98
Бақылау сұрақтары:
Картографиядағы жазуларда қандай ережелер ұстанылады?
Оларды қандай топтарға бөледі?
Топонимика саласы нені зерттейді?
Шет тілдік атаулар қандай түрлерге ажыратылады?
21. Карталардың жіктемесі (классификациясы)
Карта (
немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға
пайдаланылатын папирус
парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның
немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана
отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі
(үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың
өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б.
анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы
мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды.
Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым
мен елдің қорғанысында
маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі
құрылыс ғимараттарын жобалауда
кеңінен қолданылады;
Карта – Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір
картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап
бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: