10.3 E Органикалық химияға кіріспе бөлімі бойыншажиынтық бағалау І-нұсқа
Оқу мақсаты
10.4.2.2 көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырату;
10.2.2.3 элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын табу;
10.4.2.5 қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша атау;
10.4.2.9 берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау;
10.4.2.11 алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құру;
10.4.2.12 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін білу
Бағалау критерийі
Білім алушы:
- көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажыратып жазады;
- элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын есептейді;
- қосылыстардың құрылымдық формуласын құрастырады және оларды теориялық және қолданбалы химияның халықаралық одағы номенклатурасы бойынша атайды;
- берілген жану өнімдері бойынша заттың молекулалық формуласын анықтайды;
- алкандардың галогендеу реакция теңдеулерін құрастырады;
- циклоалкандардың физикалық, химиялық қасиеттерін ажыратады