Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi.
«Инновация» деген сөз- латынның «novus» жаналық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жанару, жаналық, өзгеру» деген
мағынаны білдіреді.
Зерттеулер бойынша, «инновация» - педагогикалық категорияға жатады және мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын әдіс-
тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады.
Білім берудегі инновациялар арнайы жобаланған, әзірленген немесе педагогикалық бастама ретінде кездейсоқ ашылған жаңалықтар болып табылады. Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Бүгінгі күні білім беру мекемелерінде оқыту үрдісін технологияландыру өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Қазіргі оқытудың басты талабы сабақтың сапасын арттыра отырып сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық, білімділік деңгейге жеткізу.Сондай-ақ оқушыларды белсенді әрекетке тарту.
Оқытудың белсенді және интербелсенді үлгілерін енгізу - бүгінгі таңда өзекті мәселенің бірі. Себебі, оқушы оқу үдерісіне белсенді араласқан кезде ғана берілген материалды жеңіл меңгеріп, жаксы есінде сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі. Сондықтан да бүгінгі күн талабы - оқушыны белсенді әрекетке тарту.
Оқушы-оқу үдерісіне араласқан кезде ғана- берілген материалды жеңіл меңгеріп, жақсы есіне сақтайды, мәніне тереңірек үңіледі!
"Интербелсенді әдіс- үнемі әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде бірігу арқылы ИННОВАЦИЯЛЫҚ оқытудың негізі!
Мен өз іс-тәжірибемде иновациялық оқтуды негізге ала отырып интер белсенді әдісті қолданамын.
Мақсаты: • Сабақ өткізуде оқушы белсенділігінің әсерін арттыруда,
• әр оқушының мүмкіндіктерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын анықтауда,
• жеке тұлғаға бағытталған білім беру жүйесіне көшуде мұғалімдерге көмек ретінде интербелсенді әдістерді ұсыну;
Интербелсенді әдістер дегеніміз қарым-қатынасқа жағдай жасайтын жаңа тәсілдер және оларды сабақта қолдану. Интербелсенді оқу/оқыту дегеніміз - әрекет көмегімен және әрекет арқылы, яғни әрекет жасай отырып үйрену/үйрету. Бұл әдіс - "бірлесе үйрену немесе бірлескен әрекеттер" идеясын басты назарда ұстайды. Яғни: топтық жұмыс және жұптық жұмыс арқылы іске асады.