Баршамыздың сауатымызды ашып, білім нәрімен сусындатып, өмірге қанат қақтырған Ұлағатты ұстаздар мерекесі келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Ұстаз! Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор.
Ұстаз сөзінің формуласы қандай
Ұ – ұлағатты
С – салмақты
Т – тапқыр
А – ардақты
З – замандастай зиялы
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
( Ұстаз сөзінің формуласын көрсетіп айтады)
Компьютер
Сабақ басы (13 мин)
Ұстаз мейірі мен ана мейірімі егіз
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді
Өмірдің діңгегі—ұлы ұстаз.
Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты ,
Білімдік бар биікке шығар саты
Ең алғаш басталады осы адамнан,
Сүйеді сондықтан да жақын жатты
Жайраңдап көктемім
Күледі көкте күн
Құшағын жайып
Аяулы мектебім
Санама нұр құйған
Ұстазым көп менің.
Сөз сөйлесе,жарқын-ақ
Күніміздей жарқылдап
Қызықөтіп сабағы
Өсіреді ой- сананы ,
Біздермен ойнап күледі,
Сырымызды біледі
Қасымызда қашанда
Қамқор болып жүреді.
Кемшілікті кезінде
Кесіп айтар өзіңе
Өнеге мол өзіңе
Өсиет көп өзінде
Көзімнің хошын-ай
Көп шәкірттің досындай
Ақ ниетті, кеңпейіл
Ұстаздарым осындай.
Бір баланың өмірге танымын, оқуға құштарлығын оятып, дұрыс бағыт сілтеген ұстаздың еңбегі сол баланың бақыты өмірімен де есептелмес! Ал біздің арамызда мұндай ұстаздар қаншама! Сондықтан да Сәбит Мұқанов:
«Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты» - деп жыр жазған.
Оқушылардың ұстаз туралы жыр шумақтары тыңдалады
Компьютер
Ортасы (20 мин)
Проблемалық сұрақтар: Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ. 1. Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан - жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тиісіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорды шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қанда шаралар қолданасыңдар.
3. Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер. Бұл проблемалық ситуациядан шыға алдыңдар балалар. Балалар сендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдерме?
Оқушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді
Компьютер
Соңы
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.