1-сурет. Нивелир AL 132
48
Нивелир – өлшеу жұмыстарында өте жиі қолданылатын аспап.
Нивелирдің негізгі құрылысы:
– орнықтыру табаны;
– нысаналау түтікшесі;
– цилиндрлік деңгейлегіш.
бөліктерінен тұрады. Нивелирмен жұмыстарды жүргізбес бұрын,
оны алдын ала дөңгелек деңгейлегіш арқылы әзірлікке келтіреді.
Өндірісте нивелирдің мынадай түрлері жасалып шығарылды:
Н -3, Н- 05, Н – 31, Н – 10, 2Н – 10Л, Н – 10К, Н – 10КЛ техникалық
нивелирлер.
2-сурет. Нивелирлеу
Нивелир орындалу тәсілдеріне қарай:
геометриялық нивелир;
тригонометриялық нивелир;
барометрлік нивелир;
Нивелирлеу процесі:
Нивелирлеу мыналармен жүргізіледі:
1) нивелирмен – топографиялық немесе геометриялық нивелирлеу;
2) бұрыш өлшеуіш аспаппен – геодезиялық немесе тригоно-
метриялық нивелирлеу;
3) барометрдің көмегімен – барометрлік нивелирлеу.
11.1 Геометриялық нивелирлеу
Жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара
биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл.
Геометриялық нивелирлеу нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен
орындалады. Нивелирді орналастыруға байланысты.
|