Күрт әлсіздік Науқас 48 жаста,терапия бөлімшесіне буын синдромына шағымданып түсті,тексерген кезде жалпы жағдайы орташа,ауырлықты дәрежеде,тері жабындары таза,ылғалды,тізе,шынтақ және білезік буындары ісінген,ауырсынады,ұстағанда ыстық,терісі гиперемиялық,буындардағы қозғалысы шектелген,тыныс жиілігі минутына 16 рет,ЖЖЖ-94 соғу/мин,АҚ-115/75 мм сынап бағаны.Пальпацияда іші жұмсақ ауырмайды,бауыры қабырға доғасынан шықпаған.Мейірбикелік іс-шараның қысқа мерзімдік мақсатын таңдаңыз:Буындық синдромды ауруханалық емдеудің 7-ші күні бәсеңдету Науқас 50 жаста,эндокринологиялық бөлімшесінде «Қантты диабет II типі, инсулинге тәуелді» диагнозыменауруханалық емделуде жатыр.Мейірбикелік тексеру кезінде аузының құрғауына, шөлдеуге,тері жабындарының қышынуына,кіші дәретке ауырмай жиі баруға,орташа жалпы әлсіздікке шағымданады.Ақыл-есі анық,науқастың қалпы белсенді,өзін қоршаған кеңістікте дұрыс бағдарлай алады. Мейірбикемен сөйлесу кезінде жақсы қатынаста, шаршау мен нашар ұйқыға шағымданады. Әңгімелесу кезінде науқас тарапынан емнен тиімділік болуына сенімсіздік пен өзінің болашағына қауіппен қарау түріндегі үрейлі жағдай байқалады. Мейірбикелік іс-шараның ұзақ мерзімдік мақсатын таңдаңыз:Инсулин мөлшерін түзету есебінен шөлдеуді,полиурияны,терінің қышуын тоқтату Науқас 52 жаста,онокологиялық бөлімшеде «асқазанның қатерлі ісігі» диагнозымен ауруханалық емделуде.Мейіргерлік тексеру кезінде жалпы әлсіздікке,тәбетінің болмауын,ет тағамдарынан жиренуге,ауық-ауық құсуға,эпигастрий аймағында тамақ ішуден кейін айқын ауырсынуға,сасыған иісті кекіруге,ішінің қампаюына,дене салмағының азаюына шағымданады.Сөйлесу кезінде науқас адинамиялық,айналасындағылармен әзер тілдеседі,тұйық және жабырқанқы,себебі өлімнен қорқу сезімін сезінеді.Төменде берілгендердің қайсысы мейіргерлік іс-шараның басым мәселесіне жатады:эпигастрий аймағындағы күшті ауырсыну Науқас 60жаста кардиологиялық бөлімшеге жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен асқынған ЖИА жөнімен түсті.Аяқтардың ісінуіне ішінің айтарлықтай үлкейгеніне жүрек қағуының әлсіздігіне ,тыныштық кезінде болатын аздаған ентікпе шағымданады.Төсектегі қалпы мәжбүрлі -ортопноэ .Тері жабындары көкшілденген. Аяқ басы мен балтыры ісінген .АҚ 140/90 мм сынап бағаны ішінің көлемі үлкейген. Төменде берілген шаралардың қайсысын науқасқа үйрету қажет?