Талаптың ұғымы, оның түрлері және элементтерін жазыңыз



бет1/4
Дата18.06.2023
өлшемі23,91 Kb.
#102033
  1   2   3   4

  1. Талаптың ұғымы, оның түрлері және элементтерін жазыңыз



  1. Талапқа қарсылық білдіруін материалдық және процессуалдық жазыңыз




  1. Қарсы талап қоюды жазыңыз

153-бап. Қарсы талап қою
1. Жауапкер істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін бастапқы талап қоюмен бірлесіп қарау үшін талап қоюшыға қарсы талап қоюға құқылы. Қарсы талап қою, қарсы талап қоюды қайтару, оны қабылдаудан бас тарту осы Кодекстің 148151 және 152-баптарында көзделген қағидалар бойынша жүргізіледі.
2. Егер жауапкер істі дайындау сатысында істі сот талқылауына дайындау уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланбауы себебінен сот талқылауына қатыспаса, сот талқылауы барысында қарсы талап қою қабылдануы мүмкін.


  1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздерін жазыңыз

427-бап. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жою не оны өзгерту негіздері
1. Апелляциялық тәртіппен сот шешімінің күшін жоюға не оны өзгертуге:
1) іс үшін маңызы бар мән-жайлар ауқымының дұрыс айқындалмауы және анықталмауы;
2) бірінші сатыдағы сот анықтаған, іс үшін маңызы бар мән-жайлардың дәлелденбеуі;
3) шешімде баяндалған бірінші сатыдағы сот түйіндерінің істің мән-жайларына сәйкес келмеуі;
4) материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы;
5) сот отырысының хаттамасын жүргізу міндеттілігі осы Кодексте көзделген сот отырысы, жеке процестік әрекет хаттамасының істе болмауы негіз болып табылады.
2. Егер сот:
1) қолданылуға жататын заңды қолданбаса;
2) қолданылуға жатпайтын заңды қолданса;
3) заңды дұрыс түсіндірмесе, материалдық құқық нормалары бұзылған немесе дұрыс қолданылмаған деп есептеледі.
3. Мәні бойынша дұрыс сот шешімінің күші бір ғана формальды пайымдаулар бойынша жойылмайды. Материалдық немесе процестік құқық нормаларының бұзылуы немесе дұрыс қолданылмауы, егер осы бұзушылық дұрыс шешім қабылдамауға әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға негіз болып табылады.
4. Егер сот дұрыс шешім қабылдаса, бірақ көрсетілген бұзушылықтарға жол берілсе, қаулыда уәждер, материалдық және процестік құқық нормалары келтіріледі, оларға сәйкес шешім өзгеріссіз қалдырылуға жатады.
5. Егер:
1) істі соттың заңсыз құрамы немесе соттылық туралы қағидаларды бұзып қараған;
2) осы Кодекстің 133-бабының қағидалары бойынша қаралған істерді қоспағанда, сот істі сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарландырылмаған іске қатысатын адамдардың қайсыбіреуі болмағанда қараған;
3) істі қарау кезінде сот ісін жүргізу тілі туралы қағида бұзылған;
4) сот іске қатысуға тартылмаған адамдардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселені шешкен;
5) судья шешімге қол қоймаған немесе істі қарап, шешкен судьядан басқа судья қол қойған кез келген жағдайда бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылуға жатады.
6. Осы баптың төртінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген негіздер болған кезде апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот шешімінің күшін жояды, бұл туралы ұйғарым шығарады. Ұйғарымда істі бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу қағидалары бойынша қарауға көшу туралы, іске қатысатын адамдар жасауға тиіс әрекеттер және оларды жасау мерзімдері көрсетіледі. Көрсетілген әрекеттер аяқталғаннан кейін істі әдеттегідей апелляциялық сатыдағы соттың сол құрамы қарайды.
Қалған жағдайларда, оның ішінде жаңа шешім шығарылып, сот шешімінің күші жойылған кезде, апелляциялық сатыдағы сот істі бір сот актісін қабылдап, бір сот отырысында қарайды.
6-1. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші қайтадан жойылған кезде апелляциялық сатыдағы сот істі талап қоюшы мәлімдеген талаптар шегінде бірінші сатыдағы сот қағидалары бойынша қарау үшін өзінің іс жүргізуіне қабылдауға міндетті.
7. Сот шығыстарын бөлу туралы мәселенің шешілмеуі немесе дұрыс шешілмеуі сот шешімінің күшін жою немесе оны өзгерту үшін негіз болып табылмайды. Сот шығыстарын бөлу қаулының қарар бөлігінде көрсетіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет