0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


Күні Класс жетекші



бет9/22
Дата15.11.2023
өлшемі260,83 Kb.
#123702
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Байланысты:
8 сынып 22-23 тәрбие жоспары

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол кемел ұстаз. (К. Ушинский)



Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын қызығушылықтарын арттыру, бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету.

Құндылықтарды дарыту

Ұстазды құрметтеуге баулу

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация интербелсенді тақта, слаидтар



Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті



Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Балалар қазақтың тұңғыш ұстазын білесіңдер ме? - Әрине Ыбырай Алтынсарин. Қазақтың ұлы ағартушысы, педагог, ғалым-жазушы Ыбырай Алтынсарин тұңғыш ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, көркем әдеби тілдің тазалығы үшін күресуші, балаларға таза ана тілін үйрету арқылы халықтың бай тілін меңгеріп, өнер-білімге бастаушы. Ыбырай Алтынсарин туған халқына оқу-білімге шақырып, кенжелеген қараңғылықтағы еліне білімнің жарық сәулесін таратты. Тұңғыш қайраткер жас ұрпақ тәрбиелеуде жаңа ғылымның іргетасын қалады. Өзі бас болып, бірнеше жерде кездескен кедергі қарсылыққа қарамастан, 1864 жылы мектеп ашты.

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.




Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Ұстаздың оттай ыстық алақаны,
Болған соң ойлайтыны-бала қамы
Баладан ұстазыма мың сан алғыс
Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.


Нұрын төккен көк аспан күмбезінен
Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.
Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,
Бар байлығын әлемнің бір сіздерге.


Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына
Білім іздеп лапылдап жана берем





Ән: «Ұстазым,менің ұстазым» хормен


Оқушылардың жыр шумақтары тыңдалады

бейнематериал

Ортасы
(20 мин)



Ұлы ғұламалар мен ақын жазушылардың ұстаздар жайлы айтқандарына кезек береміз.
1.Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы,сыр жасырмай ашық айтатын адамы-мұғалім.
(Ғабит Мүсірепов)
2.Мұғалім өзінің білімділігімен, жүріс тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні, кмген киміміен де оқушысына жақсы мағынада қатты әсер етеді(Мәлік Ғабдуллин)
3.Жақсы адам ғана басшы бола алады.(Жүсіп Баласағұни)
4.Ұстаз деген ұлағатты атауды естігенде, күні бүгінге дейін өзімді шәкірттей сезінемін.(Серке Қожамқұлов)
5.Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің, адамгаршіліктің жаршысы болуға тиіс.(С. Көбеев)
6.Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол кемел ұстаз. (К. Ушинский)



Білімнің дәнін тереді
Балаға тәлім береді (Ұстаз)
Білімнің -жолбасшысы,
Шәкірттің –қолбасшысы(Ұстаз)
Оқу-білім бағдары
Заманының бағбаны (Ұстаз)


Жұмбақты бір бірінен жасырады

Бейне
құттықтау

Соңы



Ұстаз ақыл-ойы мен күш-қуатын балаларға арнап, жан аямай еңбек етеді. Өйткені ол, оның көкірек көзін ашып, дүниетанымен кеңейтіп қияға қанат қақтырады. Сондықтан болар кейбір дарынды ойшылдар да, тіпті арман қуған балалар да ұстазды ерекше пір тұтып қадірлейді. Сондықтан ұстазды қадірлейік, ренжітпейік деген қорытынды

Хор «Ұстазым»

Музыка қосылады

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет