Халықтық-қолданбалы өнер . Хас шеберлердің дәстүрлі туындыларына: көшпенді халықтар мәдениетіндегі “ғарыш”, ғалам және оның сұлулығы, Ұлы Дала табиғаты мен ауа-райына бейімделудің әдістері мен жолдары жайлы түсініктер арқау болған. Форманың шырқау биігі – киіз үй – атпен, түйемен тасуға болатын, жиналмалы баспананың жетілген түрі. Оның сыртқы және ішкі жабдықтары кілемдермен және ою-өрнекті киіздермен безендіріледі. Тұрмысқа қажет заттар киізден, ағаштан, теріден, металдан жасалады. Киім. Ерлер киімі: мақпал шапан, кестелі белбеу, тақия, киіз қалпақтар. Әйел киімі: кең етек көйлек, мақта-матадан, жібектен және масатыдан тігілген қамзол. Зергерлік іс. Шеберлер (зергерлер) алтыннан, ерте заманғы ақ күмістен зергерлік бұйымдар жасағанда құю, нақыштама, бедерлеу, зерлеу, қарайту, қиыршықтау, жылтыр бояумен сырлау әдістерін қолданған. Бұйымдарға қайталанбас шеберлікпен кеңінен қолданылатын ұлттық өрнек – қазақ халқының ішкі мағынасы бай, жан дүниесінің тілі.
Қазақтың ұлттық киімдері. Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше.
Халықтық-қолданбалы өнер . 1. Төсеніш бұйымдары. Тұскиіз - сәндік үшін төсектің тұсына ұстайтын үй жиһаздарының бірі. Оны жасау үшін нығыз басылған жұқа киіз таңдалып алынады. Түскиізді безендіріп, әшекейлеу үшін түсті барқыттар, жібек, шұға т. б. маталардан бетіне ою - өрнектер тігіледі. Текемет - бетіне түрлі түсті ою - өрнек басылған киіз. Оның бетіне жүнді бояп, ою - өрнек жасап, киіз басқан әдіспен басады. Сырмақ - киізден сырып оюлап жасалған төсеніш. Екі түсті киізден оймалаған немесе үстіне матадан ою басқан тігістеріне жиек басып, сырып жасайды. Қоржын - өрмек құрып тоқылатын бұйым. Ұзындығы 120 см, ені 50 см болады. Ердің артына бөктеріп жүру үшін екі басты етіп жасалған қапшық. Аяққап – ыдыс - аяқ салуға арналған қапшық. Ол көбінесе киізден жасалады. Алаша - әр түрлі жүннен немесе түрлі түске боялған мақта мен жүннен тоқылған төсеніш. Алаша терме және қақпа алаша деп екіге бөлінеді. Төсеніш ретінде қолданады. Тұтқыш - ас пісіретін қазанды оттан көтеріп түсіргенде қолды күйдірмеу, қазанның күйесін қолға жұқтырмау үшін киізден жасалған екі қолғап. Оның ұзын етіп жасалған бауы болады.
2. Ағаштан жасалған бұйымдар. Сандық киім кешек тағы басқа заттарды салуға арналған ағаштан жасалған бұйым. Кебеже ағаштан жасалған әшекейлі сандық. Оған тамақ, ыдыс - аяқ салып сақтаған. Адалбақан - төрде тұратын киім ілетін өрнектелген бұтақты, не бұтақтарын қолдан жасаған сырық.
3. Зергерлік бұйымдар. Білезік - білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған. Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.
Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер - өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келеді.
Хас шеберлердің дәстүрлі туындыларына: көшпенді халықтар мәдениетіндегі “ғарыш”, ғалам және оның сұлулығы, Ұлы Дала табиғаты мен ауа-райына бейімделудің әдістері мен жолдары жайлы түсініктер арқау болған. Форманың шырқау биігі – киіз үй – атпен, түйемен тасуға болатын, жиналмалы баспананың жетілген түрі. Оның сыртқы және ішкі жабдықтары кілемдермен және ою-өрнекті киіздермен безендіріледі. Тұрмысқа қажет заттар киізден, ағаштан, теріден, металдан жасалады. Киім. Ерлер киімі: мақпал шапан, кестелі белбеу, тақия, киіз қалпақтар. Әйел киімі: кең етек көйлек, мақта-матадан, жібектен және масатыдан тігілген қамзол. Зергерлік іс. Шеберлер (зергерлер) алтыннан, ерте заманғы ақ күмістен зергерлік бұйымдар жасағанда құю, нақыштама, бедерлеу, зерлеу, қарайту, қиыршықтау, жылтыр бояумен сырлау әдістерін қолданған. Бұйымдарға қайталанбас шеберлікпен кеңінен қолданылатын ұлттық өрнек – қазақ халқының ішкі мағынасы бай, жан дүниесінің тілі.
Қорытынды.