Қоғамдық-гуманитарлық бағытқа орыс тілі, орыс әдебиеті, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, шет тілдері жатады. Әр пәнге оқыту тіліне сәйкес аптасына 1 сағаттан 3 сағатқа дейін уақыт бөлінеді.
Сонымен қатар 10 бейінді емес пәндер бар. Бұл технология (аптасына 1 сағат), алгебра және талдау бастамасы (аптасына 3 сағат), геометрия (аптасына 1 сағат), информатика (аптасына 1 сағат), биология (аптасына 1 сағат), география (аптасына 1 сағат), физика (аптасына 1 сағат), химия (аптасына 1 сағат), дене шынықтыру (аптасына 3 сағат), сондай-ақ аптасына 1 сағат алғақшы әскери дайындық пәні.
Табиғи-математикалық бағытқа алгебра және талдау бастамасы (аптасына 3 сағат), геометрия (аптасына 2 сағат), информатика (аптасына 1 сағат), биология (аптасына 2 сағат), география (аптасына 2 сағат), физика (аптасына 3 сағат), сондай-ақ химия (аптасына 2 сағат) сынды пәндер қарастырылған.
Қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, шет тілі секілді бейінді емес пәндерге оқыту тіліне сәйкес аптасына 1 сағаттан 4 сағатқа дейін уақыт бөөлінеді. Сонымен қатар Қазақстан тарихы (аптасына екі сағат), дүниежүзі тарихы (аптасына 1 сағат), өзін-өзі тану (аптасына 1 сағат), технология (аптасына 1 сағат), дене шынықтыру (аптасына 3 сағат), алғашқы әскери дайындық (аптасына 1 сағат), сондай-ақ адам, қоғам, құқық (аптасына 1 сағат).
Тереңдетіп оқуға екі пән таңдау керек – оларға аптасына екі сағаттан беріледі. Физика, химия, биология және география пәндерін таңдауға болады.
Сонымен қатар стандартты оқу пәндерінің арасынан тағы бір пән таңдау керек (аптасына сағат). Бұл дүниежүзі тарихы, бизнес және кәсіпкерлік негіздері, графика мен жобалау немесе құқық негіздері пәндерінің бірі болуы мүмкін.
Таңдаған мамандығыңызға сәйкес таңдау пәндері: Авиациялық техника мен технология: Математика және Физика
Ұшатын аппараттарды және қозғалтқыштарын өндіру: Математика және Физика
Түркология: Шет тілі және Қазақ/орыс тілі
Заңгерлік: Дүние жүзі тарихы және Шет тілі
Кеден ісі: Дүние жүзі тарихы және Шет тілі
Халықаралық құқық: Дүние жүзі тарихы және Шет тілі
Әуенді жүргізу: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Вокальдық мәдениет: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Дәстүрлі ән күй мәдениеті: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Дирижерлық: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Өнер менеджменті: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Шетел тілі, қос шет тілі: Ағылшын тілі және Қазақ/орыс тілі
Аударма ісі: Шет тілі және Орыс/қазақ тілі
Шетел филологиясы ағылшын тілі: Ағылшын тілі және Қазақ/орыс тілі
Алғашқы әскери даярлық: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Қоғамдық жұмыс: География және Қазақстан тарихы
Дәрі дәрмек өндірісінің технологиясы: Химия және Биология
Қоғамдық денсаулық сақтау ісі: Биология және Химия
Медбике ісі: Биология және Химия
Фармация (дәрі дәрмек өндірісі): Химия және Биология
Халықаралық қатынастар: Шеттілі Дүние және жүзі тарихы
Тарих: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Мәдениет: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Филология:қазақ тілі Қазақ тілі және Әдебиет
Дінтану: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Архелогия және этнология: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Шығыстану: Шеттілі Дүние жүзі және тарихы
Баспа ісі: Қазақ/орыс тілі және Әдебиет
Мұрағат ісі, құжат ісі, құжаттармен қамтамасыз ету: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Қоғаммен байланыс: Қазақ/орыс тілі және География
Әлеументану: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Саясаттану: Дүние жүзі тарихы және Қазақстан тарихы
Психология: Биология және Қазақстан тарихы
Журналистика: Шығармашылық 2 және Шығармашылық 1
Аймақтану: Шеттілі және Дүние жүзі тарихы
Әлемдік экономика: Математика және География
Менеджмент: Математика және География
Мемл/к және жергілікті басқару: Математика және География
Маркетинг: Математика және География
Математика: Математика және Физика
Жаратылыстану бағытына мына пәндер жатады:
- Алгебра
- Физика
- Биология
- Геометрия
- Химия
-Информатика
Гуманитарлық бағытқа мына пәндер жатады:
- Қазақ тілі мен әдебиеті
- Орыс тілі мен әдебиеті
- Шет тілі
- Тарих
- Құқық