Қ. Рысбеков атындағы №5 негізгі орта мектеп интернатының ағылшын пәнінен 2021-2022 оқу жылында I жарты жылдық қорытынды бойынша атқарған жұмыс есебі.
Ағылшын тілі бірлестік мүшелері; Г. Жұмағұлова, Ұ. Раманқұлова, Ш. Сайдалиева, Шлекеева М, Р. Жусупова. Барлық мұғалімдер жоғары оқу орнын бітірген.
Г. Жұмағұлова - педагог -зерттеуші
Ұ. Раманқұлова – педагог –сарапшы
Шлекеева М- педагог - модератор
Сайдалиева Ш- педагог модератор
Бірлестік мүшелері жыл сайын әртүрлі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып отырады. Бірлестік мүшелері ұйымшылдықпен жұмыстар атқарып келеді
2021-2022 оқу жылында ағылшын пәні бірлестігінің мүшелері белгіленген жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. Жыл басында бірлестік жетекшісі бекітілген, мұғалімдер күнтізбелік жоспарды жазып бекітіп сол бойынша жұмыстары жүргізілді.
2021-2022 оқу жылындағы қыркүйек айынан бастап мұғалімдеріміз біраз жетістіктерге қол жеткізді.
Жетістіктері: Раманқұлова Ұлбала 2021ж « Жас ғалым-2021» Республикалық ғылыми жобалар байқауының материялдар жинағы журналына №28 қараша 2021ж санына 6а –сынып оқушысы Наушабек Назымның «Ағылшын тіліндегі шақтардың қолданылуы» атты ғылыми жобасы шықты. Наушабек Назым I орын мадақтама, жетекшісі Раманқұлова Ұлбала “Алғыс хат» алды. «Ұлағатты ұстаз» Республикалық танымдық педагогикалық журналына Раманқұлова Ұлбаланың Қысқа мерзімді жоспары шығып I дәрежелі диплом алды және үздік жұмысы үшін Диплом алды. Қазан айында өткен Республикалық интелектуалды олимпиядаға 5а-сынып оқушысы Әубәкір Айару III орын алды. Абсадық Аружан сертификат алды.
Сайдалиева Шойра мектеп ішілік «Өнерлі ұстаз» байқауына қатысып III орын алды.
13-23 қыркүйек аралығында мектебімізде «тілдер апталығы» өтті. Мұғалімдеріміз апталықта ашық сабақтар сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Раманқұлова Ұлбала 6-сыныпқа «Present simple» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сайдалиева Шойра сыныптан тыс «Learn all the Languages respect you languages» тақырыбында 7а, 8ә, 8а-сыныптар аралығында іс-шара өткізді. Жусупова Рабиға «Body parts» тақырыбында 3ә-сыныпқа ашық сабақ өткізді. Өтілген сабақтарға талдау жасалынып мұғалімдерге ұсыныстар айтылды.
Оқушыларымыз 2-11 сынып оқушылары арасында үштілділік бойынша ұйымдастырылған республикалык «АЛТЫН ҚЫРАН – ЕРЕКШЕ ДАРЫН ИЕСІ» зияткерлік байқауына қатысып 6а-сынып оқушысы Асилханұлы Мұхамедханафия III орын, Серікбай Мерейлім III орын алды. Жетекшілік еткені үшін Шлекеева Мөлдір «Алғыс хат» алды.
Екінші жарты жылдықта көптеген жұмыстар атқарамыз деп ойлаймын.