​ «Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінің талданымына қысқаша



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата19.10.2022
өлшемі87,57 Kb.
#44180
1   2   3   4   5
Байланысты:
Әдістемелік нұсқаулық. Музыка.docx

 
 
 
ғажайып сəт (кейіпкердің аяқ асты пайда болуы), көркем сөз қолдану арқылы балаға жаңа
терминдерді (қимыл, шеңбер, секіру, ырғақ, би, айналу, аспап, жоғары, төмен) үйретуге
мүмкіндік береді.
Жаттығу. Əн тыңдауда жəне əн айтуда, тыныс алу мен дем шығару жаттығуларында,
 
қимылдарды​​жаттығуларды, музыкалық-ырғақтық қимылдарды, би элементтерін
 
меңгерту мақсатында қолданылады. 
Қимылды
жəне
дидактикалық
ойындар.

Сабақта
балалардың
танымдық
 
 
 
 
қызығушылығы мен қимыл-қозғалысын арттырып,
жаңа оқу материалының жеке
тəжірибесін жүзеге асыруға көмектеседі. 
Шығармашылық жұмыс. ​Балалардың өз күшіне, ептілігі мен қабілетіне сенімділігін
 
 
арттыру. 
Бейнематериалдар көру. ​Оқу материалы мен жаңа тақырыптың, қимыл мен жаттығудың
 
 
мазмұнын тереңірек ашуға мүмкіндік береді. 
Кейіпкерді сомдау. ​Музыкалық кейіпкерді сомдау (бауырсақ əндетеді, қоян секіреді,
 
 
қонжық маймаңдайды, торғай секеңдеп жүреді) мен əртүрлі дыбыстарды (су ағысы,
құстар əні, жел уілі, жаңбыр тамшысы) ажырату кезінде ​қолдануда балалар сол
 
кейіпкерлерге ұқсауға тырысу мен қызығушылық пайда болады. 
 «Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінің ерекшелігі. 
Басқа
сабақтармен
салыстырғанда
осы
оқу іс-əрекеті кезінде балалар үнемі
шығармашылық жəне қозғалыс үстінде болады. Бұл жастағы балалардың жаңа
материалды қабылдауы мен қимыл-қозғалысы баяу болғандықтан үйретілетін əндер,
қолданылатын ырғақтық қимыл жаттығулары да балалардың жас ерекшеліктеріне,
физиологиялық жəне психологиялық даму ерекшеліктеріне сай алынған.
Жалпы перспективті жоспар бойынша бөлінген сағат саны -54. Біз ұсынып отырған
əдістемелік талданым бойынша сағат саны -36. Бұлай қысқартылып алыну себебі, кейбір
тақырыптық əндер мен материалдар жəне музыкалық-ырғақтық қимылдар, билер,
дидактикалық ойындар, қимылды ойындарды балалар бұл шақта бірден меңгеріп кете
алмайды. Сондықтан бір аптаның екі сабағының тақырыбы біріктіріліп қайталанады
немесе екі тақырыптың біреуі күрделі болса, сол тақырып қайталанып, екінші тақырыпты
музыка жетекшісі мен педагогтің шығармашылығына сай, балаларға қызықты болу үшін
түрлендіріп алуға болады. 
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінде балалар музыкалық-ырғақтық қимыл
жаттығуларын үнемі педагогтің басшылығымен жəне көрсетуімен орындайды. Оқу
іс-əрекетіне міндетті түрде бір қимылды жəне бір музыкалық дидактикалық ойын түрі
алынады. Балалар қимылы баяу болғандықтан музыкалық-ырғақтық қимыл жаттығулары
топпен орындалады. Педагог немесе ата-ана бала музыкалық-ырғақтық жаттығуды
орындаған кезде қауіпсіздік ережесін естен шығармағаны дұрыс. Атап айтқанда, бір
орында тұрып, айналу, қолдарындағы заттарын сермеу, бірінің артынан бірі жүру, жеңіл
адым мен жеңіл секіру, қарапайым «галоп» элементтері, қоянша секіру. Үлкендердің


жаттығуларды алдымен өздері орындап көрсетуі тиіс, ол үшін педагог өз мамандығын
меңгерген білікті маман, ата-ана музыкалық-ырғақтық жаттығудың қалай орындалу
ережесімен арнайы жете таныс болуы керек. 
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекетінің құрылымы балабақшаның типтік
бағдарлама талаптарына сай жүйелі, бірізді жəне білімдік, дамытушылық, тəрбиелік
бағытта жүргізілуі шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет