139
Қандай да бір нүктенің географиялық координатасын анықтау
үшін келесі шарттарды орындау керек. Шеткі және астыңғы (үстіңгі)
минуттық рамкаға перпендикуляр етіп А нүктесі арқылы меридипн
және параллель жүргіземіз. Нүктенің ендігін анықтау үшін ендігі
54
0
40’ тең оңтүстік рамкадан бастап нүктенің параллелімен
қиылысуына дейін минут пен секунттарды санаймыз. Біздің
жағдайымызда ол бір минут (бір толық минуттық бөлік), 10 секунд
(бір толық он секундтық бөлік) және бірнеше секундқа тең. Қалған
секундты анықтау үшін он секундтық бөлікті және а параллеліне
дейін арақашықтықты миллиметр есебімен өлшеп алу керек. У-34-37-
В-в (Снов) картасында бұл өлшемдер 12 және 3,6 м-ге тең. Осыдан
пропорция құрастырсақ:
мұндағы
х-анықталып жатқан бөліктің өлшемі (секунд есебімен).
Пропорцияны шеше отырып,
х = 4 жауабын аламыз. Осыдан
анықталғын өлшемдерді қосамыз да, А нүктесінің ендігін табамыз: φ
А
= 54
0
40’ + 1’ + 10’’ + 4’’ = 54
0
41’14’’с.е. Дәл осындай тәсілмен
нүктенің бойлығын да анықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: