58
алу үшін көз мөлшермен түсірісті қолданады. Көз мөлшермен
түсірісітің құндылығына
оның қарапайымдылығы, аз еңбек қаражатын
және аз уақытты қажет ететіні жатады. Түсірістің жылдамдығы
сызықтың қзындықтары мне бұрыштарды жеңілдетілген әдістермен
өлшеу арқылы тездетіледі, ал жергілікті жердің жер бедерін көз
мөлшермен жүргізілген горизонтальдар арқылы кескіндейді. Нүктелердің
биіктік белгілерін барометрлік нивелирлеумен анықтайды.
Көз мөлшермен түсірісті жүргізу үшін сызба қағазы жапсырылған
картон немесе фанер папкасы – планшет, планшетке бекітілген оны
бағдарлауға арналған компас, бағытты сызуға, ара
қашықтықты салуға
және нүктелерді нысаналауға қажетті нысаналау сызғышы, өлшеуіш-
циркуль, қарындаш және сызғыш болуы қажет.
Көз мөлшермен түсірісте ара қашықтықтар қадаммен немесе көз
мөлшермен өлшеніледі. Қадам масштабын құру үшін әр адам өзінің
қадамының орташа мәнін алдын ала анықтап алуы қажет. Ол үшін
күні бұрын белгілі бір ара қашықтық (мысалы, жүз метр) бірнеше рет
қадаммен өлшеніледі. Осы 100 метр ара қашықтықты қадаммен
өлшегенде орта есеппен жүз он сегіз қадам болды делік. Демек, бір
қадамның ұзындығы 100:118=0,85 м болады, егер түсірістің сандық
масштабы 1:10000 болса, онда ұзындық масштабтың табаны 2 см-200
м-ге немесе 200:0,85=235 қадамға сәйкес келеді. Масштаб табаны
үшін, мысалы, 250 қадамға тең шаманы алған қолайлы.
Табан шамасын анықтау үшін пропорция құрамыз
2 см – 236 қадам
x см – 250 қадам
Бұдан
x=(250*2):232=2,16 см
Масштаб табанын 2,16 см деп қабылдап, қадам масштабын құрады,
оны қолданып планда метрмен алынған ара қашықтықтарды салуға
болады.
Түсіру алдында түсірілетінучаскені рекогносцировкалауды және
бұрылу нүктелерін белгілейді. Түсірудің негіздеу сызықтарын
жолдармен, тоғай жолымен, байланыс сызықтарымен және т.с.с.
сәйкестендірген қолайлы. Түсіру жүргізілетін сызықтар жүрістік, ал
бұрыш нүктелері түсіргі нүктелері деп аталады.
Түсіруді планшетті бағдарлаудан бастайды. Бастапқы тұру
нүктесін түсірілетін аудан немесе маршруттың бөлігі қағаз бетінде
қолайлы орналасатындай етіп тандайды. Планшетпен қағазды компастың
магнит тілінің солтүстік шеті
N әрпімен белгіленген штрихпен
беттесетіндей етіп бағдарлайды. Осыдан кейін полярлық тәсілмен
түсіруге тиісті барлық нүктелерді нысаналайды, ал ара қашықтықтарды
көз мөлшермен анықтайды. Сонан кейін қиылыстыру арқылы
59
түсірілуге тиісті барлық заттарды сызады, ол нүкте үшін жолдың
бұрылуын, ағашты және т.с.с. елеулі көрініп тұрған затты тандайды.
Осы бағытпен жүріп отырып қадам санын санайды. Қадам масштабы
көмегімен алынған ара қашықтық планшетке түсіріледі.
Санақ нүктесінен басқа нүктеге ауысу кезінде жүрістің екі
жағынан перпендикулярлар немесе полярлық тәсілдерімен толықтыру
түсірулері жүргізіледі. Жергілікті жердің жер бедерін горизонтальдармен
кескіндейді.
Бірінші станциядағы түсірулер біткеннен кейін келесі станцияға
көшеді де, планшетті магниттік меридиан немесе жүріс сызығының
сызылған бағыты арқылы бағдарлап, түсіріс жұмыстарын орындайды.
Негізгі жүрісті тұйықталған полигон түрінде салады. Жүріс
тұйықталғанда ұзындық қиыспаушылығы жүріс периметрінің 1/50-
нен артық болмауы тиіс. Жүрісті үйлестіру параллель сызықтар
графикалық әдісімен орныдалады. Қажет болған жағдайда полигонның
ішінде диогональ жүрістерді салады.
Көз мөлшермен түсірісте мынадай қалыптасқан ережелерді
нұсқау етіп алу ұсынылады; қиылыстырулар үш нүктеден кем
жасалынбауы тиіс, түсірілген контурлардың орындары мүмкіншілік
болған сайын тексерулері тиіс; әрбір жаңа санақ нүктесінде бұрын
сызылған бағыттар тексерілуі және толықтырылуы тиіс; планды
безендіру далада жүргізілуі қажет; егер далада өңдеудің кейбір
нәрселері бітпеген болса, онда оны сол күні кешке дейін міндетті
түрде аяқтаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: