Семинар сабағындағы жұмыстарын бағалау критерийлері (100 ұпай)
• Мазмұндаудың тақырыпқа сәйкестілігі – 15
• қойылған сұрақты толықтай ашатын жан-жақты жауап берілген – 20
• берілген жауаптағы нақты құрылымның сақталуы, логикалық бірізділік көрінісі – 15
• Жауап дәйекті және білім алушының авторлық ұстанымы көрініс тапқан - 25
• түпнұсқалығы және бейтарап жеке орындауы – 25
СӨЖ сабағын бағалау критерийлері (100 ұпай)
• берілген тақырыпқа мазмұнының сәйкес келуі – 15
• сауаттылығы - 15
• түпнұсқалығы және бейтарап жеке орындауы – 20
• жеке өзінің ұстанымын жеткізе білуі - 25
• тарихи деректерді пайдалана білу – 25
Бағалау критериилері
Білім алушының оқу барысындағы барлық үлгірім жетістіктері әрбір тапсырманы (сабақтағы жауабы, үй тапсырмасын өткізуі, бақылау жұмыстары түрлерін және басқа да) орындауы бойынша 100 ұпай шегімен бағаланады, аттестация бойынша соңғы қорытынды баға атқарған жұмыс түрлері бойынша жалпы бағаларының ортаарифметикалық есебімен қойылады.
Білім алушылардың үлгірім жетістіктерін ұпайлық-рейтингтік әріптік жүйемен есепке алып бағалау, оны дәстүрлі бағалау шегіне және ECTS ауыстырумен жүргізіледі.
Әріппен берілген баға
|
Ұпайдың сандық эквиваленті
|
Оқу пәнінің мазмұнын меңгеру %-ы
|
Дәстүрлі жүйедегі баға
|
А
|
4,0
|
95-100
|
өте жақсы
|
А -
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
жақсы
|
В
|
3,0
|
80-84
|
В-
|
2,67
|
75-79
|
С+
|
2,33
|
70-74
|
С
|
2,0
|
65-69
|
қанағаттанарлық
|
С-
|
1,67
|
60-64
|
D+
|
1,33
|
55-59
|
D-
|
1,0
|
50-54
|
FX
|
0,5
|
25-49
|
қанағаттанарлықсыз
|
F
|
0
|
0-24
|
МОДУЛЬ БОЙЫНША ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ
Апта №
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сабақ түрлері бойынша аптасына сағат саны
|
ОН
|
дәріс
|
семинарлық/ зертханалық/ практикалық
|
СОӨЖ / СӨЖ
|
|
1-7
|
Модуль 1. ҚАЗАҚСТАН АУМАҒЫНДАҒЫ ЕЖЕЛГІ АДАМДАР ЖӘНЕ КӨШПЕЛІ ӨРКЕНИЕТТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
|
1
|
Дәріс тақырыбы: 1. Ғылым жүйесіндегі тарих. Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы және ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениеті
Практикалық сабақ тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Ежелгі металлургия дәуіріндегі көшпелілер өркениетінің пайда болуының алғы шарттары
1. Адамның пайда болуының қазіргі теориялары және ата-баба мекені мәселесі
2. Қазақстандағы тас дәуірі
3. Ұлы Дала аумағындағы энеолит және қола дәуірі
4. Тарихқа дейінгі адамның мәдениеті. Ерте палеолиттегі өнер мен діни түсініктердің қалыптасуы. Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі тілдің, рационалды білімнің дамуы, діни түсініктердің қайта құрылуы. Жартасқа сурет салу өнері – петроглифтер (Мыңшұңқыр, Өлеңті, Еңбек, Тесіктас, Шатыртас, Ақбидайық, Ақбауыр, Баянжүрек).
5. Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі темір өңдеу техникасы. Мал шаруашылығы негізінде өндіруші шаруашылықтың қалыптасуы және оның кезеңдері.
6. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті. Қазақстан – жылқыны қолға үйретудің ежелгі ошағы.
Тапсырма: семинар сабағының сұрақтары бойынша конспект дайындау керек.
СОӨЖ тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы. Ежелгі металлургия дәуіріндегі көшпелілер өркениетінің пайда болуының алғы шарттары
Кесте толтыру:
1. Тақырыбы: «Қазақстан территориясындағы тас және қола дәуірлеріндегі археологиялық ескерткіштер» (атауы, орналасқан жері, сипаттамасы)
2. Презентация жасау: «Қазақстан территориясындағы Беғазы-Дәндібай және Андронов мәдениеттері».
|
1
|
2
|
7
|
3,1; 3,2;
4,1; 8,1; 10,1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |