Қаңтар
1. Қыс қызығы
2. Қардың пайдасы
3. Аңдардың
қысқы тіршілігі
4. Қыстайтын құстар
Ақпан
1. Мен жəне қоршаған орта
2. Алуан-алуан кəсіп бар, таңдай біл де кəсіп қыл
3. Техника жəне біз
4. Дені саудың –
жаны сау
Наурыз
1. Көктем жаршысы – құстар
2. Жылғалардан су ақты
3. Салт-дəстүрлер
мен фольклор
4. Өнер көзі – халықта
Сəуір
1. Ғарышқа саяхат
2. Жер-Ана
3. Көктемгі
ағаштар
4. Бір шаңырақ астында
Мамыр
1. Бейбітшілік қорғанында
2. Табиғаттың гүлденуі
3. Көктемгі
егістік
4. Жайдары жаз келді
Жоғарыда берілген бағдарламалық тақырыптар балалардың жас ерекшеліктеріне сай
алынған жəне сабақтың тақырыбы да сол тақырыптар мазмұнын қамтиды. Сонымен
қатар əдістемелік талданымда сабақ барысында берілген шағын тақпақтар мен көркем
сөздер тақырып мазмұнына сай жəне жеке шығармашылық бағытта алынған.
Əдістемелік талданымдағы тақырыптарға сай материалдарды музыка жетекшісі мен
педагог немесе ата-ана өз шығармашылығына жəне баланың жеке қызығушылығына
сай түрлендіріп алса да болады.
«Музыка» ұйымдастырылған оқу іс-əрекеті бойынша оқу жылының аяғында аяғында
балалар меңгереді:
-
таныс əндерді таниды жəне дыбыстардың жоғарылығын ажыратады;
-
əннің мағынасын түсінеді;
-
ересекпен бірге əн
айтуға ынта білдіреді;
-
музыкалық аспаптарды ажыратып, атай алады (сылдырмақ, барабан, домбыра);
-
музыкалық фразалардың жоғары жəне төмен дыбысталуын ажыратады;
-
ырғақты жəне əуеннің
жеке екпінін дұрыс жеткізіп, əннің сөзін есінде сақтайды;
-
музыка сипатына сəйкес қозғалады.