Кәсiптік тәжiрибе оқу процесінің қосымша бөлiмi болып табылады, негізгі мақсаты таңдалған мамандық бойынша өндiрiстiк шарттарда жұмыс істеуінің дағдыларын ектіру және студенттің университетте алған теориялық бiлiмді бекіту.
Студент кәсiптік тәжiрибенi өту уақытында, кәсiпорынның iшкi ережелеріне толық бағынуы керек, өндiрiстiң нақты талаптармен шарттарымен байланыстырылған тәжiрибенiң бағдарламасына сәйкес, барлық тапсырмаларды орындауы керек.
Студент өз еркімен оған тапсырылған жұмысты тастап кетуге немесе оны орындау үшін белгiленген мерзiмді жылжытып коюға құқығы жоқ.
Студент тәжiрибенің бағдарламасы мен тапсырмаларына сәйкес, жүйелі түрде есеп беру құрастырумен шұғылдану керек, мұндай есеп беру нәтижесі тәжірибенің аяқталу кезінде біту керек.
Студенттiң күнделiктi толтыру реті:
а) күнделiктегi жазулар тапсырмаға және тәжiрибенiң өту кестесіне сәйкес келуi керек;
б) студент күнделiкті күнде толтырады және аптасына бiр реттен кем емес жетекшiлерімен қаралады;
в) күнделiкке, студент атқарған барлық жұмыстар енгізіледі;
г) күнделiк тәжiрибенің жетекшiлерiмен толтырылады және есеп беруімен бiрге кафедраға өткізіледі.
Тәжiрибенің есеп беру нәтижелері күнделiксiз қорғауға рұқсат етiлмейдi.
Күнделiк түсінікті жазумен толтырылуы керек.