61
артық болмауы тиіс. Қабырғалары 0,4 мм үшбұрыш қателеріне жол
беруге болады. Трапецияда бастапқы пункттер 2-ден кем болмауы керек.
Түсіріс алдында планшетті дайындайды: ол үшін Дробышев
сызғышының, штангенциркуль мен координатографтың көмегімен
қабырғалары 10 см квадрат торкөздерге бөледі.
Мензулалық түсіріс кезінде қағаз жапсырылған планшет штативке
горизонталь жағдайда белгілі бір нүктенің үстіне орнатылады.
Планшетте жергілікті жердегі А нүктесінің проекциясы болып
саналатын а нүктесі арқылы кипрегельдің көмегімен В нүктесін
нысаналайды да планшетте ab сызығын, ал содан кейін С нүктесін
нысаналап ас сызығын сызады. Планшеттегі сызылған сызықтар
кипрегель дүрбісінің коллимациялық жазықтығының планшеттің
горизонталь жазықтығымен қиылысу ізі болып саалады. Демек,
планшетте табылған ВАС = β' бұрышы жергілікті жердегі бұрыштың
горизонталь проекциясы болып табылады.
В және С нүктелеріне дейінгі қашықтықтарды қашықтық
өлшеуішімен анықтайды да, олардың горизонталь проекцияларын
алынған масштабта планшетке салады. Нүктелердің аслыстырмалы
биіктіктерін тригонометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды.
Түсірісті жасаған кезде планшеттегі және табиғаттағы жергілікті
жердің контурлары мен сызықтарының горизонталь проекциялары бір
– біріне параллель болуы тиіс. Сондықтан планшетті жұмыс
жағдайына келтірген кезде оны бақылау нүктесінің үстіне центрлеу
мен горизонтальдаудан басқа, сондай-ақ планшетті жер шарына
байланысты бағдарлауды орындау қажет.
Түсіріс негіздеуін жиілендіру мензулалық жүрістермен: негізгі
түсіргі және өтпелі нүктелермен атқарылады. Негізгі жүрістегі
салыстырмалы қиыспаушылық 0,8-1,5 мм-ден аспауы керек. Жүрісте
болған қиыспаушылықты параллель сызықтар әдісімен графикалық
жолмен бөледі. Нүктелер арасындағы салыстырмалы биіктігі екі
мәрте анықталады, олардың алшақтығы 100м болған кезде
қиыспаушылық 4 см-ден аспауы тиіс.
Өтпелі нүктелер, яғни геодезиялық жүйе пункттері түсіргі
негіздеулер нүктелерінен және де қиылыстырулардан, сондай-ақ
геодезиялық жүйе пункттерінің аралығындағы жармадан рулеткамен
немесе болат лентамен өлшеу арқылы анықталады.
Мензулалық түсірісті жасаудың алдында мензулалық планшетті
даярлау керек. Планшетті түсіріске даярлау үшін қағазды тікелей
планшетке немесе қатты негізге, яғни фанер немесе аллюминий табақ
бетке жоғарғы беті толығымен тегіс болатындай етіп жапсырады.
Планшетке қағаз жапсыру. Мензулалық планшетке сызба
қағазын
тіклей жапсырады немесе тақтаға алдын ала тығыз коленкорды тереді.
Қағаз бетінің өлшемі планшеттен біршама артық болуы керек.