№14 Зертханалық жұмыс
18-тапсырма. Топографиялық картадан берілген екі нүктенің (15-кесте):
1) абсолюттік биіктігін
2) салыстырмалы биіктігін
3) еңісін
4) пішінін анықтау.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар. Егер А нүктесі
горизонталь үстінде жатса, онда оның абсолюттік биіктігі сол
горизонтальдың биіктігіне тең. Ал егер А нүктесі екі горизонталь арасында
жататын болса, онда оның абсоюттік биіктігін табу үшін қорші жатқан екі
горизонталь биіктіктерін интерполяциялау арқылы табады. Ол үшін
ізделініп жатқан нүкте арқылы d түзуін жүргізеді (12 сурет).
15-кесте
Нұсқа У-34-37-В-в-4 (Снов) картасы бойынша
1
Тастар жиынтығы (6812) – омарта (6712)
2
Құдық (6614) – су қыспақты мұнара (6614)
3
Орманшы үйі (6412) – шіркеу (6413)
4
Жанармай қоймасы (6514) – су қыспақты мұнара (6414)
5
Жол торабы (6812) – «Северный» орманының шығыс бұрышы (6813)
6
Бұлақ (6713) – жол (6614)
7
Орманшы үйі (6611) – омарта (6512)
8
Малдарға арналған қаша (6511) – Орманшы үйінің жанындағы қиылыс (6412)
9
Тастар жиынтығы (6414) – ескерткіш (6413)
10
Жанармай қоймасы (6413) – орман жолдарының қиылысы (6412)
11
Телемачта (6413) – бақшаның оңтүстік бұрышы (6414)
12
Кірпіш зауыты (6613) – жеке тұрған қылқанды ағаш (6513)
13
Ұн тартатын зауыт (6511) – оба (6611)
14
Зираттың солтүстік бұрышы (6413) – жеке жатқан тас (6513)
15
149,7 белгісі бар көпір (6612) – жеке бұта (6613)
16
Темір жолдың тұйықталған жері (6714) – Зираттың солтүстік бұрышы (6714)
17
Электрберіліс жүйесінің далалық жолмен қиылысы (6712) – зираттың батыс
бұрышы (6811)
18
Вороново елді-мекенінің солтүстік-батысындағы жол торабы (6612) – жеке
жатқан тас (6612)
19
Көмір шахтасы (6714) – орманшы үйінің жанындағы құрылыс (6713)
20
Новый елді-мекеніндегі көшелер қиылысы (6412) – орман жолдарының
қиылысы (6412)
Содан кейін берілген нүкте мен төменгі горизонталь арасындағы
арақашықтық d
1
өлшенеді. А нүктесінің биіктігі осыған тең:
Н
А
= Н
төм
+ Δh,
мұндағы Δh = төменгі горизонталь мен А нүктесі арасындағы биіктік.
Пропорция құра, Δh табамыз:
мұндағы h – жер бедерінің биіктік қимасы.
151
Мысалы, жеке тұрған ағаштың абсолюттік биіктігін табу керек
(12 сурет). Керекті өлшемдерді жүргізген соң, d = 12 мм, d
1
= 4 мм
өлшемдері белгілі болды. Биіктік қимасы h = 10 м, осыдан:
Анықталып жатқан биіктік Н = 210 + 3,3 = 213,3 м.
12-сурет. Нұктелердің абсолюттік және салыстырмалы биіктігін анықтау
Берілген құламаның еңісін анықтау үшін рамканың оңтүстігінде
еңістер шкаласы беріледі (13-сурет).
13-сурет. Еңісті анықтау
Горизонталдарды еңісті бейнелеу қасиеті картада оның пішінің
анықтауға мүмкіндік береді. Оның бірнеше түрі болады (14-сурет).
А нүктесі жатқан жердің пішінің анықтау үшін оның екі жағынан
да бірнеше горизонталь белгілеп, кимасын салып алу қажет. Содан
кейін 14-суретте берілген мысалдармен салыстыра пішінің анықтау.
Түзу Дөңес Ойыс Сатылы
14-сурет. Жер бедері пішіндерінің түрлері
152
Достарыңызбен бөлісу: |