●
Науки о Земле
№4 2015 Вестник КазНТУ
88
still being built, reconstructed or even a developed building. The functional interactive three-dimensional
model allows you to display an object with any point of inspection from the outside of the building, and from
the inside. It is possible to view the floor repeater and cross sections of building and location diagrams of
communications, security systems, fire fighting, etc.. Three-dimensional model can also reflect the
characteristics of the interior layout and decoration. Thus, 3D-GIS allows us to represent the described object
in as close to real form in the most visible manner and with the necessary details.
REFERENCES
1. Nurpeisova Т.B., Kirgizbaeva D.М. Technology creation of dynamic maps // International Scientific and
Practical Conference «Stosowane naukowe opracowania-2010», Прага, 2010, p. 67-70.
2. Nurpeisova М.B., Kirgizbaeva D.М. Creation of multi-temporal maps of the Aral region // International
Scientific and Practical Conference « Innovative technologies for the collection and processing of spatial data for
natural resource management», Ust-Kamenogorsk, 2010.
3. Nurpeisova М.B., D.М. Kirgizbaeva Creation of three-dimensional models. International Satpaev readings
devoted to the 80 years anniversary of Kaz NTU . “The role and place of young scientists in providing of strategic
plan “«Kazakhstan-2050» v ІІ.P.409-412.
4. Kirgizbaeva D.М. Creation of three-dimensional models of objects.-М.: Mine Surveying and subsurface use,
№4, 2014.- P.55-57.
5. Nurpeisova М.B, Kirgizbaeva D.М. Laser survey of fracturing rocks and the creation of three-dimensional
models // International scientific-practical conference "Problems and innovative development of mining and
metallurgical industry» - Tashkent: Tashkent state technical university, 2014.-p.215-220.
6. Kirgizbaeva D.М. Modeling of structural properties of the array // Problems of development of mineral
resources in the 21st century through the eyes of young. 9
th
international scientific conference for young scientists.
Moscow, Institute of problems of complex development of subsoil. 2014.- p.72-74
Нурпеисова М.Б., Киргизбаева Д.М.
3D моделирование с применением ГИС
Аннотация. В статье приведены результаты работы по 3D моделированию на земных сооружений
городов Казахстана, выполненных на базе ArcGIS, с использованием как хранимых исходных данных, так и
новейших материалов наземного и воздушного сканирования. Избранные режимы лазерного сканирования
обеспечили высокий уровень точности представления объектов - в плановом и высотном положении.
Ключевые
слова:
топографические
карты,
лазерное
сканирование,
3D
моделирование,
геоинформационные системы.
М. Б. Нұрпейісова, Д. М. Киргизбаева
ГАЖ қолданумен 3D модельдеу
Андатпа. Мақалада Қазақстан қалалары ғимараттарының құрылыстарын 3D модельдеу нәтижелері
көрсетілген, ArcGIS бағдарламасының көмегімен өнделіп, жер беті және әуе сканерлеу нәтижелерін пайдалану
қарастырылған. Объектін пландық және биіктіктік жағдайларын жоғарғы деңгейлі дәлдікте лазерлік сканер
режимдері қамтамасыз етеді.
Негізгі сөздер: топографиялық карта, лазерлік сканер, 3D модельдеу, геоақпараттық жүйе.
ӘОЖ 911.3:379.85
Жакупов А.А., Мазбаев О. Б.
(Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы,
jakypov-alt@mail.ru
)
АЙМАҚТЫҚ ТУРИСТІК КЛАСТЕР ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ДАМУ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ
Аңдатпа. Туризм – мемлекет жарнамасы. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала
тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел
мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығы мен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік
шаңыраққа айналуына әбден мүмкін деген болжаммен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы,
археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем
жеріміздің түкпір-түкпірінде өзіне ғана тән гауһарларын табуға болады. Мәселен, Павлодар өңірі құнды мәдени
●
Жер туралы ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №4 2015
89
әлеуетке ие, көптеген тарихи және архитекторлық ескерткіштері бар өңір болып табылады.
Бұл мақалада
аймақтық туристік кластердің негізгі тенденциялары мен мәселелері анықтауға бағытталған.
Негізгі сөздер: туризм, кластер, аймақтық туристік кластер, әлеует, табиғи-туристік әлеует.
Аймақтағы демалатын жерлер әлеуеті – табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық
компоненттерді қамтитын күрделі құрылым.
«Әлеует» ұғымы іс жүзінде бар және белгілі мақсатқа жету үшін пайдаланыла алатын барлық
мүмкіншіліктер, құралдар, қорлар, дерек көздер жиынтығы болып табылады [1].
Аймақтағы демалатын жерлер әлеуетін зерттеу мәселелерімен ғылымның әр түрлі
бағыттарының өкілдері (географтар, экологтар, экономистер, дәрігерлер, т.б.) айналысады, олар
зерттелетін құбылыстың аталуына да, оның құрылымына да өздерінің көзқарастарын білдіреді. Біз
келесі географтардың түсініктемелеріне негізделдік: Ю.А.Веденин, Н.С. Мироненко, В.С.
Преображенский, т.б. Олар демалатын жерлер әлеуеті - белгілі аймақта демалыс қызметін
ұйымдастыру алғышарттарының жиынтығы деп біледі. Оны құрастыратын барлық компоненттерді
ескере отыра кешенді түрде зерттеу қажет, ол нысанның өзектілігі мен келешегі тұрғысынан
зерттеуге мүмкіндік береді [2].
Демалатын жерлер әлеуетін құрылымын құрастыратын бастапқы элементтер ретінде біз табиғи,
тарихи-мәдени және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы компоненттерді алдық. Сонымен қатар,
демалатын жерлер әлеуетінің көрсеткіштері келесідей: климат ресурстары, минералды су, көлдер мен
өзен қорлары, жидектер, саңырауқұлақтар қорының көлемі, кәсіптік жануарлардың түрлері. Тарихи-
мәдени әлеует қоғам дамуының әр кезеңіндегі оның құндылықтар жиынтығын қамтитын нысандардан
тұрады. Аймақтағы демалатын жерлер әлеуетінің әлеуметтік құрастырушысының ерекшелігі демалыс
қызметін неғұрлым тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тұрғындардың ерекшелігін (саны, жас
мөлшері, ұлты, діні, т.б.) анықтаумен айқындалады. Аймақтың инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі де
демалатын жерлер әлеуетінің маңызды компоненті болып табылады [3].
Демалатын жерлер әлеуетінің көп құрылымды құрылысын кешенді географиялық зерттеулер
негізінде тануға болады, олар оның шынайы мүмкіншіліктерін анықтап, тиімді пайдалану жолдарын
жоспарлауға мүмкіндік береді.
Павлодар обласы Қазақстан Республикасының солтүстік шығысында, дала және жартылай
шөлді зонада орналасқан облыстың бірі болып табылады. Облыс территориясында оңтүстіктен
солтүстікке қарай кеме жүзетін Ертіс өзені, шығыстан батысқа қарай Оңтүстік – Сібір теміржол
желісі өтеді. Облыс солтүстігінде Омбы облысымен, солтүстік шығысында Новосібірмен,
шығысында Алтай және Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде шығыс Қазақстан және Қарағанды
облысымен, батысында – Ақмола және шығыс Қазақстан облыстарымен шектеседі. Облыс
территориясының алып жатқан жері 124,8 мың.км
2
құрайды.
Павлодар облысы және тамаша жерлерінің бірі Баянауыл, туристік-рекреациялық зонасы,
ТМД туристер арасында аса танымал жерлердің бірі болып саналады. Туристік аймақ ретіндегі
территория тарихымен дамуы, жалпы географиялық зерттеулермен байланысты.
Облыс орталығы – Павлодар қаласы, Республиканың көне және әдемі қалалардың бірі болып
саналады. Қазақстанның ең ірі өзендерінің бірі – Ертіс өзен жағалауында орналасқан.
Павлодарлықтар отанының тарихи және мәдени ескерткіштеріне аса жоғары құрметпен қарайды.
Қала мәдени дәстүрлерге тарихқа бай [4].
Туристік әлеуетін сәйкестендіру жүргізсек. Кластер шекарасын анықтап алғаннан кейін,
кластердің туристік әлеуетін сәйкестендіру қажет. Қолда бар туристік ресурстарға талдау жүргізуге,
(табиғи-климатты, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-тарихи), даму әлеуетін анықтап, оны ұқсас
аймақтармен салыстыру қажет. Кластерлерді әлеует көзқарасынан бағалағанда дамудың көпсалалы
векторынан алшақтап, көп атқарымдық қызмет жағына ығысу қажет. Павлодар облысының туристік
ресурстардың сапа мазмұнын бағалаудың негізінде, олардың бірегейлігі, қасиеттері, үйлесу
мүмкіндіктері туралы қорытындыға келуге болады [5].
Туристік кластердің дамуы туризмнің үш түріне негізделген, олар бар әлеуетін максималды
және кешенді түрде қолдануға мүмкіндік береді. Туризмнің дамуына едәуір маңызы барлары – оның
мамандануы болып табылады. Аймақтың бірегей ресурстардың туристік әлеуетін пайдалануға
жатқызуға болады, олар: табиғи - Баянауыл МҰТС, археологиялық - Қаз қайтуы, Ертіс өзені және
емдік-сауықтыру туризмі. Туристік кластерді дамытуға әлеуеті бар табиғи ресурстарға талдама
жасасақ.
●
Науки о Земле
№4 2015 Вестник КазНТУ
90
Баянауыл Ұлттық табиғи саябағының 1985 жылы негізі қаланды. Саябақтың ауданы – 68453 га,
оның 18076 гектарын орман жамылғысы бар аудан алады. 3 филиалға бөлінген: Баянауыл – 19028 га,
Жасыбай – 22094, Далба – 8596 га. Саябақтың негізгі орфографиялық элементі, ол аласа тауар және
тау аралық аңғарлармен кезектесіп келетін, көптеген ашық қалған жартасты айқын елесті
көріністерімен көзге түсетін ұсақ шоқылар болып табылады. Кейбір бөлек тау жоталары және кесек
тасты үстіртті жерлер орташа тауларға жатады (Баянауыл таулары -1027 м, Алабас таулары – 700 м).
Ұсақ шоқылар – қатарлардан, төбелерден және абсолюттік биіктігі – 350 – 500 метрге жететін
шоқылардан тұрады. Жалпы алғанда аймақтың бедері тар ойпаттардың, шатқалдардың және
жыралардың қалың торабымен бөлшектелген. Ұлттық саябақ Қазақтың ұсақ шоқысын көтеру
аймағында орналасқан, және де өзінің микроклиматты жағдайымен өзін қоршаған жазықты
кеңістіктен ерекшеленеді. Баянауыл – туристердің сүйікті демалыс орыны, өзінің бірегей табиғи
ландшафтымен тартымды: тау бөктерлері, мөлдір таза көлдер, жайқалған алқаптар тыныштық пен
үндестік кейпі, сонымен қатар өзінде тарихи маңыздылық пен мәдени құндылықтарды сақтаған.
Саябақ аумағында табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық
нысандары бар. Олар ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылықтарды және ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар болып табылады. Республикалық маңызы бар нысандарға келесілер
жатады: Драверта үңгірі, Кувшин үңгірі, Әулие үңгірі, Қоңырәулие үңгірі, Әулиебұлақ қайнары,
Тілеубұлақ қайнары, Тас креметтері шатқалы, Рахай шатқалы, Үшсала шатқалы [6].
«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты. Ол республикамыздың солтүстік-шығыс
бөлігінде даланың құрғақ бетегелі-селеулі зонасында күңгірт-сарғылт топырақта орналасқан.
Аймақтың климаты шұғыл континентті. Таспалы ормандар құм топырақтарда бой көтеріп жатыр.
Өсімдік жамылғысында бетегелі-селеулі басым болып келеді: иоанна селеуі, бетеге, жіңішкеаяқ,
жатаған шалғын, дала жусаны және тағы басқалар. Таспалы ормандардың жануарлар әлемі
айтарлықтай алуантүрлі. Онда сүтқоректілердің 40 түріне дейін, құстардың 200 түрі тіршілік етеді.
Ормандарда бұландар, еліктер, түлкілер, қарсақтар, ақ қояндар, ор қояндар, дала суырлары, қасқыр,
сілеусін, тиын, сасықкүзен, қосаяқтар тіршілік етеді. Құстардан шымшықтектес, қатпарлы
тұмсықтылар, жыртқыш, тауықтектес, тырнаткетес, бозторғайлар жасағылар ұсынылған. Қазақстан
Республикасының қызыл кітабына енген құстар ерекше қорғалады: қара көкұтан, қиқылдақ аққу, қара
тұрпан (үйрек), құғақ тұмсық, балықшы, бүркіт, ителгі, бізтұмсықты кроншнеп.
Қызылтау мемлекеттік зоологиялық қорықшасы – Баянауыл ауданының оңтүстік – батысында,
Сарыарқаның солтүстік – шығысында орналасқан. Жалпы ауданы - 60 000 га. «Ертіс өзені аңғары»
мемлекеттік табиғи қорықшасы – солтүстік жағалауында 1 ден 10-12 км-ге дейін, оңтүстік
жағалауында 4-тен 6 км жерді алып жатыр. Ертіс өзенінің аңғары Павлодар облысында Батыс Сібір
жазығының оңтүстік бөлігінде. Жазықты оңтүстік жағалауында Объ-Ертіс өзенаралығы (Құлынды
даласы), ал солтүстік жағалауын – Ертіс маңайы даласы бөліп жатыр. Ертіс өзенінің алқабы өзіне тән
жоғары жер асты суы және тасқынды ылғалдануы бар бірегей табиғат жаратылысы. Ертіс өзені
алөқабының климаттық жағдайы нақты бір аймақпен салыстырғанда, 500 км созылып жатқан орман
алқабының болғандығынан, сәл жұмсағырақ, бұл оның өсімдікке байлығының бірден-бір себебі.
«Ертіс жайылмасы» мемлекеттік табиғи резерватын құру бойынша техникалық-экономикалық
негіздемесін жетілдіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін, оны туристік нысан мүддесінде пайдалану
ұсынылады.
«Қаз қайтуы» табиғи ескерткіші Павлодар облысы, Ертіс өзенінің оң жағалауында, Павлодар
қаласының солтүстік шетінде орналасқан. Ол дүниежүзіндегі неогенді жануарларды көму жері болып
табылады, яғни сол уақыттағы жойылып кеткен жануарлардың көмілген жерін сол уақытта
зерттеулерді салыстыру жүргізетін эталонды ескерткіш ретінде қабылданады. Қазіргі таңда
ескерткіштің орнына саябақ кешенін құру мәселесі бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр (ашық
аспан астындағы мұражай), қазу жұмыстары кешенін жасай отырып, ол жерде кез-келген адам ежелгі
жануарлардың сүйектерінін қазып алу процесін бақылай алады, сонымен қатар сол кезеңде тіршілік
еткен негізгі жануарлардың мүсіндерінің көшірмесін салатын мүсіндер галереясын бақылауға
мүмкіндігі бар [7].
Су ресурстары. Аймақта су ресурстарының қоры мол. Облыс территориясымен 140-тан астам
өзен ағып өтеді. Жалғыз ғана ірі өзен – Ертіс оңтүстік-шығыстан солтүстік – батысқа, 500 км бойы
ағып өтеді және ескі арна арқылы өтетін тармағы және аралдары бар. Ұсақ шоқтықта Түндік, Ащысу,
Шідерті, Өлеңті және т.б. Ертіске жетпейтін және ағынсыз көлдерде аяқталатын өзендер бастау
●
Жер туралы ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №4 2015
91
алады. Ертіс өзенінен бірнеше бөгеттер мен су қоймалары тұрғызылған, Ертіс-Қарағанды каналы
созылған. Облыс аумағында көптеген көлдер, ең бастысы – тұзды көлдер көп: Селетітеңіз, Қызылқақ,
Жалаулы, Шүрексор, Қарасор, Жамантұз, Қалқаман және тағы басқалар – солтүстік жағалауда;
Маралды, Мойылды, Үлкен Әжбұлат және тағы басқалар – оңтүстік жағалауда.
Павлодар облысында 1200 үлкен және кіші көлдер бар. Жүзге жуығы тұщы, ал қалғандары
ащы. Облыс территориясында суасты суларының, эксплуатациялық қоры тәулігіне 3,8 миллион
текше метр он бір кен орны бар. Олардың барлығы ауыз суға және суаруға жарайды.
Облыс аумағы бойынша су ресурстарының таралуы біркелкі емес. Жер беті су ресурстаның ең
ірі су көздері ретінде
Астана, Қарағанды, Теміртау қалаларының өнеркәсіптік және
ауылшаруашылық мекемелерін сумен қамтамасыз етуде кең ауқымда пайдаланылып келген,
көпжылдық орта шығыны 800-900 м3 /сек Ертіс өзені және өнімділігі 75 м3 /сек болатын Ертіс-
Қарағанда каналы саналады.
Жалпы Павлодар облысы ағын су түрлеріне тапшы. Бірден-бір су күре жолы, облыс аумағын
оңтүстік және оңтүстік-шығысынан солтүстік және солтүстік бастысына қарай кесіп өтетін 500 км
созылып жатқан, Ертіс өзені болып табылады. Ертіс өзені аралас су көзімен толықтырылатын өзендер
қатарына жатады: жоғарғы бөлігінде қарлы-таулы және мұздықтар басым, орта бөлігінде –
атмосфералық және жер асты сулары басым болып келеді. Осыған байланысты өзеннің сумен
толықтырылуы негізінде Алтай тауы жазығында және тау етегіндегі қардың еруіне, сонымен қатар
таудағы мұздықтардың еруі мен жауынның жауу қарқынымен анықталады.
Облыс аумағы көл молшылығымен сипатталады. Көлемі, тереңдігі, тұз құрамы, және пайда
болуына қарай олар әртүрлі болып келеді. Облыс аумағында орналасқан көлдердің көпшілігі тұйық
ағынсыз шұңқырларды орналасқан. Көптеген көлер ертедегі су ағынының жылғасында орналасқан.
Облыс аумағындағы көл шұңқырларының көлемі кең шеңберде өзгереді: ауданы 10-20 га су
қоймасынан ауданы 100-200 ш.км асатын өте үлкен көлдерге дейін (Қызылқақ - 170 ш.км , Үлкен
Қалқаман - 25 ш.км, Үлкен Абжұлат- 110 ш.км).
Көл тереңдігі, әдетте, болмашы және сирек жағдайда 1-1,5 м-ге жетеді. Көп жағдайда олардың
тереңдігі 40-50 см-ді құрайды. Көптеген көлдер жаз мезгілінде кеуіп қалады, және сор және сортаң
жерлерге айналады. Көп жағдайда, бұлар шағын көлдер, олар тек қана еріген сулармен қоректенеді.
Атмосфералық және жерасты суларымен қоректенетін, ауданы анағұрлым үлкен және терең ойылып
орналасқан көлдер ұзақ мерзім бойы жер бетінде ащы суды сақтап тұрады.
Облыс көлдерінің орасан көпшілігі тұзды. Егер облыс көлдерін 1 ш.км көл айнасына енгізетін
болсақ, онда олардың саны 438 жетеді, олардың ішінде 337-сі тұзды көлдер. Тұз құрамына қарай
гидрокарбонатты (Жалтыр, Айдакөл, Жасыбай және т.б.), хлоридті (көлдердің басым көпшілігі) және
сульфатты (Балқазы, Мұялы, Маралды және т.б.) көлдер кездеседі. Жылдың ылғалдығына
байланысты көлдердің тұздалуы қатты өзгереді.
Тұщы көлдер негізінде облыстың солтүстігінде таралған, сонымен қатар Ертіс аңғарында.
Облыстың орталық және оңтүстік бөліктерінде олар бірлі-жарым. Баянауыл тауы аймағында аса
маңызды тұщы көлдер (Жасыбай, Сабындыкөл, Торайғыр) терең тектоникалық шұңқырларда
орналасқан
[8].
Павлодар қаласында 67 тарихи мәдени ескерткіштер бар. Оның ішінде: тарихи ескерткіштер –
10; бағалы көркемөнер ескерткіштері – 5; архитектуралар – 54.
- Қала салушы ескерткіштер – 1.
Өлкенің мәдени туризмінің қомақты бөлігін мұражайлар алады. Көп елдерде мұражайлар
туристер ағымын қалыптастыруда орасан зор рөл атқарады (Луврға барудың арнайы бағдарламасы,
Британия ұлттық мұражайы, Уффици, Эрмитаж, И.В.Савицкий атындағы Нүкіс бейнелеу өнері
мұражайы). Соңғы мұражайдың жұмысы, авангард өнерімен шабыттанатын корольдар мен
ханзадаларға және де таңдаулы адамдарға мәлім «Шөлдегі Лувр» бағдарламасымен жайғастырылады.
Жоғарыда көрсетілген мысалдар әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуде мұражайлардың елеулі рөл
атқаратынын және маңыздылығына ерекше көңіл бөледі.
2015 жылдың 1 қаңтарында Павлодар облысында 9 мұражай жұмыс істейді. Олардың мәдени-
білім беру әрекеттерін көпшілікке танымал ету үшін, жұмыс тобы, облыс суретшілерінің бейнелеу
өнері мен шығармашылығы туралы ақпараттық мәліметтері бар дүңгіршектер орнатуға кеңес береді.
Аудандардың маңызды туристтік ресурстарына келсек. Павлодар облысы – ҚР индустриалды-
өнеркәсіп өңірі. Ақсу, Екібастұз қалалары ҚР алпауыт индустриалды қуатының орналасқан орны.
●
Науки о Земле
№4 2015 Вестник КазНТУ
92
Ақсу темір еріту зауыты – «Трансұлттық Қазхром компаниясы» акционерлік қоғамының филиалы.
Туристердің келуіне арналған мәдени орындары бар: мәдени бос уақытты өткізу орталығы, тарихи-
өлкетанушылық мұражайы, спорт сарайы.
ТМД елдері үшін туристтік слет «Ертіс меридианы», «Жұлдызды Жасыбай» ретрофестивалі
танымал болды. Сауатты мұражайландыру арқылы, көне сақ дәуірінің Торайғыр көлі жағалауындағы
салттық жиынтық, шамадан тыс рекреациялық ауыртпашылығын (Жасыбай көліне) түсірмей,
келешегі бар және қызықты нысан болар еді. «Баянауылдың танымал адамдары» сапар желісін
тәртіптік аспект ретінде балалық-жасөспірім туризміне беруге болады. «Машхүр Жүсіп Көпеев
туралы сөз» сапар желісі қажылық туризмінің тек жергілікті тұрғындар үшін ғана емес, сонымен
қатар көптеген таңғаларлық және ақылды дарынына табынушыларына да көрікті болуы мүмкін.
Баянауыл мен Май аудандарында жастар жорығының және «Батыр жолы» тарихи сайысының
өткізуге болды.
Ақтоғай, Ертіс, Железі, Қашыр, Шарбақты, Успен – бұл аудандар Павлодар өңірінің
этномәдениетті дәстүрлерін қосқанда, агротуризмі (ауылдық туризм) дамуының әлеуеті жоғары. Жыл
сайынғы өткізілетін дәстүрге айналған «Тереңкөл-Омск» велосипед жарысын жергілікті ерекшелікті
енгізу арқылы кеңейтуге болады; жергілікті халықтың өмірінде жарысқа қатысушыларымен
кездесетін маңызды оқиға болып қалады. Железі ауданындағы агроқалашық – агротуризмнің дайын
нысаны болып табылады. Оны көрсетудің бірнеше нұсқасын ойлап табуға болады, және де Павлодар
- Омск халықаралық автокөлік жолының бағдары бағдарламасына енгізуге әбден мүмкін [4].
Қазіргі заманға сай туризмнің дамуын және облыстың рекреациялық мүмкіндік пайдалану
деңгейін қарастырып, қорытынды жасауға болады, облыстың туристік ресурстары барлық елдерден
қонақтарды қабылдау үшін мүмкіндіктері бар.
Кластердің мықты, әлсіз, мүмкіншіліктерімен қауіп - қатерлер мен даму іс - әрекетінің анализі
(SWOT – анализі) жасап, аймақтың күшті және осал тұстарының SWOT-талдауы бойынша сипаттама
берсек.
Амақтың күшті тұстары: саяси және экономикалық жағдайдың тұрақшылығы – аймақта соңғы
кездерге өңірде болудың қауіптілігі әсерін қалдыратындай оқиғалар болған жоқ; облыстың ұжымды
экономикалық-географиялық орыны, Еуропа-Азия бағыты бойынша көлік-логистикалық және
айтарлықтай тасымалдау әлеуеті; бірегей табиға және мәдени ескерткіштер өлкенің тарихы мәдени-
танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік туғызады;
- аймақта экотуризмді дамытуға жақсы мүмкіндіктер бар; халықаралық нарықта экотуризмге
деген жоғары қызығушылық; шағын және орта бизнестің тұрақты дамуы; жергілікті арқарушы
органдардың бастамашылдығы: кластерлерді, өнеркәсіпті аймақтарды құру, форумдар мәдени іс-
шаралар өткізу және т.б.; қолайлы инвестициялық климат.
Аймақтың осал тұстары: ішкі нарықтағы күшті бәсекелестердің жақын жерде орналасуы
(Ақмола және Қарағанды облыстары); қауіпті экологиялық проблемалар (жылу энергетика
кәсіпорындарынан, металлургия және көмір разрезі кәсіпорындарынан) және осының салдарынан
туатын жайсыз имидж; туристік инфрақұрылым жеткілікті дамымаған – қонақ үйлер, демалыс
орындары, коммерциялық нысандар; көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы; жолдар, теміржол
вокзалдары;
қазіргі
заманғы
нарықта
сұранысқа
ие
туристтік
өнімдердің
түрлері
қалыптастырылмаған; өлкедегі экотуризмге деген қатынас және саясат қалыптаспаған; кадрлардың
кәсіби дайындығының жағдайы шынайы талаптарға сай емес; білікті кадрлардың жетіспеушілігі,
кадрлардың даярлық, қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату деңгейінің төмендігі және
туризмнің ғылыми базасының жоқтығы; қызмет көрсетуші қызметшілердің біліктілігін, төмен
деңгейі, қонақ үйлер мен турфирмалардың қызметшілері, экскурсоводтар, туризм бойынша
нұсқаушылар, гид-аудармашылар; көрсетілетін туристік қызметтердің төмен сапасы; туристтік
жобаларды дамыту туристтік дестинацияны ілгерілету бөлімінде жергілікті және өңірлік биліктің
туризмді дамытудағы жеткіліксіз қолдау көрсетеді; Павлодар облысы туралы ақпараттың
республикалық және халықаралық нарықта жоқтығы; облыстың туристтік өкімінің жеткіліксіз
жарнамалау.
Аймақтың мүмкіндіктері: туризмнің бәсекеге қабілетті инфрақұрылымын құру; жаңа жұмыс
орындарын құру, сонымен қатар ауылдық жерде; аймақтың құрама турөнімді жасап шығару;
халықтың салауатты өмір салтын дамытуға үлес қосу; Павлодар қаласының әлеуметтік-
экономикалық инфрақұрылымын жақсарту; келу және ішкі туризм бойынша туристер ағынының
●
Жер туралы ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №4 2015
93
жоғарылауы, табыстың көбеюі мен бюджет кірісінің артуы; инвестиция құюға және бюджетке табыс
әкелудің қамтамасыз ететін аймақтың ішкі және халықаралық танымдылығы деңгейін жоғарылату;
демалыс күнгі экскурсиялар, турбағдарлар мен турларын құру; республикалық салалық ұйымдар мен
халықаралық ұйымдардың арақатынасы.
Аймақтың қаупі: туризм саласын қолдаудағы шектелген қаржылық мүмкіншілік, өзінің
меншікті қаржысының және инвестициялық ресурстардың тапшылығы; туристік ағын көлемінің
төмендеуі; Қазақстанның туризмге қолайсыз ел ретіндегі қалпының қалыптасуы және оның
инвестициялық тартымдылығының төмендеуі; туристтік бизнестегі кәсіби шеберліктің төмен деңгейі,
туризм саласындағы сапа мен қызмет көрсету деңгейінің сәйкеспеушілігі; егер қысқа мерзім ішінде
қонақ үйдегі және басқа инфрақұрылымдық нысандардағы жағдайды жөнге келтірмесе, туристердің
келуі мен болуына қиыншылықтар туады; қауіпсіздік шараларын қолданбаған жағдайда қолда бар
нысандар мен ресурстарды жоғалтып алу қаупі; туризм саласындағы кері үрдістің пайда болуы;
қолайсыз экологиялық жағдай.
Павлодар облысының күшті және осал тұстарын салыстыра келе, келесі проблемаларды
оқшаулап көрсетуге болады:
Бағалар және бәсекелестік: Қазақстан Орталық Азиядағы едәуір «қымбат» ел; тікелей жақын
маңда күшті бәсекелестердің орналасуы: Ресей, Қырғызстан; ішкі нарықта тікелей жақын орналасқан
бәсекелестер (Ақмола және Қарағанды облыстары).
Инфрақұрылымның
дамымағандығы:
инфрақұрылымның
жеткіліксіз
дамуы,
жоғары
бағалардағы төмен қызмет көрсету деңгейі; дала көлдерінің маңында тиісті жағдайы бар демалыс
зоналарыдың жоқтығы, турбаза-кемпингтердің жоқтығы, бұлар ішкі және халықаралық туристердің
сапасының артуына әсер ететін еді; қажеттілік туған жағдайда оперативті (жылдам) көмек көрсету
үшін және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мобильді байланыстың төмен дамуы; көлік қызметіндегі
(соның ішінде ұшып келу-кету) жоғары бағалар; инфрақұрылымның Халықаралық талаптарға
сәйкеспеушілігі; туристік нысандар арақашықтығының үлкендігі; нашар жолдарға байланысты
кейбір табиғи, тарихи, архитектуралық көрнекілердің қол жетімсіздігі, сонымен қатар жол бойлық
инфрақұрылымының жоқтығы (тұрақтар және тамақтану пункттері);
Танымал турөнімдердің жоқтығы: келуші туристеріне арналған сыналған және сипатталған
туристік бағдардың жоқтығы (3 күннен бастап – келу орнын сипаттау, мекендеу, көңіл көтеру,
тамақтану және т.с.с.); Қазақстанның басқа да өңірінен айқындап көрсететін бірыңғай ұсыныстың
жоқтығы: ауыл туризмі, фототурлар, ұлттық бұйымдарды дайындау бойынша турлар, қазба
жұмыстарына қатысу, белсенді топпен оқиғалы ойындар, табиғаттағы бизнес-тренингтер, ат
жарыстар және т.с.с.; негізгі табиғи және экологиялық туризмнің негізгі ресурсы болып табылатын,
ұлттық парк дәрежесіндегі табиғи аймақтардың қауіпсіздік жүйесінің осалдығы; халықаралық,
республикалық және облыстық маңызды іс-шараларды өткізбеуі (фестивальдар, байқаулар,
семинарлар, жиналыстар және т.с.с.).
Күшті тұстары
Осал тұстары
Мүмкіншіліктері
Қауіптер
Облыс аумағы арқылы
өтетін
айтарлықтай
транзитті
әлеуетін
дамытуға
арналған
тиімді
географиялық
орналасуы
Аймақтың металлургия өнер-
кәсібіне мамандануы экономи-
касын ауқымды экономика-
лық
төмендеу
тәуекеліне
ұшырағыш
етеді.
Мұндай
төмендеу осы саладағы өнімге
бағаның және сұраныстың
күрт құлдырауынан болуы
мүмкін.
Қолда бар табиғи-шикізат
ресурстарының негізінде –
кластерлердің кешенді даму
мүмкіндігі.
Аймақтың
минералды-
шикізат ресурстарының
сарқылуына байланысты
облыс экономикасының
шикізат
бағыттылығы
салдарынан п/да болуы
мүмкін
экономикалық
дағдарыс қаупі сақталып
келеді.
Облыс пайдалы қазба-
ларға бай, олардың
негізгісі-көмір.
Облыстың көмір қоры
республикалық баланс
қорының
35,7%
құрайды.
Облыстық экспорт құрамын-
дағы
шикізат
өнімдерінің
және қайта өңдеуге келмейтін
өнімнің
жоғары
емес
деңгейінің басым болуы.
Өңдеулі өнеркәсіптегі жүйе
түзушілік жобаларды іске
асыру
есебінен
жалпы
қосымша құнның өсуімен
жалпы аймақтық өнімнің
құрылымын оңтайландыру.
Білікті
мамандардың
жетіспеушілігінен еңбек
өнімділігінің төмендеуі.
Республика
бойынш
ішкі жалпы өніміндегі
Шағын
кәсіпкерліктің
жеткіліксіз даму деңгейі.
Халық санының артуына
оңтайлы жағдай жасау және
Облыс еңбек нарығында
еңбек күшінің ұсынысы
●
Науки о Земле
№4 2015 Вестник КазНТУ
94
жалпы
аймақтық
өнімнің үлесі 7орында.
облысқа
жоғары
білікті
мамандарды тарту.
мен сұранысының тепе-
теңсіздігі.
Аймақтық өңдеу өнер-
кәсібінің көп саласына
арналған едәуір шикі-
зат
базасы
болып
табылады.
Емдік-сауықтыру туризм ая-
сындағы ғылыми-негізделген
зерттеулердің жоқтығы.
Аймақ халқының ақшалай
табысының едәуір артуы.
Азық-түлік
тауарлары-
ның
кейбір
түрінің
сырттан әкелінуі, тәуел-
ділігіне
Облыстың
қуатты
энергетикалық базасы
бар.
Халықты сапалы ауыз сумен
сенімді
қамтамасыз
ету
проблемасы.
Ауылшаруашылығында
өндірістің
өсу
келешегі,
соның
ішінде
ауыл-
шаруашылықтың дамуына
инновациялық
ыңғайластыру.
Аймақтың экологиялық
жағдайының
нашарлап
кету қаупі.
Құрылыс
индустриясын-дағы
оңтайлы өсу қарқыны.
Қоршаған
ортаның
ластануының жоғары деңгейі
және жоғары экологиялық
тәуекел.
Әлеуметтік инфра-құрылым
нысандарын
дамытуға
мемлекеттік
және
жеке
инвестицияларды тарту.
Мәдениет ұйымдарының
нашар
материалды-
техникалық
жабдықталуы.
Облыс өзінің құрамын-
да тарихи мұраның
және тартымды көркем
демалу зоналарының
барлығынан
едәуір
туристік-рекреациялық
әлеуетіне ие.
«Баянауыл» демалыс зонасын-
дағы туризм нысандарының
физикалық тозуы.
Аймақтағы
экологиялық
жағдайды жақсарту.
Тарихи-мәдени
мұра
нысандарына
табиғи-
климаттық
жағдайлардың кері әсер
етуі.
Ертіс өзені және басқа
да көптеген көлдердің
бар болуы, облыста су
жетіспеушілігі
проблемасы жоқ.
Облыс ауқымына қатысты
облыс
халқының
саны
біршама көп емес (ҚР облыс
қалалар ішінде 9-орын).
Туризм инфрақұрылымын
дамыту.
Техногенді
факторлар-
дың әсерінен жер және
табиғи
ресурстардың
құлдырауы.
Халықтың кедейшілік
деңгейінің
төмендігі,
әсіресе ауылдық жер-
лерде. Облыс бойынша
халықтың 0,43% ең
төменгі күнкөріс дең-
гейінен төмен табысы
бар
(тұтынушылық
бойынша).
Ауыл
халқының
қалалық
жерге көшіп қоныстауы.
Арнайы
экономикалық
аймақ (АЭА) құру арқылы
аймақтың
инвестициялық
тартымдылығын
жоғарылату.
Бюджеттің әлеуметтік
қамсыздандыруға,
білім алуға бөлінетін
шығын
мөлшерінің
жоғары деңгейі адами
капиталдық дамуына
және ішкі сұраныстың
қолдауына мүмкіндік
береді.
Облыстағы білікті кадрлардың
жетіспеушілігі.
Халықтың жұмыс бастылы-
ғының өсуінің жоғарылауы
экономикалық басым және
тауашалы саласында жаңа
өндірістің даму мүмкін-
дігімен байланысты.
Аймақтың және жақын
жатқан Ресей Федера-
циясының аймақтары-
ның дамыған көлік
қарым-қатынасты
белсендіре
түсуге
мүмкіндік береді.
Ауылдық
жердегі
жұмыссыздық
деңгейінің
едәуір жоғары деңгейі, 7%-ға
дейін жетеді (Май ауданы).
Облыстың
тарихи-
мәдени
мұрасын
сақтап қалу, дамыту
және насихаттау.
Облыстағы
ішкі
нарық
тұтынуының
шектеулі
мөлшері және логистикалық
жеткіліксіз дамуы.
Мәдениет жұмыскер-
лерінің
дәрежесін
Халықтың қатерлі өскіндер
мен
ауыруының
жоғары
●
Жер туралы ғылымдар
ҚазҰТУ хабаршысы №4 2015
95
жоғарылататын
байқаулардың
өткізу
сапасын жақсарту.
деңгейі – 100 мың. халық
санына – 271,5 адам (респуб-
лика бойынша 1-орын).
Халықтың
мәдениет
саласындағы қызметке
талабы
дәрежесінің
жоғарылауы.
Күрделі
және
ағымды
жөндеуден
өткізуді
және
материалды-техникалық
базаны бекітуді талап ететін
мәдениет нысандары-ның бар
болуы.
Қорытынды. Павлодар облысының ішкі туризмді дамытуға нақты әлеуеті бар. Флора мен
фаунаның өзіндік әлемі және географиялық ерекшеліктері, археологиялық-тарихи нысандар, Ертіс
өзені және оған іргелес жатқан аумақтар, Баянауыл МҰТС және бірегей таспалы орманы – бірегей
бағыттағы негіздері бола алады. Туристік кластерді құру және ілгерілету – облыс экономикасының
шикізаттық емес секторын дамытудың шынайы факторы болып табылады. Жалпы айтқанда,
Павлодар облысындағы туризмді дамыту жергілікті тұрғындарға жаңа жұмыс орындарын ашуға
мүмкіндік береді [10] .
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, пратика. Алматы, 2000. – 336 c.
2. Преображенский В.С. Теоритические основы рекреационной географии. – M., 1975.- 282 c.
3. Ердавлетов С.Р. Вопросы оценки рекреационного потенциала территории, использование территории.
– Алматы, 1990.- 179 c.
4. Павлодарское Прииртышье. Энциклопедия. – Павлодар, 2003. - С.170- 171.
5. Кострюкова О. Н. Карпова Е. Г. Методы идентификации туристских кластеров в системе
регионального туризма // Экономика и управление в сфере услуг: современное состояние и перспективы
развития: материалы X Всероссийской научно-практической конференции, 5 февраля 2013 года.— СПб. :
СПбГУП, 2013. - 154 с
6. Жакупов А. А., Берденов Ж.Г., Мусабаева М. Н., Джаналеева Г. М. Природная составляющая
туристко-рекреационного потенциала Баянаульского района Павлодарской области // Образование и наука в
современных условиях: сборник материалов международной научно-практической конференции, Чебоксары,
2014. -18-22 с
7. Жакупов А.А. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында экотуризмді дамытудың қажеттілігі //
Республикалық ғылыми-теориялық конференция: ғылыми мақалар жинағы – Астана, С.Сейфуллин ат. ҚазАТУ,
1 том, 2 бөлім, 2015, 251-255 бет.
8. Жакупов А.А. Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи саябағының ландшафттық-экологиялық жүйелері
// «Географияның теориялық және қолданбалы мәселелері» атты халықаралық конференция: ғылыми мақалалар
жинағы – Астана, Л.Гумилев ат. ЕҰУ, 1 том, 2 бөлім, 2014, 162-165 бет.
9. A. A. Zhakypov, E. Atasoy. An evaluation of recreational potential in order to increase the touristic image of
the Pavlodar region. Oxidation communications. (Thomson Reuters баспасы) Vol.37, No 3, 2014.-P. 871-872
10. А. А.Жакупов, Г.М.Джаналеева, М.Н.Мусабаева. Рекомендации по развитию территориальной
рекреационной системы Павлодарской области // Вестник ВКГТУ им. Д. Серикбаева. – 2015. - № 1(67). – С. 9-15.
