Макроқұрылым: еңбек нарығы Біреулерге машық пен құзіреттілік жетіспеген жағдайда, басқалардың жақсы жерде жұмысты табысты атқаруға қалай дайын болатынын түсіндіреді. Алайда машық пен құзіреттілік міндетті түрде тапқа, мәртебеге немесе билікке жетуге кепілдік бермейді. Ірі экономикалық құлдырау немесе рецессия жағдайында еңбек нарығы теңдіктің ауытқуына әкелсе, білімге, уәждемеге, ынтаға қарамастан, жақсы жұмыс табу қиынға соғады. әрине, көптеген зерттеушілірдің сөзінше, мемлекеттің экономикалық құрылымындағы және еңбек нарығындағы өзгерістер келесі ұрпаққа ұтқырлықпен жоғарлауға болмашы ғана мүмкіндіктер береді.
АҚШ-тың кәсіби құрылымының жоғарғы деңгейдегі қызметкерлерінің саны соңғы ғасырда арта түсті. Алайда барлығы тең дәрежеде ұтқырлықпен жоғарылау дәрежесіне ие болған жоқ. Қазір әйелдер мен азшылық өкілдері үшін еңбекақысы жоғары жұмыс табу қиын емес, бірақ олардың орны әлі де төмен деңгейде. Олардың ішінде корпоративтік заңгер емес, мемлекеттік қорғаушы өызметтегілер: оташы емес, балалар дәрігері қызметіндегілер жиі кездеседі.
Еңбек нарығы теорияшылардың айтуынша, АҚШ-та еңбек нарығының сегменттелген түрі қалыптасқан: еңбек нарығының бірі- жоғарғы қызметтер үшін, ал еңбек нарығының екіншісі- төменгі қызметтер үшін. Әйелдер мен азшылық өкілдері еңбекақысы төмен, жеңілдіктері аз, қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген және қызметте жоғарылау мүмкіндіктері болымсыз компанияларда жұмыс істейді.
Әлеуметтанудың негізін салушылар: Конт, Спенсер, Маркс, Дюркгейм және Вебер ХІХ ғасырда Еуропада болған төңкеріс әлеуметтанудың нақты ғылым ретінде дамуына себеп
болды. Әлеуметтанудың негізін салушы деп саналатын бес ғалымның- Огюст Конт, Герберт Спенсер, Карл Макс, Эмиль Дюркгейм және Макс Вебердің еңбектеріне тоқталайық.
Огюст Конт (1798-1857) Әлеуметтану тарихындағы алғашқы ірі тұлға француз философы Огюст Конт болды. Ол осы саланың негізін салушы болып саналады. 1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым. Конт-әлеуметтік жағдайларға ғылыми әдістерді қолдануды ұсынған алғашқы зерттеушілердің бірі.