2- жүргізуші: Отанымның Жас ұланы,
Жер қайысқан қалың қол.
Мәңгілік ел жолында,
Ант беруге дайын бол!
1- жүргізуші: Бүгінгі жиынның ең жауапты сәті, ант беру рәсімін «Жас Қыран» ұйымы қатарына қабылданушы оқушыларға береміз.
/Ант ету/ Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына кіре отырып:
ҚР патриоты болуға;
Жерлестеріміздің даңқты ерлігі, өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде ант етеміз! Ант етеміз! Ант етеміз!
ЖасҰлан гимн 2- жүргізуші: Ендеше, «Жас Қыран» балалар ұйымына мектебімізден 51 оқушы қабылданғалы тұр. «Жас Қыран» ұйымына қабылданғалы тұрған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төсбелгілерін табыстау үшін мектебіміздің директорын және директордың орынбасарлары мен құрметті қонақтарымыз бен мектеп ұстаздарын ортамызға шақырамыз.
1-жүргізуші:Құрметті, оқушылар «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз.
2-жүргізуші: Бүгінгі салтанатты кештің құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Сыдық Қуат Тұрсынұлына береміз.
/сөз сөйленеді/
2-жүргізуші: Бүгін жаңадан қатарға қосылған «Жас Қыран» ұйымының арнап мектебіміздің 6«Ә» сынып оқушысы орындауында қабыл алыңыздар!
/Ән:Дюсенгалиева Инкар /