0 сынып 10. В. Қазақстан Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдарда



бет7/33
Дата15.12.2023
өлшемі203,6 Kb.
#137997
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
1946-2013 жж 9-10 класс материалдары

Терминологиялық сөздік:

  1. Идеология – ілім, қоғамдық сана. Идеолог – таптың немесе қоғамдық топтастықтың ойын білдіруші, идеялық мүддесін қорғаушы деген түсінік.

  2. Утопия - (көне грекше: topos - орын, жер, яғни, жоқ жер) - әлеуметтік-саяси қиял түрі, орындалмайтын арман, ойдан шығарылған, ғылыми негізделмеген, шынайы өмірде жоқ, жүзеге асыру мүмкін емес, көбіне өмір сүріп отырған қоғамнан әлдеқайда жақсы, мінсіз жобалар.

Сұрақтар:

    1. Жеке адамга табынушылық және оның зардаптары туралы» қаулы қашан қабылданды?

    2. Большевизм басшыларының утопиялық көзқарастары жөнінде өз уақытында кімдер айтты?

    3. 1962 жылы қазақтар республика халқының неше пайызын құрады?

    4. 1954-1965 жылдары Қазақстан халқына қанша млн адам қосылды?

6-тақырып.Неліктен тарихшы Е.Бекмаханов 25 жылға бас бостандығынан айырылды?


1943 жылы жазда ежелгі дәуірден сол кезге дейінгі кезеңді қамтитын тұңғыш «Қазақ ССР тарихы» Алматыда жарық көреді. Кеңес республикаларының тұңғыш дербес тарихын жазудың бастамасы болған және беделді ғалымдар күш салғандықтан бұл кітап, бірден көзге түсіп, Сталиндік сыйлыққа ұсынылады. Бірінші сыннан сүрінбей өтеді. Бірақ авторлардың қуанышы бірнеше жылға созылған дауға, ал Бекмаханов үшін трагедияға айналады. Сталиндік сыйлық жөніндегі комитеттің соңғы мәжілісінде КСРО ҒА корреспондент-мүшесі Яковлев «Қазақ ССР тарихы» орыстарға қарсы жазылған, зиянды кітап деген пікір айтып, сарапшыларды шошытады. Оның ойынша Отан тарихы біртұтас КСРО тарихы, яғни интернационлизм принципіне сай келуі тиіс болатын. Бұл сталиндік тұжырымдамаға сай келетін қасаң, догматтық ұлы державалық шовинистік көзқарас еді. Осы кезде 1943 жылы 28 маусымда Ермұхан Мәскеуде «Қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған азаттық күресі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ал, 1946 жылы «Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдары» деген докторлық диссертация қорғайды. Осыдан кейін оған ашықтан-ашық ауыз салып, оған жала жабуды бастайды. Ең бірінші болып, ЖАК-ға (ВАК) Бекмаханов негізінен Рязановтың жарыққа шықпаған қолжазбасын пайдаланды деген арыз түседі, бұл істі тексерген академик Дружнин плагитатты толық теріске шығарып береді.
1948 жылы 28 ақпанда КСРО ҒА тарих институтында оның монографиясы талқыланып, Алматыдан әдейі келген т.ғ.к., Айдарова қатысады. Тарих ғылымының кандидаттары Т. Шойынбаев пен М. Ақынжановтардың жазбаша пікірлері оқылады. Қазақстандықтар Кенесары қозғалысы реакцияшыл, феодалдық-монархиялық ұлтшылдық сипатта деген ортақ пікір айтады. Бұларға Дружинин, Бахрушин, Вяткин, Кучкиндер қарсы шығып, қорытындысында академик Греков автордың жеке басына тиісу, оны буржуазияшыл-ұлтшыл деп айыптау ғылыми пікірталасқа жат әрекет екендігіне көңіл аударады. Араға үш жыл салып, 1951 жылы 15 мамырда оны «ірі саяси қателіктері үшін» ҚазМУ-ден КСРО тарихы кафедрасының профессорлығынан, партия қатарынан шығарылады. Алматы облысы, Нарынқол ауданында мектепте тарих пәнінен сабақ береді. 1952 жылы 5 қыркүйекте Жамбыл облысы, Новотройцк селосында мектепте мұғалім болып жүргенінде тұтқындалып, РКФСР ҚК (Қазақ КСР емес) 58-бабының 10-тармағына, 2-бөлімінде көрсетілгендей «Кеңес үкіметіне қарсы болып, 1942-1951 жылдар аралығында ұлтшылдық идеяларды уағыздап және антисоветтік үгіт жүргізгені үшін» айып тағылып, 1952 жылы 4 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғары соты оны 25 жылға соттап, ГУЛАГ лагеріне айдауға жібереді. Кейін заман өзгеріп, 1953 жылы 16 қазанда КСРО Бас Прокуроры Бекмахановты ақтады. 1954 жылы 1 қыркүйекте ҚазМУ-ге қайта оралады, бірақ аға оқытушы деген лауазым беріледі. 1957 жылы Мәскеуде «Ғылым» баспасында «Присоединение Казахстана к России» монографиясы жарыққа шығып, докторлық дәрежесі мен профессорлық атағы қайтарылады.
1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді. 
Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты. 
Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті. 
Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі. Сталин өлгеннен кейінгі жылымықта Бекмаханов ісі де қайта қаралып, 1954 жылғы ақпанның 16-ы толық ақталып шықты. Бұған Хрущевтің қабылдауына барып, мән-жайды түсіндірген Панкратова да үлес қосқан еді. Сот шешіммен ақталып келгеніне қарамастан Ермұқан Бекмахановтың қоғамға қайта сіңуі оңай болмады. Бірінші хатшы Пантелеймон Пономаренконың араласуынан кейін ғана санатқа іліне бастады.
Осындай қиын кезеңдерде Бауыржан Момышұлының Бекмахановқа қалай ашық қолдау көрсеткені «Ермұқан Бекмаханов туралы естеліктер» (А.,2005) кітабында баяндалады. 
Бостандыққа шыққаннан кейін Бекмаханов докторлық диссертациясын қайта қорғауға мәжбүр болды. Әрине, бұрынғы «қателіктер түзетілді». Кейінгі еңбектерінде маркстік-лениндік әдіснамадан қия баспайтын болды. Ермұқан Бекмаханов пен қызы Найля Бекмаханованың авторлығымен өңделіп,
1977 жылы он алтыншы рет жарық көрген, 7-8 кластарға арналған «Қазақ ССР тарихы» оқулығында «Кенесары Қасымовтың 1937-1938 жылдардағы феодалдық монархиялық қозғалысы» деп аталатын 29-параграф бір-ақ беттен тұрады. Осы беттегі «Кенесары Қасымовтың қозғалысы реакцияшыл, қазақ ақсүйектерінің феодалдық монархиялық қозғалысы еді. Бұл қозғалыс Қазақстанда ортағасырлық тәртіпті нығайтуға бағытталып, Қазақстанның Россияға қосылуына бөгет жасалды» деген қорытынды жоғарыда аталған «Правда» газетіндегі тұжырыммен сөзбе-сөз сәйкес келеді.2010 жылы Мәскеудегі «ЖЗЛ» сериясы аясында Бекмаханов туралы кітап шығарған зерттеуші Медеу Сәрсеке 1951 жылғы атышулы мақаланы «Правда» газетінің өз қызметкерлері ұйымдастырған деген пікір айтады.
«Қазақстан КП(б) Орталық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Шаяхметов оған қол қоюға тиісті адам екен. Бірақ Жұмекең авторлықтан иланымды желеу айтып бас тартқан соң, орталықтағы билік оны жоғарыдағы үшеумен ауыстырған. ...Әрине, неше жыл бойы соңына шам алып түсіп, «домалақ арыз» жолдап, түрліше айтыс-тартыстар да ұйымдастырып, пышағын қайрап жүрген қызғаншақ әріптестері өз ортасындағы жалғыз докторды солтүстіктегі жер түбіне жөнелтуге ерекше белсенділік көрсетіп, әпербақандық танытқаны – бүгінде де зор қынжылыспен мойындайтын ащы шындық!» дейді
1952 жылы Бекмаханов істі болып жатқанда Т.Шойынбаевтың «Кенесары Қасымовтың реакцияшыл феодалдық-монархиялық қозғалысын баяндаудағы ұлтшылдық бұрмалаушылықтарға қарсы» деп аталатын кітапшасы республикаға жаппай таратылып, үгіт-насихат жұмыстарында қолдан түспейтін құралға айналды. Бекмаханов ақталғанымен «Кенесары қазақ халқының жендеті және тұншықтырушысы болды. Ол өздерінің төлеңгіттерінен шайка ұйымдастырды» дейтін пікірлерінен Т.Шойынбаев бас тартқан жоқ. Қазақстанның Ресейге қосылуының 225 жылдығына арналған «Қазақ халқының тарихындағы ұлы оқиға» деп аталатын мақаласында осы сарындағы пікірлерін тағы да қайталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет