0 " " сыныпқа арналған тәрбие жоспары


Дайындыққа арналған әдебиет



бет4/30
Дата13.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#82617
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
7 сынып 22-23

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Бүгінгі «Қоғамдық орындардағы этикет ережелері » тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз. 
Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің, 
Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін. 


Оқушылар үш топқа бөлінеді.



«Әдептілер»


«Тәртіптілер»


«Мәдениеттілер»

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.



Компьютер


Сабақ басы (13 мин)



Тәрбиелі оқушы көпшілік ортада: 
Ол үнемі өзінің жалғыз емес екенін есте сақтайды. Өзін өзгелерге кедергі келтірмейтіндей ұстайды. Біреумен сөйлесіп тұрып сағыз шайнамайды. Шайнаған сағызын жерге түкіріп тастамайды немесе үстелге, орындыққа, қабырғаға жапсырмайды. Қарсы келген үлкен кісіге жол беріп өткізіп жібереді. Өтіп бара жатып тайып кеткен кісіге сүйеу болады. Қоғамдық көлікте үлкендер мен балалы әйелдерді өткізіп жібереді, оларға орын береді. Автобустан шығарда алдындағы кісілерді итермелемей, сыпай ғана өткізіп жіберуді сұрайды. 



Оқушыларға бейнематериал көрсетіледі.
Оқушылар өз ойларын ортаға салады





бейнежазба

Ортасы (20 мин)



1 топ: «Әдепті бала –арлы бала» Эссе жазу
2- топқа: Театрда, мұражайға барғанда... Ереже құрастыру
3- топқа: «Домино» ойыны: \ Сөз бөліктерінен өлең құрастырып шығу\
«Домино» ойыны: 
Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен.
Сыпайылық белгісі-
Үлкендерге «Сіз» деген.

«Білген сайын келеді біле бергім.» (
1. Жақсы –Ай мен күндей, ............
2. Жақсы адам жаймен келеді, ... ... ..
3.Балаң жақсы болса, сүйеніш,
.... .... ..........
4. Ағаштан ағаш сәнін алады, \ адамнан адам тәлім алады\
5. Әрқашан тілектес, .... .... \ досыңа көмектес.\
6.Татулық- достық \ кепілі\
7.Атаңа не қылсаң,
8.Әдепсіз өскен адамнан- \ тәртіппен өскен тал жақсы\
9.Ұяда не көрсең... 
10.Ашу – ... , ақыл -...

Хаттар сырына үңілейік

Хатта былай делінген:

- Құрметті достар! Мен жанұяда тұңғыш баламын.. Сондықтан да әке-шешем айтқанымды жасап еркелетіп өсірді. Әке-шешем менен ешнәрсені аямайды. Бірақ менімен бос уақыттарында әңгімелесуге, көңіл бөлуге уақыттары да жоқ. Бос уақыттарымды көше кезіп бекерге ойынмен өткіземін. Балалармен жиі ұстасып қаламын. Қазір байқаймын менімен ешкім дос болғысы келмейді. Әрине оны ата-анама айта алмаймын. Достар, дұрыс жолға түсуге қандай ақыл-кеңес бересіңдер? Сендерден көмек күтемін.
Сәлеммен Жарқын.






Шашыраған сөздерден мына өлең шумақтарын белгілі бір уақытта жинап үлгеріп, оқып беру керек. 


Мақалдардың жалғасын табу

Оқушылар өз ойларын ортаға салады,ақыл-кеңестерін береді. 

Маркерлер
қағаздар

Соңы



. –Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді» Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз. 
Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!






Оқушылар бір-біріне жылы тілектер айтады

музыка

Бекітілді ___________


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет