0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары



бет15/42
Дата21.01.2023
өлшемі0,68 Mb.
#62181
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
Байланысты:
1 сынып 22-23

Тәрбие сағаты

«Аналар асыл жандар»

Күні




Класс жетекші:




Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Аналар асыл жандар»

Сабақтың мақсаты:

Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру

Құндылықтарды дарыту

. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар.

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Халқымыз ғасырлар бойы аналарды қастерлеп келген. Сол дәстүр қазір де жалғасуда. Ұрпақ өсіріп жатқан аналарға қалайша риза болмасқа! Бүгін біз дүниедегі ең қымбат , аяулы жан-аналарымызды,қыздарды 8 Наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Аяулы аналарға ұзақ ғұмыр , бақытты өмір , отбасыларына қуаныш пен амандық тілей отырып «Арулар-асыл жандар» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
«Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі-аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық. »
«Дүниеде өзгермейтін үш нәрсе бар: ол-ананың ақ сүті, сәбидің күлкісі, күннің нұры»



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.


Компьютер



Сабақ басы (13 мин)


Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,


Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгелеңген дүниеде,
Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!

Ана тұрса құшаққа алып баласын,


Бақыт, шаттық белгісіндей жарасым.
Қабағыңды кірбің шалмай өмірде,
Қуанышқа кенеле бер, Анашым!

Аяулы да алтын нұрлы анашым,


Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың,
Сен жомартсың, данасың!

Шуақ төгіп күлімдейтін қарасам, Анашымды күнге ғана баласам. Жер бетінде ең жақыным - өзіңсің Мәпелейсің, аялайсың әрқашан!


Құшағыңа кіргенде
Жылынамын бір демде.
Не жетеді көзіңе
Мейірімді күннен де.
Сегізінші Наурызбен
Құттықтаймын, анашым,
Жылылықтан жаралған,
Құшағы оның таң ба екен?
Менің айдай анамнан,
Асқан сұлу бар ма екен?!

Ойын « Ананның есімін ата» ананның есімі қай әріпке басталады сол әріппен ананды таныстырасын.


Олай болса бізбен бірге «Анамызды қаншалықты танимыз» сұрақ жауап ойының ойнайсың ба?
- Бала, бала, бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолда талпынтқан
Қаймақты сүттей қалқытқан
Суық болса жөргегі,
Қорғасындай балқытқан.
Айналасына тас қойып,
Өзенді көлдей шалқытқан,
Қолын қатты тигізбей
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім, балалар?



Оқушылардың құттықтауы

Оқушылар аналарының есімін айтады


Оқушылар


АНА, АНА,АНА

Компьютер
видео



Ортасы (20 мин)





 Баланың да тірегі
Даланың да тірегі.
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Бәріңіз де анасың,
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын, мейрамың,
Құттықтаймын анашым!

Ана дамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейрім мен мерейдің достық пен туысқандықтың туып тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсеңде, ана борышын өтей алмайсың. Ана парызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту таралғанның жоқ.



Оқушылар аналарына арнап салған суреттерін ұсынады





Компьютер

Соңы

Мұғалім: -Сөзімнің соңын мынадай оқиғамен аяқтағым келеді: Екі дүниенің сардары, кісіліктің киесі өмірдің үлгісі болып, Аллаһтың хақ дінін насихаттаған пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғс.) –ға сахабалары келіп -Алланың елшісі бұл өмірде кімге бірінші сәлем беру керек деп сұрағанда: - Ол анаңа,- деді, екінші кімге дегенде: - тағыда Анаңа,- деді, үшінші кімге дегенімізде: -тағыда Анаға,-деді төртінші кімге дегенді: -Әкеңе,-деді . Міне бұл тек аналарға деген ерекше құрмет. Осындай хақ діннің заңына бағынған халқымның салт-дәстүрін құрметтеген адам аналарын құрметтеуі тиіс. Әрқашан да аналар беделі биік болсын!-дей отыра класс сағатымызды аяқтаймыз.





«Ана туралы жыр»


Хор ән



Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет