3.Тапсырма:
Қатты суық боларда, құстар кешке қарай басқа уақыттағыдан гөрі ұзақ тамақтанады.
Торғайлар ағаштың бұтағында дыбыс шығармай қонақтап отырса, қар жауады, жел болмайды. Торғайлар қосылып, шықылықтаса, жылы болады. Бір жерге топталса, суық болады. Бұл – боран алдындағы өзгеріс.
Қарғалар топтасып қарқылдаса, аяз болады. Аспанда ұшып жүріп қарқылдаса, қар жауады. Суық боларда олар қанатының астына тұмсығын тығады.
Мәтінді оқыңыз. Мәтінге ат қойыңыз
Мәтін мазмұны бойынша (5) сұрақтар құрастырыңыз.
Көктемдегі құстардың іс әрекетіне байланысты тағы қандай мәліметтер қосып жазар едіңіздер?
Мәтінде асты сызылған сөйлемге жазбаша түрде синтаксистік, морфологиялық талдау жасаңыз
Тапсырма 2
1.«Менің сүйікті ісім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
Өнер-білім туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіздер, жазыңыздар
Достарыңызбен бөлісу: |