7-дәріс.
Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
1.Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны,саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы,оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні менобъектісі.
2.Саясаттанудың негізгі парадигмалары менмектептері.
3.Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-тапнымдық, әдіснамалық жәнеқолданбалы функциялары.Саясаттанудың прагматикалық мәні. Маманды кәсіби дайындау
жүйесіндегі саясаттану.
Сабақтың мақсаты: ғылым ретіндегі саясаттанудың әлеуметтік ролін, оның объектісінің және пәнінің ерекшеліктерін, құрылымын, әдістерін мен категорияларын, саяси саланың заңдылықтарын, қалыптасу және даму кезеңдерін танып-білу.
1. «Саясаттану» сөзі гректің «полис» және «логос» деген сөздерінен шыққан, аударғанда «саясат туралы ғылым» деген мағынаны береді.
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың алатын орны ерекше, себебі адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады, яғни мемлекеттегі жүргізіліп отырған саясат арқылы сол елдің халқының негізгі өмір-сүру деңгейлері және тағдыры шешіледі.
Саясаттанудың ғылым ретінде қалыптасу процесі Ежелгі дәуірден бастау алады. Олай дейтін себебіміз, сол кезеңнің ірі жұмыстарындағы зерттелген мәселелер бүгінгі саяси саланы құрайды. Осы кезеңде аталған білім саласын білдіретін ұғымдар да пайда болды. Саясаттанудың негізін қалаушы Аристотель болып табылады. Ежелгі дәуір ойшылы Аристотель өзінің еңбектерінде ғылым ретіндегі саясатты жазса, ал «Риторика» еңбегінде «саяси ғылым» деген сөзді пайдаланған. Ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытқан. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады.
Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.
Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түйрудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін керсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.
Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
Саясаттанудың жеке ғылым ретінде қалыптасу процесінің аяқталуын XIX ғасырдың соңы –XX басында оның философиялық, тарихи, заң және басқа ғылымдардан бөлініп шыққан кезеңін атауға болады. 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия колледжінде алғаш рет тарих және саяси ғылым кафедрасы ашылған. 1872 жылы Францияда саяси ғылымдар мектебі жұмыс істесе, 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар академиясы құрылды, ал 1903 жылы Америкалық саяси ғылымдар ассоциациясы құрылды.
ХХ ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты.
Бұрынғы Кеңес елінде бұл ғылымды партияға, халыққа қарсы, буржуазиялық ғылым деп, оқытпаған болатын. Тек 1990 жылдан бастап бүкіл ТМД елдерінде оқытыла бастады.
Саясаттанудың пәні жөнінде алыс, жақын шетелдік болсын, біздің елдін ғалымдарының арасында болсын бірыңғай, жалпы жұрт танып, мойындаған анықтама, тоқтам жоқ. Оның аукымы мен мазмұны, қарастыратын мәселелер шеңбері, жеке ғылыми пән ретінде ерекшелендіретін белгісі, өлшемі не болуы кере деген сауалдар төңірегінде бірталай көзқарастар бар. Кейбір ғалымдар оған қоғамда билікті жүргізетін немесе оған әсер ететін мемлекет, партиялар және басқа саяси институттар туралы ғылым ретінде қарайдық. Әлбетте, саясаттанудың бұл мәселелер мен айналысатынында дау жоқ. Дегенмен, оның өрісін тек солармен шектеуге әсте болмайды, Себебі, ол солармен қатар жалпы, саяси теориялар мен нақтылы саяси іс-әрекеттерді, саяси процестер мен жүйелерді, халықаралық қатынастарды да зерттейді, еларалық салыстырмалар да жүргізеді. Сондықтан мұнда көзқарас саясаттануға тар мағынасында қараған болып шығады.
Ғалымдардың екінші тобы саясаттануды ғылымға қатаң негізделген, әсіресе тәжірибелік (эмпирикалық) әдіс-тәсілге сүйенеген, нәтижесін тексеріп білуге болатын ілім ретінде түсінеді. Оны жақтаушыларды. бихевиористер дейді (олар туралы кейінірек сөз балады). Олар бұл ғылымды математика, кибернетика және т.с.с нақтылы ғылымдарға теңиді.
Бұл бағытты жақтаушылар, түптеп келгенде, саясаттануды теориялық және практикалық жаққа бөліп, екіншісін басшылықка алып отыр. Бұлай білімнің екі түрін бір-біріне қарсы қоюшылықпен келісуге болмайды. Себебі, теория мен практиканы бөліп, карау адамзат тарихында талай рет тығырыққа тірелткен. Әрине, аталған тәсіл сайлаудын. дауыс беру нәтижесін, оған жұмсалған қаражатты, қай партияның жақтаушылары көп не аз болғанын және т.с.с. сан жағынан нақтылы есептеп шығуға мүмкіндік береді. Бірақ, "еркіндік", "теңдік", "әділеттік", "егемендік", "демократия" және т. б. сияқты маңызды категорияларды сандық мөлшерде есептеп шығаруға келмейді.
Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі (үшінші топ) бұл ғылымды саясат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қамтып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Үлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзінің белгілі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрғанын жөн деп тапты: І) саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы және қазіргі кездегі қызметі); 2) саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару; көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу); 3) партиялар мен қоғамдық ұйымдар; 4) қоғамдық пікір; 5) халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық)
2. Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық, қоғамдағы қүқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарасгар, жаңаша саяси ойлаудын мәні, казіргі дүниежүзілік дамудың козғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол, бір жағынан, жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуымен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Саясаттанудың зерттеу объектісіне – қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер, тұтасымен саясат жатады.
заңдылықтары, саяси биліктің, саяси қатынастардың және саяси іс-қимылдардың қалыптасу, қызмет ету және өзгеруі туралы көзқарастар және теориялар, заңдылықтары, саяси процестің даму болып табылады.
Саясаттану төмендегі жекелеген ғылым салаларын біріктіретін кешенді ғылымды қамтиды:
Достарыңызбен бөлісу: |