Ой тәсілдері
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау — түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой аркылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез — бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі — бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын қажет етеді. Мәселен, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл — анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен қүрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу т. б. дағдылардың қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т. б.) әр қилы көрініп отырады. Мәселен, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің қағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе, Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді. Анализ бен синтездің негізівде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады Салыстыруда:загтардың ұқсартық, айырмашылық, қасиеттері айқындалады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қабат, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мәселен, заттарды оның түсіне, түріне, құрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады. Ойлау операциясынын, күрделі түрі — абстракцы мен жалпылау.Ойлау формалары
Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да түрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Үгым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мәселен, мектеп, оқушы, мүғалім т. б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының үзақ процесінің нәтижесі қорытылады. “Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып түрады, бірі екіншісіне қүйылып отырады, мүнысыз олар нағыз
өмірді көрсетпейтін болады”.
Ұғымдар дара жөне жалпы болып бөлінеді. Мәселен, “Шымкент қаласы”, “Ғ. Мүратбаев” дара ұғым болса, “кітап”, “адам”, “жүлдыз” т. б. жалпы угым болады. Кейде жинақтаушы ұғым да болуы мүмкін. Мәселен, “жиналыс” (студенттер жиналысы), “кітапхана” (балалар кітапханасы) т. б. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу қажет. Мәселен, “Ана тілі” сабағында мүғалім үй жануарлары мен жабайы аңдар түралы түсіндіргенде, олардың бір-бірінің негізгі өзгешеліктерін көрсетумен қатар, үқсастықтарына баса назар аудартады. Осының нәтижесінде балада “жабайы аңдар”, “үй жануарлары” дейтін бөлек ұғым пайда болады. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру — науқандық жүмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, мектептегі барлық тәлім-төрбие процесінің барысында үдайы жүргізілетін жүмыс.
3.Қазақ әдебиеті» пәнінің бағдарламаларында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымының бағдарламалық құжаттарында анық көрсетілген танымдық сипаттағы дағдылардың біразы қолданылмай, олардың орнына жауап беру, интерпретация, салыстыру дегендер қосылған. Мұндағы жауап беру – «білім» құрамындағы бірлік, интерпретация – «түсіну» құрамындағы бірлік, салыстыру – «анализ» құрамындағы бірлік. Бұл бірліктер білім алушылардың танымдық деңгейлерінің иерархиялық жүйесінің құрамдастары бола алмайды. Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын 1) «Түсіну және жауап беру», 2) «Анализ және интерпретация», 3) «Бағалау және салыстыру» бойынша жүйелеу – білім берудің тарихы мен теориясында, оқыту мақсаттары бойынша ғылым мен білім қорында қалыптасқан, білім беру өндірісінде кеңінен қолданылып отырған ғылыми-әдістемелік, психологиялық, танымдық жүйе негізінен ауытқудың көрінісі. Тек пен түр, бүтін мен бөлшек, жалпы мен жалқы, таным деңгейлері арасындағы иерархиялық жүйені бұзу жүйесіздікке әкеліп соқпай қоймайды. Оның үстіне «Анализ», «интерпретация» секілді ұғымдардың қазақ тілінде лайықты баламасын таба алмау қазақ әдебиеті үшін де, қазақ әдебиеттануы үшін де, бағдарламаны жасаушылар мен бекітушілер үшін де жетістік емес.
1995-2000 жылдары Л.Андерсен мен Д.Кратвол басшылығымен жұмыс жасаған психологтардың тобы 2001 жылы Блум таксономиясының жаңартылған нұсқасын айналымға енгізді. Жаңартылған нұсқада білім – есте сақтау болып аталды, жинақтау жасау деп аталды. Танымдық дағды деңгейлері танымдық процесс деңгейлері ретінде нақтыланды: есте сақтау (помнить), түсіну (понимать), қолдану (применять), талдау (анализировать), бағалау (оценивать), жасау (создавать). «Қазақ әдебиеті» пәнінің бағдарламалары «Назарбаев Зияткерлік мектептері» бағдарламаларының басты бағытын анықтаған Блум таксономиясының дәстүрлі нұсқасы бойынша да, жаңартылған нұсқасы бойынша да ыңғайластырылмаған.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» бағдарламаларының басты бағытын анықтаған таксономия бойынша танымдық саладағы әр дағдының бірнеше деңгейі бар. Пән мазмұнын анықтайтын бағдарламада ондай деңгейлердің жүйесін жасау терең
білімді, кемел кәсіби құзіреттілікті, бай тәжірибені талап етеді. Танымдық дағдылардың қайсысының қандай деңгейіне қандай тақырып, қандай оқу материалдары сай келетінін, қандай мақсат қойылатынын, оларға сай оқытудан күтілетін нәтижелер қандай болатынын анықтау бұрын қиын болса, қазір де оңай емес, біздің жағдайымызда бұл қиынның қиынына айналғанға ұқсайды.
«Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын», «Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын» қолдану оқытудан күтілетін нәтижелер түрінде көрсетілген жалпы орта білім беру мақсаттарының жүйесіне қол жеткізу арқылы оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға бағытталған. Оқытудан күтілетін нәтижелер – оқыту процесі аяқталғанда білім алушының нені біліп, түсініп, көрсете алатынын сипаттайтын құзіреттіліктер жиынтығы. Осы талаптар тұрғысынан «Қазақ әдебиеті» пәнінің бағдарламаларына ортақ осындай 12 (5-9 сынып) – 14 (10-11 сынып) мақсат/нәтиженің бірінің сипатына назар аударайық. «Анализ және интерпретация» бөлімінің құрамындағы бес бөлімшенің бірі – Автор бейнесі. Осы бөлімшеде қойылған оқу мақсаттарының жүйесі бойынша, білім алушылар
5 сыныпта «эпикалық шығармадағы автор бейнесін анықтауға» тиіс болса, 6 сыныпта «эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды». Әдеби шығармаларды бұлайша «эпикалық, поэзиялық шығармалар» деп топтау – қателік. Өйткені, «эпикалық шығармалар» қатарында поэзиялық шығармалар да болады, ал «поэзиялық шығармалар» қатарында эпикалық шығармалар да болады.
7 сыныпта «эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесін анықтау» мақсаты қойылады. Бұл да қате. Өйткені, сөз өнері, көркем әдебиет туындыларының «эпикалық, поэзиялық, драмалық» деп топтастырылмайтыны, жіктелмейтіні Аристотель заманынан бері белгілі. 8-9 сыныптардағы мақсат – «автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау». 10 сыныпта «шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау» қажет болса, 11 сыныпта «автор бейнесінің шығарманың негізгі идеясымен байланысын айқындау» шарт.
«Автор бейнесі» — поэтикадағы, лингвопоэтикадағы күрделі, қиын мәселе. Әдеби шығармада автор бейнесі затты келбетімен көрінбейді, имплицитті. Білім алушылардың затты келбеті көрініп тұрмаған бейнені анықтау дағдысын қалыптастыру – әуресі көп іс. Автор бейнесін анықтау әл-Фараби сипаттаған «әрекетшіл ақыл-парасат» деңгейінде ғана мүмкін болмақ. Бұл – кәсіби зерттеушілердің ісі.
29 билет
1.
2.Оқытудың психологиялық негіздері. Оқыту мен дамудың өзара қарым-қатынасы барлық уақытта педагогиканың өзекті мәселесі болып отыр. Я.А.Коменскийдің еңбегінен бастап, оқытудың ғылыми неізін іздестіру бастатған, соның негізінде әрбір оқушының жеке мүмкіндіктері мен олардың жасының даму процесіндегі өзгерістерін ескере отырып дамыта оқытудың ғылыми негізін іздестіру басталған.
Бұл мәселеге орыс педагогикасының негізін салушы К.Д.Ушинский де назар аударған. Ол өзінің «Адам тәрбие пәні» атты еңбегіңде, баланың түрлі жас ерекшелігі кезеңіндегі негізгі психологиялық даму ерекшеліктерін айта отырып, баланы оқытудың ең күшті факторы оқыту мен тәрбиелеу деп жазды.
Оқыту мен тәрбиелеудің арақатынасы жәніндегі мәселе одан бергі уақытта да, өзектілігін жойған жоқ. Оны психология ғылымының көрнекті өкілдерінің бірі Л.С.Выготский де зерттей отырып, оқыту мен дамудың арақатынасы мәселесін шешудің өзіндік тәсілдерін ұсынды:
— оқыту мен даму бір-біріне тәуелсіз екі түрлі процесс;
— оқыту кемелденуге негізделеді, оқыту мен даму процесінде пайда болатын мүмкіндіктерді пайдаланады;
— оқыту мен даму екі түрлі салыстырмалы процесс;
— оқыту дамудан кейін жүріп отыруы мүмкін, сонымен қатар дамуды алға жылжыта отырып, оның алдында болуы да мүмкін.
Баланы оқыту мен дамытудың арақатынасы мәселеснің шешімін түрлі зерттеушілер әртүрлі тәсілдермен іздестіреді:
— Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдов оқытудың мазмұнының өзгерісін іздестіру керек деи есептеді;
Н.А.Менчинская, Д.И.Богрявленская, Е.А.Кабанова-Миллер білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеру тиімділігі ақыл-ой іс-әрекеттірінің тәсілдерін жетілдірудің көмегімен арттыруға болады деп дәлелдеді;
— Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская оқытудың түрлі әдістерінің арту жағдайын зерттеуге мән береді;
— Л.В.Занков оқытудың дамытушылық әдістеріне ең бірінші, оқыту процесінің өзін жетілдіру арқылы қол жеткізуге болады деп тұжырымдайды;
— П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина баланың ой-орісінің дамуына ақыл-ой әрекеттерінің кезеңді қалыптастырудың әсерін зерттеді;
— Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин оқытудың дамытушылық әсері педагогикалық әрекетттер мазмұнында проблемалы оқытудың ролін арттырғанда ғана артатынын дәлелдейді.
Психологиялық және педагогикалық теорияларды қортындылау негізінде, осы ұғымдардың әрқайсысы жөніндегі түсінік нақтылана түсті. Жалпы қолданысқа төмендегі ұғымдар енгізідді: — даму — бұл организмнің жүйке жүйесінің, психикасының, тұлғаның сандық және сапалық өзгерісінің кәріпісі;
— оқыту — қоғамдық-тарихи тәжірибені мақсатты жеткізу, білімді, іскерлікті және дағдыны меңгеруді ұйымдастыру процесі
— Оқыту мен тәрбие беру мазмұны бойынша терең ұлтгық, көпқырлы дөстүрі, ұлттық психологияны сипаттайды.
Тәрбиеленетін де, оқытылатын да адам абстрактілі емес. Ол барлық уақытта әдетте ұлттық сана мен өзіндік санасының, ұлттық танымының, сезімінің және еркінің ерекшелігін адамдардың басқа бір адамдармен өзара қатынстары мен қарым-қатынастарындағы ұлттық келбетінің идеялық ерекшеліктері тән болатын қандай да бір ұлттың әкілі.
Ұлттық психологиялық ерекшеліктер оқыту мен тәрбиенің мазмұнын тікелей байланыстырады, сондықтан олар белгілі-бір ұстанымдарға негізделе отырып іске асырылады.
Біріншіден, педагогикалық әсердің этноспецификалық детерменизм ұстанымы.
Екіншіден ұлттық сана және ұлттық өзіндік педагогакалық іс-әрекеттердің бірлігі ұстанымы.
Үшіншіден, ұлттық идеалмен сәйкестігі нақты өмір мен еңбектің жағдайындағы педагогикалық әсердің ұстанымдарын ескерусіз қалдыруға болмайды.
Төртшшіден, ұлттық бейімделген мүмкіндіктерді педагогикалық әсерде дамыту ұстанымы.
Оқыту процесі дидактикалық жүйелер деп аталатын нсихологиялық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе оқытудың мақсатына жетуге қызмет ететін, біртұтас құрылымды жасайтын элементер жиынтығын құрайды. Жүйенің сипаттамасы мақсаттың, білім мазмұнының, дидактикалық процестердің, оқытудың әдістері, құралдары, формаларының және оның ұстанымдарының сипаттамаларын сәйкес. Дидактикалық тұжырымдамалар-дан үшеуін бөліп алу қажет: дәстүрлі, педоцентристикалық және дидактиканың қазіргі жүйесі.
Оқытудың дәстүрлі жүйесіндегі басты родді білім беру, мұғалімнің іс-әрекеті атқарады. Оны Я.А.Коменский, И.Цесталоцци, И.Гербарт секілді педагогтардың тұжырымдамасы және немістің классикалық гимназиясының дидактикасы құрайды.
Педоцентристикалық тұжырымдамада оқытудағы басты рөл оқуға баланың іс-әрекетіне беріледі. Бұл тәсілдің негізінде Д.Дьюидің жүйесі, Т.Кершенштейнердің еңбек мектебі, В.Лайдың XX ғасырдың басындағы педагогикадағы реформа кезеңінің теориясы жатыр. Г.Кершенштейнер халықтың «еңбек мектебі» баланы қазіргі мемлекеттің талабына үйрету және әлеуметтік шығу тегіне сәйкес алдағы кәсіби іс-әрекетке дайындауы керек деген ұғымына сөйкес «азаматгьіқ тәрбие» тұжырымдамасын жасады. В.Лай тәрбие мен оқьпу оқушыларға сырттй әсер ету мен олардың оған сурет, модельдеу, сызу, ән-күй, би сабақтары, түрлі ауызша және жазбаша жұмыстар мен жануарларды бағып-қағу түріндегі жауапты реакцияларының кезектесуі ретінде қарастырылуына сәйкестендірілген «әсер ету» формуласына негізделген «әрекеттегі педагогика» тұжырымдамасын ұсынды.
Қазіргі тандағы дидактикалық жүйе, екі жақтылы оқыту мен оқу — оқытудың іс әрекетін құрайды, ал олардың дидактикалық қарым-қатынасы дидактика пәнін құрайды деген тұжырымдамадан негіз алады. Қазіргі тандағы дамыта оқыту теориясынан, психикалық дамуға бағдарланған тұжырымдаманы (Л.В.Занков, З.И.Калмыкова, Е.Н.Кабанова-Миллер) және тұлғалық дамуды ескеретін тұжырымдаманы (Г.А.Цукерман, В.В.Давыдов, Д.Б.Элъконин, С.А.Смирнов) еректпе атауға болады.
Л.В.Занковтың тұжырымдамасы бойынша, оқыту жүйесінің негізін, өзара байланыстағы ұстанымдар құрайды.:
— қиыншылықтың жоғарғы деңгейіңде оқыту;
— бағдарламалық материадды оқытудың жоғарғы қарқындылығы;
— теориялық білімнің жетекші маңызды ролі;
— оқшылардың оқу процесін ұғынуы;
— барлық оқушыларды дамыту мақсатына бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу.
З.И.Калмыкованың тұжырымдамасы бойынша, тиімді өнімді және шығармашылықты ойды қалыптастыратын оқыту дамытуы болып есептеледі. Тиімді ойды оқып білім алудың негізі деп қарастыра отырып З.И.Калмыкова тиімді ойлаудың ерекшеліктерінің сырттайғы көрінісі — жаңа білімді өзбетінше игеру және оны іс-әркетте қолдана білу деп біледі. Мұндай ойдың негізгі көрсеткіштері:
— ойдың жеке даралығы, әдеттегіден тыс жауапты таба білуі;
— ассоциациялық байланыстардың пайда болуының жылдамдығы және дамуы;
— мәселенің ұғымдылығы, оның әдеттегіден тыс шешімі;
— ойдың жүйріктігі — кейбір талаптарға сәйкес уақыт бірлігіңде пайда болатын ассоциациялық идеялардың саны. З.И.Калмыкованың дәлелдеуі бойьшша, дамудағы оқыту төмендегі дидакгикалық ұстанымдарға бағдарланғанда жүзеге асуы мүмкін:
а) оқытудың мәселелігі;
ө) оқьггудың жекелігі және даралығы;
б) ойлаудың түрлі компоненттерінің (нақтылық және абстрактылы теориялық) үйлесімде дамуы;
в) ақыл-ой әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру;
г) есте сақтау әркеттерін арнайы ұйымдастыру.
Е.Н.Кабанова-Миллердің тұжырымдамасы, озі оқу жұмысының тәсілдері деп атаған, ойлау операцияларын қалыптастырумен байланысты. Оқу жұмысының тәсілдеріне салыстыруды, қортындылауды, себеп-салдар байланысын ашуды бақылауды, зерттеліп отырған құбылыстың сипаттамасын құрастыруды, ұғымның мәнді және мәнсіз белгілерін ажыратуды кіргізеді.Осы тұжырымдамаға сәйкес, мұғалім әрекетіндегі үш бағыт ажыратылады:
— оқушының мұғаліммен және бір-бірімен өзара әрекеттерін ұйымдастыру;
— сабақтарда жеке ойындарды және оқу әрекеттерін ұйымдастырудың ойын формаларын кеңінен пайдалану;
— оқушыларды шығармашылық әрекеттерге араластыру. Зерттеушілер оқытудың психикалық қызметін (қабылдау, тиімді есте сақтау, ойлау және ұғым қалыптастыру, теориялық толықтыру және ақыл-ой белсенділігін) дамытуға ерекше көңіл аударады.
3.
30 билет
1.азақстан
АУЫСУ НАВИГАЦИЯСЫ
Құжат
Достарыңызбен бөлісу: |