REFERENCES
1. Erdavletov S. R. Geography turizma: istorya, tioriya, metody, praktika. Almaty, 2000. – 336 s.
2. Preobrezhenskiy B. S. Teoriticheskie osnovy rekreatsionnoyi geography. – M.,1975.- 282 s.
3. Erdavletov S. R. Voprosy otsenki rekreatsionnogo potentsiala territorii, ispolzovanie territorii. – Almaty,,
1990.- 179 s.
4. Pavlodarskoe Priirtyshe.Entsiklopediy. – Pavlodar, 2003. - S.170- 171.
5. Коstryuкоvа О.N. Каrpоvа Е.G. Metody identifikatsii turistskikh klasterov v sisteme regionalnogo turizma //
Ekonomika i upravlenie v sfere uslug: sovremennoe sostoyanie i perspektivy razvitiya: materialy X Vserossiyskoya
nauchno-prakticheskoy konferentsii, 5 fevralya 2013goda.— SPb. : SPbGUP, 2013. - 154 s.
6. Zhакupov А.А.., Bеrdеnоv Zh.G., Мusаbаеvа М. N., Dzhаnаlееvа G. М. Pirodnay sоstavlyayashchaya
turistko-rekreatsionnogo potentsiala Bayaulskogo rayiona Pavlodarskoy oblassti // Оbrazovanie i nauka v
soveremennykh usloviyrh: sbоrniк mаtеriаlоv mеzhdunаrоdnоy nаuchnо-prакtichеsкоy коnfеrеntsii, Chеbокsаry,
2014. -18-22 s
7. Zhакupov А.А. Bаyanauyl memlekettik ulttyk tabigi sayabagynda ekoturizmdi damytugyn kazhetiiligi //
Respublikalyk gylymi-teroriyalyk konferentsiya: gylymi makalalar zhinagy – Аstаnа, S.Sеyfyllin аt. KаzАTU, 1 tоm, 2
bolim, 2015, 251-255 s.
●
Науки о Земле
№4 2015 Вестник КазНТУ
96
8. Zhакupov А.А. Bаyanauyl memlekettik ulttyk tabiginin landshafttyk-eкоlоgiyalyk zhuyeleri //
«Geografiyanyn teoriyalyk zhane koldanbaly maseleleri» atty khаlykаrаlyk коnfеrеntsiy: gylymi makalalar zh inagy –
Аstаnа, L.Gumilov аt. ЕUU, 1 tоm, 2 bolim, 2014, 162-165 bеt.
9. A. A. Zhakypov, E. Atasoy. An evaluation of recreational potential in order to increase the touristic image of
the Pavlodar region. Oxidation communications. (Thomson Reuters баспасы) Vol.37, No 3, 2014.-P. 871-872
10. А.А. Zhакupov, G.M.Dzhаnаlееvа, М.N.Мusаbаеvа. Rекоmеndаtsii po razvitiy territorialnoy
recreatsionnoy sistemy Pavlodarskoy оblаsti // Vеstnik VКGТU im. D. Sеrikbаеvа. – 2015. - № 1(67). – S. 9-15.
Жакупов А.А., Мазбаев О. Б.
Аймақтық туристік кластер туризм саласының инновациялық даму факторы ретінде
Түйіндеме. Мақала Павлодар облысының туризмін инновациялық факторы ретінде аймақтық кластер
құру арқылы туризмді дамытуға арналады. Зерттеу аймағының демалыс орындары анықталды. Мақалда
аймақтың туристік кластерді әлеуетті анықталып және топтастырылды. Сондай-ақ, аймақтың әлеуметтік-
экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы SWOT – талдауда сипатталған, бұл аймақтың күшті және
осал тұстары, дамудың шектеулері мен мүмкіншіліктері анықталды. Бұл мақала аймақтық туристік кластердің
негізгі тенденциялары мен мәселелері анықтауға бағытталған.
Негізгі сөздер: туризм, рекреация, кластер, аймақтық туристік кластер, SWOT – талдау, әлеует, туристік
кластерді сәйкестендіру.
Жакупов А.А., Мазбаев О. Б.
Кластер регионального туризма как фактор инновационного развития туризма
Резюме. Статья посвящена изучению развития туристической деятельности путем создания
регионального кластера, как инавационного фактора для развития туризма в Павлодарской области. Были
изучены места отдыха исследуемого региона. Определены и сгруппированы регионы с потенциалом развития
туристического кластера. Также, дана комплексная характеристика социально-экономической развитости
региона, которая выражается в SWOT-анализе, определяющей сильные и слабые стороны природно-
туристического потенциала исследуемой территории. Данная статья нацелена на выявление основных
тенденций развития и проблем кластер регионального туризма.
Ключевые слова: туризм, рекреация, кластер, региональный туристский кластер, SWOT-анализ,
потенциал, идентификация туристких кластеров.
Zhakupov A.A., Mazbaеv O. B.
A cluster of regional tourism as a factor of innovation development of tourism
Summary. The paper studies the development of tourism through the establishment of a regional cluster as
inavatsionnogo factor for the development of tourism in the Pavlodar region. We studied the recreational study region.
The article identified and grouped the regions with the potential development of the tourism cluster. Also, given the
complex characteristics of the socio-economic development of the region, which is expressed in the SWOT-analysis,
determining the strengths and weaknesses of the natural and tourism potential of the study area. This article aims to
identify the main trends and issues of regional tourism cluster.
Key words: tourism, recreation, cluster, regional tourism cluster, SWOT-analysis, potential identification of
tourist clusters.
УДК 628.39
Сакиева З.Ж., Крамбаева А.А.
(Казахский национальный технический университет им. К.И. Сатпаева,
г. Алматы, Казахстан, krambaeva-1979@mail.ru)
УРОВЕНЬ ЗАГРЯЗНЕНИЯ ПОЧВ ТЯЖЕЛЫМИ МЕТАЛЛАМИ В РК
Аннотация: Дана краткая характеристика почв загрязненных тяжелыми металлами, влияние загрязнения
на почвенных покров, показаны источники выделения загрязняющих веществ.
Ключевые слова: металлы, антропогенное воздействие, почва.
Достарыңызбен бөлісу: |