«Әлеуметтік тұрмыстық бағдарлау» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 26. ӘТБ пәнінің оқу жүктемесі:
1) 5-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
2) 6-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
3) 7-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
4) 8-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты;
5) 9-сыныпта – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
27. ӘТБ оқу пәнінің мазмұны келесі бөлімдерді қамтиды:
1) 1-бөлім «Денсаулық»;
2) 2-бөлім «Киім, аяқ киім»;
3) 3-бөлім «Тамақтану»;
4) 4-бөлім «Тұрғын үй»;
5) 5-бөлім «Көлік, көше»;
6) 6-бөлім «Отбасы»;
7) 7-бөлім «Мерекелер, салтанатты жиындар»;
8) 8-бөлім «Кәсіпорындар, мекемелер және байланыс құралдары».
28. «Денсаулық» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) жеке бас тазалығы;
2) медициналық көмек.
29. «Киім, аяқ киім» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) киім, аяқ киім , бас киім түрлері;
2) киімді, аяқ киімді күту.
30. «Тамақтану» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды:
1) азық –түлік;
2) ас үй, асхана ыдыстары, техника;
3) тамақ дайындау.
31. «Тұрғын үй»бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) тұрғын үй түрлері; 2) тұрғын үйді жинау.
32. «Көлік, көше» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) көліктердің түрлері; 2) көліктегі және жолдағы жүріс-тұрыс; 3) қала ішіндегі жүру бағыттары.
33. «Отбасы» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) отбасы құрамы; 2) отбасылық қарым-қатынас; 3) Қазақстан Республикасы азаматының құжаттары.
34. «Мерекелер, салтанатты жиындар» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) мерекелерді дайындау және өткізу, сыйлықтар мен кәде сыйларды рәсімдеу; 3) құттықтаулар.
35. «Кәсіпорындар, мекемелер» бөлімі келесі бөлімшелерді қамтиды: 1) сауда кәсіпорыны; 2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының (бұдан әрі – ТКШ) кәсіпорындары; 3) қаржы кәсіпорындары; 4) тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорыны; 5) байланыс құралдары кәсіпорыны; 6) мәдени ошақтары, демалыс орындары.
36. ӘТБ оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) денсаулық: жеке гигиена, өнімдер мен заттар арқылы гигиеналық шаралар; алғашқы көмек көрсету, медициналық мекемелерде бағдарлау;
2) киім, аяқ киім: киімдер мен аяқ киімдердің түрлері, оның қолданылуы, күнделікті күту мен сақтау ережесі; маталардың түрлерінен жасалған заттарды жөндеу және жуу жұмыстары; әртүрлі аяқ киімдердің күту жұмыстары;
3) тамақтану: азық-түліктің әртүрлі өнім топтары; олардың сақталу мерзімінің ережелері мен шарттары; ас үйдің құрылысы, ас және асхана ыдыстары бойынша бағдарлау; пешті пайдалану дағдысы және ең қарапайым тағамдарды мәзірлер мен рецептілер арқылы дайындау; тамақ қабылдау ережелері;
4) тұрғын үй: баспана түрлері; тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдері; тұрғын үй мен қосалқы үй-жай түрлерін ажыратылуы; үйлер мен пәтерлерде жиһаздарды тиімді орналасуы; әртүрлі жөндеу, жинау жұмыстары; 5) көліктер, көше: қоғалдық және жеке көліктерді тағайындау туралы білімдер; ондағы тәртіп ережелері; автобекеттің, теміржол көлігінің және әуежайдың тағайындалған пунктері; қалалық көліктің түрлері;
6) отбасы: отбасы мүшелері; қалыптасқан отбасылық дәстүрлер; өзара қарым-қатынасты бағдарлау; отбасылық қордың құрылуы; Қазақстан Республикасы азаматының негізгі құжаттары туралы ілімдер;
7) мерекелер мен салтанатты жиындар: әр түрлі халықтардың дәстүрлері бойынша мерекелер мен салтанатты жиындар, мемлекеттік, діни, салтдәстүрлерге арналған мерекелерді даярлау мен жүргізу дағдылары;
8) кәсіпорындар, мекемелер: дүкендердің түрлері және ондағы тауарлар туралы білімдер; әмбебап және арнайы дүкендерде, базарларда тұтыну; кәсіпорындарда, пошталарда, мәдени ошақтары және демалыс орындарында тұрмыстық қызмет көрсетуді пайдалану.