Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет129/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151
Бақылау сұрақтары: 
Атлас дегеніміз не? Оның даму тарихы? 
Атластың қандай түрлерін білесіздер? 
Оқу үрдісінде қандай атластарды қолдану тиімді? 
 
25. Географиялық  карталар  мен  атластарды  талдау  және 
бағалау 
Атластар  –  жалпы  атауы  бір,  бірақ  бірнеше  карталарда 
құрастырылатын  картографиялық  шығарма  Мифология  айтады: 
Ливияның королі Атлас алғашқы болып Аспандық глобусты жасапты. 
Оның  құрметіне  арнап  аса  көрнекті  голландық  картограф  Геррард 
Меркатор  (1512-1594)  Атлас  атауын  ұсыныпты.атлас  карталар  тәрізді 
жікжіктеледі  де,  қосымша  нышандық  белгі  -  атластағы  карталардың 
қосынды ауданы бойынша үстелдік (15м
2
), орта (6

14м
2
) және қалта 
(


2
) форматты (пішінді) болып бөліктенеді. 
Глобустар – көбінесе 1:30000000-1:80000000 масштабта кішірейтілген 
Жер шарының көлемдік сүлбісі (моделі). Оның бетіндегі параллельдер 
мен  меридиандардың  қиылысуларынан  пайда  болатын  сфероидалық 
трапециялар градустық (географиялық) торлар деп аталады. Алғашқы 
глобустар XV-XVI ғғ. Европада жасалып шығарылды. 
Блок-диаграммалар – бойлық және ендік профильдері кескіндерімен 
қандай  болса  да  беттің  қосарланған  үш  өлшемді  жазықтықтағы 
картографиялық  келбеттері.  Олар  тақырыбы  бойынша  былай 
жіктеледі: 
-  геологиялық және геоморфологиялық, жер беті құрылымының 
жер қыртысы тіліктерімен қосарлануы; 
-  топырақтық, 
жер 
тілімінің 
бедері 
мен 
топырақтық 
профильдерінің арақатысымен қосарлануы; 
-  мұхиттық су массалары, сапылары (фронттары), ағыстары мен 
тұздылығының қосарлануы. 
Блок-диаграммалардың  салынуы  аффиндық  және  перспективтік 
салындылармен орындалады. 
Анаглификалық  карталар  -  қос  бейнелеуден  стереоэффект  пайда 
болатындай  қылып,  параллактикалық  жылжытумен  бірін-бірі 
толықтырушы  екі  түспен  (мысалы,  көгілдір  мен  қызыл)  басылып 
шығарылатын карталар. Олармен жұмыс істеуде арнайы светофильтрлі 
көзілдірік қажет. Бұл карталар жер бедерін көрнекі сүлбі етіп қарауда 
қажетті оқу құралы болып келеді. 


 
123 
Фотокарталар  –  фотобейнелеумен  үйлестірілген  карталар.  Олар 
жалпыгеографиялық,  геологиялық,  тектоникалық,  ландшафтық  және 
ғарыштық,  сондай-ақ  Айдың  және  өңге  планеталар  бетінің 
фотобейнелері болып бөлектенеді. 
Тақырыптық  карталарда  геометриялық  келбеті  көрнекіленбейтін 
табиғаттық  (А),  қоғамдық,  яғни  әлеуметтік-экономикалық  (Ә)  және 
табиғи-қоғамдық,  немесе  гиперсфералық  (Б)  құбылыстар,  объектілер 
немесе процестер бейнеленеді. 
Мысалы,  А.  Табиғаттық  карталар:  физико-географиялық, 
геологиялық,  геофизикалық,  жер  беті  мен  мұхит  түбінің  бедері, 
метереологиялық пен климатологиялық, гидрогеологиялық, мұхиттық, 
топырақтық,  ботаникалық,  зоогеографиялық,  медико-географиялық 
карталар. 
Ә. Қоғамдық  карталар:  тұрғындар,  шаруашылық,  ғылыми  және 
мәдени,  қызмет  көрсету  және  денсаулық  сақтау,  саяси  және  саяси-
әкімшілік, тарихи карталар. 
Б. Табиғаттық  -қоғамдық  карталар:  экологиялық-географиялық, 
табиғи-техникалық карталар. 
Тақырыптық  карталар  сан  алуан  (жалпы  саны  107).  А,Ә  және 
Б топтамаларындағы  карталардың  жеке-дара  аттары  мен  олардың 
үлестік саны тиісінше 63, 35 және 9 екені толық деректелген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет