Түсінік хат Дойбы – бір жағынан ежелгі, екіншіден жас ойын. Ежелгі болатын себебі, ойынға арналған құралдар сонау ерте заманда Мысыр пен Русьтегі Киев аймақтарындағы қазба жұмыстары кезінде табылған. Сонымен бірге ежелгі болатын себебі, қазіргі заманғы зерттеушілер дойбының таратылу тарихы мен жолдарын әлі күнге дейін тапқан жоқ – олар ғасырлар қойнауында жасырын жатыр.
Жас болатын себебі, ойын тәртібі уақыт ағысымен өзгерістерге ұшырап, тұрақтандырылды, ол осы ғасырдың орта тұсына таман қазіргі заманға лайықталды. Ежелгі Римде дойбы ойыны «латрункул» деген атауға ие. Бұл латын сөзі «латро», яғни қазақшаға аударғанда – сарбаз, жауынгер, т.с.с. мағына береді. Демек, ойын екі армияның соғысымен сипатталған әскери болып табылады.
Мақсаты: Дойбы ойынының біздің елімізде әйгілі, әрі ойын шарттарының оңай және кең қолданысқа ие болуына байланысты бұл бағдарламаны дайындау және білім үрдісіне енгізу қажеттілігі Балабақша тәрбиеленушілерінің атааналары балаларының дойбы ойынын ойнауға үйретуде қызығушылықтарының болғанымен, алайда ойынға деген бос уақыттары табыла бермейді.
Міндеттері: Білімділік: дойбы ойынындағы тасты алып жүру шеберлігіне оқыту; балаларды жойбы ойынының теориялық жағымен таныстыру; Дамытушылық: мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің ойлау ісәрекетін, яғни ойлаудағы логикалық және адын ала жоспарлауды, есте сақтауды , байқағыштық қасиеттерін жаттықтыру; Алғырлық қабілеттіктерін (алдағы жүрістерді санауды білу, бейнелі және аналитикалық талдауды) жетілдіру; көзқарасты бағыттай білу. Тәрбиелік: дойбы ойының шығармашылық және спорттық ойын түрі ретінде балалардың қызығушылықтарын оята отырып, пайдалы әрекеттер қатарына жатқызуға тәрбиелеу; батылдыққа, ұмтылысқа, табандылыққа, жеңіске деген сенімділігін арттыру; істәжірибеден үйренген аалдарды бала бойына төселту. Оқутәрбие жұмысында қолданылатын әдістәсілдер: ойын қатынасы (таным саласына деген белсенділігі артады); күрделі мәселелерді шешу методикасы (үлкен нәтиже көрсетуге жағдай жасау); ойынсайыстары ойын саяхаты ойынжарыстар зияткерлік ойындар. Сабақтың ұйымдастырылуы Сабақ түрдері – ұжымдық, топтық және жеке дара жұмыстары жүргізіледі. Балалардың жұптсып ойнауы, олардың ұжымдық топ мүшесін сезіну, ойынға деген белсенділіктерімен алғырлықтарының артуына жұмыс жасау. Ұйымдастырудың ерекшелігі Балалармен дойбы ойының ұйымдастырылуы, балалардың мақсат мідеттерін ескере отырып бірлесіп жасалынады. Ойын барысындағы жеңіс немесе жеңіліс баланың танымдық қабілетін ынталандырады. Жаіа нәрсе үйренуге өзінің көзқарасын кеңейтеді. Балалармен өткізілетін дойбы үйірмесінде жұптасып ойнаудың, ойну кезіндегі қарымқатынастың нәтижелігі мен ойынның басты шыңына жету жолдарын табу. Сабақтың қорытындысы ойлау қабілетіне байланысты қолдан жасалған кітапшалар топ ішіндегі дойбы сайыстары зиякерлік ойындарға қатысу. Бағдарламаны игеру анықтамасы баланың жалпы икемділік, дамытушылық, салыстыру, болжау нәтижелерін талдау; баланың өздігінен ойлау, қиялдау қабілеттері артады. Дойбы ойынына қызығушылықты спорттық – зияттық бос уақыт ретінде де қарастыруға болады.