Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп «Ана өмірдің шуағы» 4 «В» сынып


Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп



бет7/13
Дата28.06.2023
өлшемі66,33 Kb.
#103620
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Ана омирдин шуагы

Қ. Мырзалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп


«Ғасырдың дара перзенті»
4 «В» сынып
Жумашова Ш. А

2022-2023 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Ғасырдың дара перзенті»


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, бір туар тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Қонаев туралы түсініктерін кеңейту


Дамытушылық: Сөздік қорын дамыту, ой-қиялын, дүниетанымын кеңейту.


Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ел үшін еңбек еткен азаматтардың қадір-қасиетін біліп құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Суреттер, слайд, диск, кітаптар, т.б


Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, әңгімелеу


Мұғалім: Әр дәуірге лайықты кемеңгер адамдар өмір сүреді. Ал қазақ халқының тарихында болмысы бөлек, мінезінің байлығымен, терең білім, ақыл-парасатымен дараланған ұлы адам өмір сүрді. Ол- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев. Бабалар әруағына шынайы берілген, халқына сүйкімді, ұлтқа қадірлі, шыныдай мөлдір, аса білікті адам. Егемендікті алғанда халқының алдында балаша қуанып шығып, адал ойын білдірген «Ту жығылмасын, Туды ұстаған ұл жығылмасын»-деп тәңіріне сыйынып халықпен бірге қуанып, келешекке сенген. «Болашақ жастардікі, ақиқаттан аттауға болмайды»-деген ойын ашып айтты. «Таулар алыстаған сайын асқақтай береді »- деген сөз бар. Ел мен жұртына қадір-қасиетімен танылған адамдар да сондай Айлар алмасып, жылдар көшіп жылжыған сайын олардың даналығы мен даралығы ерекшелене түседі. Елі сағынады, халқы қадір-қасиетін, адамгершілі мен асыл бейнесін асқақтатады. Димаш ата аман блса-100 жасқа толар еді. Бұл күн бәріміздің биік парасат, асыл адамгершілік, азаматтың асқақтық пен халқына деген қамқорлықтың үлгісін таныта білген ұлы адамды сағына еске алатын күніміз Біздің Балқаш елі-Димаш атаның өз жұрты, атамекені.


Ән: «Бақанас жердің байтағы»


Жер жүзіне әйгілі болған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың тарихтың төрінен орын алатыны даусыз. «Қазағым», «елім» деп өмір сүрген тұлға Димекеңді халық қызмет етіп жүрген кезде де, дүниеден озғаннан кейін де сүйеді.


Көлден үлкен теңіз бар, елден үлкен неміз бар. Халық айтса, қалып айтпайды. Елдің еңсесін тіктеп, етек- жеңін жинауға еңбегі сіңген ұлын халық сүймегенде кім сүйсін?!


1-оқушы:

«Ерім» дейтін ел болмаса,


«Елім» дейтін ер қайдан болсын? ! Халықтың қалауына, ығына жығылған басшының басты мақсаты да осы болуы керек. Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев ел үшін қызмет етіп, аянбай тер төкті. Ол адалдықты, шындықты ту еткен, халық үшін қалтқысыз қызмет еткен перзент.


2-оқушы:
Алла тағаланың ғасырларда бір туатын адамы. Қонаев ең алдымен-адам. Адамнан адам болып туған- Адам, үлкен ғұлама.


Алланың құлы,
Адамның ұлы.
Халықтың піріне,
Кемеңгердің біріне айналған Қонаев атамыздың басқа басшылардан байқалмаған қайталанбас мінезі жайлы, сол кездегі бірге жүрген жолдастары: «өз басы салмақты, берекелі, біртоға, не істесе де ойланып істейтін, адамгершілік қасиеті мол, адамды тыңдай білетін» деп, сағына еске алады.

3-оқушы:
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық, ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған адам» деп жоғары бағалаған.


4-оқушы:
Алматы облысы және қаласы Димаш ата басқарған 11жыл ішінде адам танымастай өзгерді. Туған қаласыны Алматының ажарын кіргізіп тұрған «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлерін, Республика сарайын, Ресублика алаңын, Цирк, Неке сарайын, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайын, М.Әуезов атындағы драма театрын, Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын, «Арман», «Сарыарқа» кино-театрларын, Пушкин кітапханасын, баспа үйлерін, т.б мәдени ошақтарын халық игілі үшін бой көтерді. Қаланы көгалдандыру жұмысына баса назар аударды.


Ән: «Алаштың жігіттері»

І-жүргізуші:


Мұғалім:

Жесірге пана болды,

Жетімге жаға болды.


Дінін сүйген дара болды,


Елу жыл елген аға болды. Қасиетті Балқаш мекеннің гүлденіп-көркеюін, өсіп-өркендеуін осы ұлы адамның есімімен байланыстырамыз. Ол енді ақиқат. Осындай құрметке бөлеп кеткен Димаш атамызға біз мың да бір тағзым етіп, аруағы алдында бас июге тиіспіз. Халқының қадірін білген елі мен жерін сүйген, сол үшін ғұмыр сүрген адам халық жадында мәңгі қалады. Халық қадірлеп пір тұтқан Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі бізбен бірге мәңгі жасай бермек.


Оның асқақ рухына мың тағзым…


Ардақтылар қалар мәңгі Ел есінде,


Ғасырлар мұхитының белесінде.


Мәңгілік Димекең де бізбен бірге,


Мәңгілік «Қазақстан» кемесінде.


Егемендігіміз еңселі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет