оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.
Ресімдеу
Слайд,презентация
Музыкалық және бейне көркемдеу
интерактивті тақта, слайд
Үлестірмелі материалдар
мақал – мәтелдер жазылған плакаттар
Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер
Презентация
Дайындыққа арналған әдебиет
Интернет материалдары
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Ресурстар Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары
Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең.
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?
Біз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі. Мен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз.
Презентация
Ортасы (20 мин)
Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».
Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).
«Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)
- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу; - Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық; - Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану. Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
Презентация
Соңы
«Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.
ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын. Елде бейбітшілік орнасын. Данышпандардың саны көбейе берсін. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін. Экономикамызөрге бассын.