Қ. Т. Сапаров г.ғ. д., С. Торайғыров ат



Pdf көрінісі
бет95/151
Дата07.01.2022
өлшемі5,58 Mb.
#19097
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   151
Бақылау сұрақтары: 
Картографиялық  проекция  дегеніміз  не?  Оның  тарихын 
сипаттаңыз. 
Проекциялардың жіктелуі неге абйланысты жүреді? 
Цилиндрлік  прекция  дегеніміз  не?  Ол  қалай  құрылады?  Оның 
қандай түрлері картографияда кеңінен қолданылады? 
Конустык проекция дегеніміз не және ол қалай бөлінеді? 
Азимуттық проекция жайлы айтыңыз. 


 
89 
19. Картографиялық генерализация (іріктеу) 
Генерализациялау  -  жалпылау,  жалқыдан  жалпыға  логикалық 
өтуі, жалқы құбылыстарды жалпы ұстанымдарға бағындыру.  
Генерализация  деген  сөздің  аталу  тегі  (лат.  genralis  -  жалпы, 
жалпылау).  Іріктелу  (генерализовать)  геобейнелеу  іс-әрекетінің 
ажыратылмайтын  қасиеттерінің  бірегейі,  оның  алуан  түрлері  бар: 
картографиялық,  дистанциондық,  динамикалық,  автоматтық  т.б. 
Түрлері  мен  бейімделулерінің  әр  қилылығына  қарамастан,  іріктеудің 
басты мағынасы – геобейнелеудің масштабы мен атқаратын міндетіне 
орай  объектілер  мен  құбылыстардың  кейіп-кескіндері,  сипатты 
ерекшеліктері және өзара байланыстылықтары өзгермей қала береді. 
Картографиялық  генерализация  (іріктеу)  –  бұл  картаның 
масштабына,  атқаратын  міндетіне,  мазмұнына,  картографияланатын 
жер  танабының  ерекшеліктеріне  сай  бейнеленетін  объектілер  мен 
құбылыстардың  басыңқы  да  кейіпті  кескіндерін  сұрыптау,  жалпылау 
және бөлектеу. 
Картографиялық генерализация – картада бейнеленген объектілердің 
масштабына  және  қолдануына,  картаның  мазмұнына  және 
картографияланатын  аумақтың  ерекшеліктеріне  сәйкес  жалпылануы 
мен жинақталуы. 
Генерализация  –  барлық  картографиялық  көріністердің  негізгі 
қасиеттерінің  бірі.  Ол  объектіліердің  сандық  және  сапалық 
қасиеттерін жалпылау мен қоймай, кеңістікте негізгі қасиеттерін жеке 
және  жалпылай көрсетумен көрінеді.  Картографиялық  генерализациялау 
процессі  автоматтандырылуға  қиын.  Генерализацияның  факторлары 
ол  картаның  масштабы,  объекті  оқып  білуі,  картаны  графикалық 
көркемдеуі  болып  табылады.  Картада  тек  қана  қолдануға  сәйкес 
объектілер  ғана  көрсетіледі.  Басқа  объектілерді  яғни  картаның 
мазмұнына  сәйкес  емес  болса,  онда  оны  қабыл  алу  қиынға  түседі. 
Объектіні  нақты  оқып  білу  кезінде  көрініс  анық  және  түсінікті 
болады,  ал  фактылы  материалдар  аз  болған  уақытта  ол  жалпыларған, 
схемалы түрде болады. 
Іріктеудің  нәтижесінде  ықпал  ететін  басты  фактор  –  ол  карта 
масштабының  өзгеріске  ұшырауы  –  оның  ірі  масштабтылықтан  ұсақ 
масштабытылыққа айналуы. 


 
90 
Мысалы,  бастапқы  1:25000  ірі  масштабты  картадан  1:200000 
және  1:1000000  ұсақмасштабты  карталар  іріктелуі  керек  делік.  Бұл 
үшін алдын ала мынадай талдау іс-әрекеттері қажет: 
 
Көрсеткіштер 
Талдау іс-әрекеттері 
Бастапқы масштаб 
Іріктеу масштабтары 
1. Сандық масштаб 
1:25000 
1:200000 
1:1000000 
2. Атаулық масштаб 
1см-0,25 км 
1 см-2км 
1 см- 
10 км 
3. Жер бетіндегі 1 км 
қашықтыққа сәйкесті 
картадағы кесіндінің 
ұзындығы, см 

0,5 
0,1 
4. Жер бетіндегі 1 км
2
 жер 
танабына сәйкесті картадағы 
ауданның мөлшері, см
2
 
(немесе мм
2

16(1600) 
0,25(25) 
0,01 )1)
 
 
Тұжырым:  іріктеудің  салдары  жер  танабының  картадағы  1600 мм
2
 
тең ауданын 25 мм
2
 және 1 мм
2
 шамаларына дейін кішірейтті. 
Төменде  іріктеуден  туындаған  картографиялық  бейнелерге  тән 
сипаттамалар берілген. 
 
Бастапқы масштаб 
Іріктеу масштабтары 
1:25 000 
1:200000 
1:1 000000 
Елді мекен 
Жеке  және  көлденең  көшелер,  бақтар, 
бау-бақшалар 
барынша 
толық 
келбеттелген 
Әжептәуір 
сұрыпталы
п 
жалпыланғ
ан 
Пунсонмен ғана діттелген 
Өзен 
Енді 300м, сал өткел (алаңы 5*4м
2
, жүк 
көтергіш қабілеті 5 т), диірмен, кемежай 
айқын кескінделген 
Қос 
сызықпен 
дараланған 
Қалыңдығы  0,5  мм  дара 
сызықпен ғана діттелген 
 
Іріктелуге қажетті мынадай жағдайлар еске алынуы керек: 
– картаның  түрі.  Жалпы  географиялық  картада  жер  әлпеті,  жер 
бедері,  гидрографиялық  объектілер,  топырақтар  мен  өсімдіктер 


 
91 
жамылғысы  сияқты  жер  танабының  элементтері  тең  қатынаста 
іріктелуі керек. Тақырыптық картадағы объектілер мен құбылыстардың 
іріктелуі әр қилы, кейбіреулері толық, басқалары ықшамдалған болып 
келеді де, іріктеудің деңгейі картаның тақырыбымен шамаланады; 
– объектілер  мен  құбылыстардың  маңыздылығы.  Құдықтар, 
шөлді  аймақтардағы  бұлақ-су  көздері,  сұреулер,  ну-ормандағы  жеке-
дара құрылыстар, қауіп-қатер көздері іріктеуден тыс қалмау керек; 
– картаның  атқаратын  міндеті.  Ол  бойынша  жер  таңабындағы 
көптеген  объектілер  мен  құбылыстар  көлемдік  сұрыптау  мен 
мөлшереленеді  де,  оларға  тән  сандық  және  сапалық  сипаттар 
жалпылануға ұшырайды. 
Іріктеуге қатысты тағы бір дәйектілік – оның геометриялық мән-
жайы.  Бұнымен  байланысты  алуан  түрлі  тұлғалар  сандық  және 
сапалық  жалпыланудан  өтуі  керек.  Сандық  жалпылауда  объектілер 
мен  құбылыстардың  сипаттары  аралық  (сатылық)  межелеудің 
іріленуімен  бөлектенеді.  Мысалы,  жапырақты,  қылқан  жапырақты, 
аралас  ағашты  орман  тұлғаларының  шартты  белгілерін  бір  белгіге  – 
бірлестірілген орман белгісіне ауыстыру қажет болады. 
Объектілерді  сұраптауда  олардың  ең  қажеттілерін  ғана  қалдырып, 
басқаларын  шығарып  тастаумен  шектеледі.  Іріктеу  барысында  тағы 
бір  есте  болатын  жағдай  –  ол  карта  жасауға  байланысты  берілетін 
редакциялық  нұсқаулардағы  цензді  («өкілдік»  қалыпты)  сақтап  қалу. 
Мысалы,  картадағы  1  дм
2
  ауданға  шағылатын  елді  мекендер  санын 
немесе  карта  бетінде  кескінделетін  өзендердің  қысқалығын  шектеу. 
Сондай-ақ жекелеген объектілерді жинақы таңбамен (пунсонмен) ғана 
беру. 
Түрлі түсті карталар бір түсті карталарға қарағанда көп белгілерді 
көрсетеді.  Басылып  шығарудың  сапасы  мен  түсті  дұрыс  таңдау 
картаны оқуды жеңілдетеді. Бір түсті карталарда әртүрлі сызықтар мен 
объектілердің түрлерін көрсету мүмкіндігі аз.  
Картаның қасиеттері мынадай: 
-  масштабтылық. Картографиялық бейнелеулер нақты өлшемдерімен 
салыстыруда белгілі бір пропорцияда кішірейтіліп кескінделеді; 
-  картографиялық бейнелеудің іріктелуі. Карта бетінде ең басты, 
кейіпті деген құбылыстар мен объектілер көрсетіледі: 
-  картографиялық  бейнелеудің  өңегелігі.  Сызбалық  кейіптеу 
шартты картографиялық белгілеулер мен құбылыстар картографиялық 
бейнелеудің тәсілдері мен келбеттеледі; 
-  математикалық айқындылығы. Картаны жасау картографиялық 
салынды  деп  аталатын  кескіндеудің  математикалық  тәсілімен  жүзеге 
асады.  Мұнда  бейнелеуге  қойылатын  шарттар:  үздіксіздік  пен  бір 


 
92 
мағыналылық  сақталып  қалады,  яғни  Жер  әлемі  бетіндегі  әрбір 
нүктеге (объектіге) сай карта бетінде бір ғана нүкте сәйкестенеді; 
-  картографиялық  бейнелеулердің  әр  алуандылығы.  Кеңістікті 
таралған  қай  құбылыс  немесе  объект  болмасын  оны  карта  бетінде 
келбеттеуге  болады.  Тіпті  картаның  көмегімен  өткен  уақытқа  көз 
жіберуге болады. Мысалға тарихи карталарды еске түсіріңіз. 
Мазмұны  бойынша  карталар  жалпыгеографиялық,  тақырыптық 
және  арнайы  деп  аталып  3  топқа  бөлінеді.  Жалпыгеографиялық 
карталарда геометриялық пішінімен тұлғаланған мазмұндық элементтер 
(жер бедері мен келбеті, су объектілері, елді мекендер, жол қатынастары, 
байланыс  желілері  кескінделеді.  Бұларға  тән  сипаттамалардың 
түгенделуі  масштаб  пен  олардың  іріктелу  дәрежесіне  тәуелді  болып 
келеді.  Бұл  карталардың  қолданылуында  ірі,  орта  және  ұсақ 
масштабты карталар тиісінше топографиялық, шолулық-топографиялық, 
шолулық  болып  аталынады.  Бет-бейнелік  карталар  -  жер  тілімінің 
үшөлшемді  көлемдік  сүлбісі.  Олардың  көрнекі  мен  айқынды  болуы 
үшін вертикаль масштаб горизонталь масштабпен салыстыруда 2-5 есе 
(таулы  аймақтарда)  және  5-10  есе  (жазықтарда)  іріленіп  қабылданады. 
Бұл  карталар  оқыту  процестерінде,  кейбір  іс-тәжірибелі  есептерді 
шығаруда  (мысалы,  жолдар  мен  су  қоймаларын  жобалауда)  жиі 
қолданылады.  Құрылымдық  профильдер  -  жер  қыртысының  берілген 
бағыттар бойынша тіке тілігі және онымен қоса тіке бағытта жинақы 
көрсетілетін маңайдағы құбылыстар (мысалы, геологиялық құрылым, 
топырақ, өсімдіктер және т.б.). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет