28.06.2023
өлшемі66,33 Kb.
#103620
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Ана омирдин шуагы

«Құстар – біздің досымыз»
4 «В» сынып
Жумашова Ш. А

2022-2023 оқу жылы


Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз
Мақсаты: Оқушыларды табиғаттың бір бөлшегі бақшамыздың сәні құстар өмірімен тіршілігімен таныстыру. Табиғатты ұқыпты пайдалануға оны қорғауға, аялауға, сүюге, жер байлығын үнемдеуге тәрбиелеу. Құстарды қорғап, оларды қамқорлыққа алуға шақыру. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Оқушылардың танымдық белсенділігі арттыру.
Көрнекі құралы: интерактивті жақта, слайдтар, құстар суреті, қанатты сөздер мен ырым - тыйымдар, ертегі желісі бойынша қажетті заттар.

Жүру барысы:
1 Кіріспе сөз
2 Экология туралы қысқаша түсінік
3 Табиғат туралы түсінік беру
4 Құстар туралы мағлұматтар беру
5 Ағаштың пайдасы
6 Құстар әуенін тыңдау
7 Шаттық шеңбері
8 Тақпақтар айту
9 Мақал - мәтелдер
10 Халық болжамы. Табиғат сырын құстар да біледі
11 Иә - жоқ ойыны
12 Құстарға қамқорлық
13 Қорытындылау

1 - слайд. Экология — өмірдің соғып тұрған жүрегі
Мұғалім сөзі: Құрметті ата - аналар ұстаздар Қош келдіңіздер Мектебімізде Экология - өмірдің соғып тұрған жүрегі атты апталық өтіп жатыр. Соған 1 в сынып оқушылары да атсалысқалы тұр
2 - слайд. Адам мен табиғатың тілдескені - өмірдің үндескені. Экология туралы түсінік беру.
3 - слайд. Экология ғылымы нені зерттейді?

4 - слайд. Құстар біздің досымыз
Балалар, біз бүгін табиғаттың бір бөлігі, табиғаттың көркі, сәні, бақшаның әні болған - құстар тақырыбына тоқталайын деп тұрмыз.
Жер бетінде құстардың 8600 - ге жуық түрі бар екен.
Ал, Қазақстанда 480 түрі бар екен. Құстар - адамдардың достары. Құстар көркімен де әсем әуенімен де сымбатты. Олардың көпшілігі жәндіктерді, кеміргіштерді, бау - бақша, орман - тоғай, дала зиянкестерін жеп, адамзатқа пайда келтіреді. Достарымызға арналған Құстар біздің досымыз атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

6 - слайд. Ой қозғау. Ағаштың пайдасы. Суреттен нелерді көріп тұрмыз? Ағаштың қандай пайдасы бар?
7 - слайд. Құстардың пайдасы. Ендеше ағаштардың жақсы өсуі үшін құстардың көп пайдасы бар екен?
Қане, кім айтады, қандай пайдасы бар?
8 - слайд. Құстар әуенін тыңдау(құстар ән салады)
9 - слайд. Шаттық шеңбері
Балалар, енді ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық.

10 - слайд Табиғатпен біргеміз
Хормен: Армысың, алтын күн?
Көгілдір көк аспан
Бармысың құстарым?
Қанатты достарым

11 - слайд. Құстар - табиғаттың бір бөлшегі.
Тақпақтар. Құстарға сөз берейік
1- оқушы
Құстар - біздің досымыз,
Құс ұясын бұзбайық
Ей, балалар, балалар,
Аман болсын, аналар,
2 - оқушы
Жұмыртқасын алмаймыз,
Обалына қалмаймыз.
Тақия тұзақ салмайық
Қарғысына қалмайық.

3 - оқушы
Әдейі көздеп атпайық,
Көп күнәға батпайық.
Құстарда да ана бар
Құстарда да бала бар

4 - оқушы
Тырнақтай құстың жауы көп
Құрулы ажал, ауы көп.
Балалық қып қызбайық,
Құс ұясын бұзбайық.

5 - оқушы
Сәлем, достар, аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Ән саламын құс үнімен,
Сәнденемін қыр гүлімен
Ал, құрметті халайық
Құстарды қарсы алайық?
Музыка әуенімен құстар ортаға шығады.
6 - торғай
Мен торғаймын, торғаймын,
Жерге бекер қонбаймын.
Шегіртке мен шіркейден
Ақ бидайды қорғаймын.
7 - кептер
Кептер деген мына құс
Қйын кезде досымыз
Әрлі берлі хат тасып
Ұшқан талай асығып.

8 - қарлығаш
Түсі қара мақпалдай,
Төсіне ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды.
Көктен жұлдыз аққандай.
Ойды кезіп, қырды асып,
Қарлығаштар зырлайды.
9 - тоқылдақ
Орманда жоғары,
Ағашқа қонады.
Тұмсығын балға қып
Тоқ - тоқ, соғады.
Қараңдар ол міне,
Тоқылдақ болады

10 - тырна
Жылы жақтан бір хабар,
Әкелді тырналар
Тырау - тырау
Көктем мынау тырналар.
Қатар түзеп
Көкте жүзіп тырналар.

11 - аққу
Көлдің көркі еркесі
Қанаттары көрпесі
Бойын күтіп баптайды
Ешкім оны атпайды.
Көлдің аппақ кербезі
Аққу деген мен болам!




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет