1- дәріс болашақ МҰҒалімнің КӘсіби дайындығын қҰзырлылық ТҰРҒыдан қарастыру


-ДӘРІС. БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ



бет12/13
Дата15.11.2023
өлшемі74,09 Kb.
#123286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Құзырлылық. Лекциялар 2к

13-ДӘРІС. БОЛАШАҚ МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
Математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастыру мақсатында АТТ –ны қолданғанда жаңа міндеттер қойылады. Олар:
1) әрбір студенттің АТТ –ны қолданып, әдістемелік білімін өздігінен алу;
2) әрбір студенттің АТТ –ны қолданып жұмыс істегісі келетін атмосфера орнату;
3) студенттерді орындалатын жұмысқа ынталандыру;
4) дидактикалық материалды қолдану;
5) студенттердің іс-әрекетін олардың жеткен нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар жұмыс істеу әдісінің тиімділігі бойынша да бағалау;

  1. өз жолымен, өз әдісімен жұмыс істеген студентті мадақтау;

  2. студенттермен педагогикалық қарым-қатынас орнатып, олардың өз қабілеттерін көрсетулеріне жағдай тудыру;

  3. оқу бағдарламаларын қолдану үшін, болашақ мұғалімге қажетті әдістемелік нұсқау жасау.

Әртүрлі мультимедиа және интерактивті моделдер түріндегі көрнекі материалдар болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындауда оның әдістемелік құзырлылығын қалыптастырып қана қоймай, оқу үдерісін жаңа жоғары деңгейге көтереді. Студенттерді, олар арқылы оқушыларды, ақпаратты ескірген схема мен таблица көмегімен жеткізгеннен гөрі, осындай АТТ арқылы берген анағұрлым қызықтырады.
АТТ –ның мән-мазмұнын бағалай отырып, біз де оны қолдану арқылы болашақ мұғалімдерге әдістемелік АТТ- құзырлылығын қалыптастыру жолдарын іздедік. Біріншіден «АТТ- құзырлылығы» және «Геометрия курсын АТТ оқыту әдістемесі» арнайы курстарын енгіздік.
Екіншіден, осы уақытқа дейін жасалған АТТ қолдану құралдарын анықтадық және болашақ мұғалімдермен талдау жүргізіп практикада мүмкіндігінше қолдануға тырыстық.
Үшіншіден, осы жұмыстардан алған тәжірибені қолданып, өзіміз болашақ математика мұғалімін кәсіби дайындауда оның әдістемелік білімін өздігінен алуын ұйымдастырдық. Олар:
1) МОТӘ электрондық оқулығы (орыс және қазақ тілдерінде) жасалды.
2) Жасалған электрондық оқулықтар оқытудың кредиттік жүйесінде практикалық, лабораториялық сабақтарда және СӨЖ-де қолданысы көрсетілді;
3) Жоғары курс студенттері СӨЖ–де ақпаратты интернеттен тауып, өз бетімен ізденіс жүргізіп, арнайы курста алған тапсырмаларды орындады;
4) Әртүрлі мультимедиа және интерактивті моделдер түріндегі көрнекі материалдарды қолданып жүргізілетін сабақтар үлгісі көрсетілді.
5) Оқыту технологиялары мен АТТ интеграциялап жүргізуге быраз іс-әрекет жасалды (электрондық оқулықты пайдаланып сабақ жүргізу; интертақтада бағдарламаларды қолданып сабақ жүргізу; интертақтаны пайдаланып интерактивті оқыту технологиясымен оқыту; жүйелеу және қорытындылау сабақтарын интертақтада жүргізу және т.б.).
Сонымен, АҚТ-ның құралдарын болашақ математика мұғалімін кәсіби дайындауда қолдануда: 1) оқыту материалының мазмұнын моделдеу; 2) осы құралдарды басқарушы оқытушының іс-әрекетін белсенділендіру; 3) компъютердің интерактивті қасиеттері тудыратын оқушылардың қызығушылықтары мен белсенділіктерін дамыту жүзеге асырылды. Оның нәтижесінде студенттердің технологиялық құзырлылығын қалыптастыру жүргізіледі.
Болашақ мұғалімдердің әдістемелік құзырлылығын қалыптастырудың негізгі құралы ретінде біз электрондық басылымдар пайдаланылады.
Электрондық түрдегі оқу- әдістемелік құрал сабақ жүргізгенде студенттер конспект жазбай тыңдап, түсіну арқылы көп уақыт үнемдеуге мүмкіндік тудырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет