1- дәріс. Әлеуметтану және әлеуметтанудың болашағы


Әлеуметтік таптың нақты өлшемдері



бет12/40
Дата02.03.2023
өлшемі225,45 Kb.
#71385
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40
Байланысты:
лекция

Әлеуметтік таптың нақты өлшемдері
Маркс және Вебер таптық жүйелерге түсінік беретін тұжырымдамалар қалдырды. Алайда қазіргі заманғы зерттеушілер таптарға жіктеудің тек теориялық анықтамаларын ғана емес, тапты анықтайтын практикалық әдістерді керек қылып отыр. Зерттеушілердің көпшілігі қазір Маркстың теориясындағы тапқа емес, әлеуметтік тапқа баса назар аударды. Әлеуметтік тап- жік, мәртебе және билік белгілері ұқсас, өзара теңдікті сезінетін адамдар санаты. Жоғарғы тап немесе қарапайым жұмысшы табы тақырыбын көтерсек, әлеуметтік тап жөнінде сөз қозғағанымыз болып шығады.
Әлеуметтік таптағы орынды тікелей анықтаудың ең қарапайым әдісі- адамдардың өздерінен қай әлеуметтік тап мүшесімен деп санайтынын сұрау.
Әлеуметтік таптардың жіктеудің тағы бір жолы- бірқатар өлшемдерге сүйеніп, мысалы, білім деңгейі, мамандқтың мәртебесі, табыс көлемі немесе басқа да әлеуметтік-экономикалық мәртебеге сияқты құрамдас сипаттар арқылы анқытау. Әлеуметтік-экономикалық мәртебе адамдардың таптық орнын өзі белгілеу арқылы өлшенбейді. Керісінше, адамдардың мектеп бітірген жылы, отбасылық табысы немесе беделді жұмыспен қамтылуы сияқты өлшемдерін белгілеу арқылы, халықтың жағдайынаберіледі. Бір тапты басқа таптан айыратын абсолюттік шектеу жоқ. Сондықтан әрбір зерттеуші немесе мемлекеттік орган жеке шешім қабылдайды.
Халықаралық деңгейдегі теңсіздік
Теңсіздік мемлекеттер арасында, сондай-ақ мемлекеттің ішінде де кездеседі. Халықаралық деңгейдегі теңсіздіктін ұдайы өсуі- әлемдік шеберде танылған жай. Мысалы, АҚШ-та жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 47 094 АҚШ долларын құрайды, ал Сьерра Леонеде-809 АҚШ доллары ғана. АҚШ-та орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 80 жыл, Сьерро Леонеде-48 жыл ғана. Жаппай теңсіздік құбылысы табыс пен деусаулыққа ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен әділіктікке де тән болып, қазіргі халықаралық қатынастардың қозғаушы күшіне айналды.
Жаппай теңсіздік саяси тұрақсыздыққа, салауатты және бақытты өмір сүру мүмкіндігін әділетсіз теңсіздікке әкеп соқтырады. Сондықтан әр мемлекет бай болсын, кедей болсын, халықаралық деңгейде теңсіздікті бәсеңдетуді қолдайды. Олай болса ең тиімді де түбегейлі өзгерістер әкелетін жол-даму жолы. Даму-қоғамның еңбек өнімділігін жетілдіру жіне өмір сүру сапасын жлғарылату процесі: ол өмір сүру ұзақтығына, өмір сүруге қажетті материалдық игіліктердің болуына, білім алу саласының кеңеюіне, тұрғын үй құрылысының жақсаруына, тұтыну тауарларының сапасы артуына септігін тигізеді. Бірақ даму нақты болжамды, бір бағытты процесс емес. Мәселен, Корея Республикасы сияқты елдер басқаларымен салыстырғанда қарқынды дамып келеді. Ресей мен Аргентина секілді мемлекеттер уақыт өте келе дамуы төмендеген немесе көп жылдар бойы өзгермеген мемлекеттерге айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет