Білім мәдениеттің элементі.Білім қатарына шартты түрде сөзсіз дәлелденген және логика жағынан реттелген деректерді жатқызады.Ал қалғандарын білімге жатқызуға болмайды.
Шығыс данасы Конфуций “Білу дегеніміз – табиғатты емес, адамдарды танып – білу” – деп есептейді. Кейбір адамдарға “туа біткен білім” тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады. Олардан кейін білімді оқу арқылы алғандар тұрады. Оқу, таңдамалы түрде болуы керек. Оқығанда тек өмірде керекті, ең дұрыс деген қағидаларды білу керек те, қалғандарынан аулақ болу қажет.
Білу – дегеніміз тек қана өзіміз білмейтінді үйреніп, білу емес,сонымен қатар зерттеп отырған мәселелерді жан – жақты қарастыру тәсілі.
Ежелгі грек данасы Сократ жалаң білім беруге, құр білімді дамытуға қарсы. Оның ойынша, жалаң білім ештеңе бермейді, қайта адамды бұзады, софистер айтқандай, адамды өлтіреді, бұрынғы қалпынан айырады.
Қазір біз екі жақты қауіпке тап болдық. Бір жағынан, ғылым өскен сайын адам өзінің сауатсыздығын күннен күнге жете түсініп келеді. Әсіресе, ғылыми – техникалық революция кейбір адамдардың білімді игерудегі дәрменсіздігінен,бейшаралығын ашып көрсетуде. Ал, екінше жағынан, көптеген мектептер мен жоғары оқу орындарында жастарға шала білім берілетіндігі әркімге аян. Ондай шала білім жастардың өміріне, болашағына зияннан басқа пайдалы ештеңе әкелмейді.
Біріншіден, шала, догмалық білімдерден бас тартуымыз керек. Сөйтіп, “ақылдың жалқаулығынан” бойымызды аулақ ұстағанымыз жөн. Екіншіден, қазіргі ғылыми – техникалық революция, ақпараттық дәуір әкелген білімдерді игере отырып, оны адамдандыру керек.
Енді не істеу керек?
Сократтың айтуынша білім дегеніміз – ізгілік. Мұндай көзқарас білімнің мәнін терең ашады. Адамның алдына қойған мақсаты, оның рухани өмірі – ілімді құрал ретінде ғана емес, өмір сүрудің әдісі ретінде пайдалануға жол бастайды.
Философия тарихында Сократтың маевтика әдісі.
Маевтиканың мақсаты – қарастырып отырған мәселеге түсініктеме бере отырып, осы сияқты құбылыстардың бәрін қамтитын жалпы ұғым қалыптастыру. Индуктивтік әдіс жекеден жалпыға қарай жүру.