Топырақ құнарлылырының кеми беру заңы және оны сынау. XVIII г. Аяғының өзінде жыл сайын еселеп жұмсалатын еңбек пен шығынға қарамай өнім жыл сайын азая беретіні байқалған. Осындай бақылаулар негізінде француз экономист А. Тюрго «Топырақ құнарлығының кеми бepyi» заңын ашты, ол алдымен буржуазия экономистері арасында үлкен қолдау тапты.
Осы заң және Мальтус теориясы негізінде халықтың орналасуы тіршілік қажеттіліктерінің өсуімен тез жүріп жатыр, соған байланысты жаппай аштық болатыны және халық санын шектеу қажет екені туралы теориялар бұрын да, қазір де ұсынылып келеді.
В.Р. Вильямс (1949) көрсеткендей, А. Тюрго заңындағы айтылған құбылыс өсімдіктер тіршілігінің бip факторын өзгерткен кезде орын алуы мүмкін екенін агрономиялық көзқарас тұрғысынан дәлелдеді. Ол Гельригель тәжірибесін пайдалана отырып вегетациялық ыдыста арпа өніміне топырақ ылғалдылығының әсер етуін бақылады:
Топырақ ылғалдылығы, толық ылғал сыйымдылығы, % - 1, 5, 10, 20, 30, 40, 60, 80, 100.
Өнім (дц/г ыдыс) 1, 63, 146, 190, 217, 227, 197, 0.
Толық ылғал сыйымдылығының әpбip 10 % өнімнің жоғарылауы 124, 43, 44, 27, 10, 15, 98.
Басқаша айтқанда, ауылшаруашылық өндіpici бip деңгейде жүргізілгенде, «топырақтың құнарлылығының кеми беру заңының» әcepi байқалады. Бipaқ, өсімдіктер тірішілігінің бірнеше факторларына әсер ету кезінде бұл «заң» расталмайды. Оны В.Р. Вильямс М. Вольнидің вегетациялық тәжірибесін пайдалана отырып көрсетті, онда ылғалдылық, қоректік элементтерінің мөлшеpi және жарық түcyi өзгертілді. Тәжірибе негізінде диаграмма жүргізілді (2 сурет); одан байқалатыны тіршіліктің осы үш факторына әсер еткен кезде, өсімдік өнімі барлық кезде өciп отырады. Демек «топырақ құнарлығының кеми беру заңы» табиғи заң емес, тек ауылшаруашылық өндірісіндұрыс жургізбегендіктің салдары.
Топырақтардың тиімді құнарлылығы топыраққа кешенді және бағытталған әсер кезінде тоқтаусыз жоғарылауы мүмкін.
Д .Н. Прянишниковтың (1940) топырақтардың құнарлылығы және өндірістік пайдаланылуы туралы еңбегінің мәні ауыл шаруашылықта минералдық тыңайтқыштарды қолданудың тәсілдерін құрастыру мен оны пайдалануды насихаттауда болды. Ол өнімділіктің жоғарылауы едәуір мөлшерде тыңайтқыштарды еңгізумен байланысты екенін көрсетті. Топырақтардың құнарлылығын жоғарылатуға алғашкы қадам XVIII г. Аяғында – XIX г. Басында жасалған. Жыл сайынғы өнімді екі еселеу үшін 100 жылдан аса уақыт керек болса, Д.Н. Прянишников зерттеулер нәтижесінде тыңайтқыш қолдану арқылы оған 30 жылда жетуге болатынын дәлелдеді. Тыңайтқыштар poлi мынандай фактімен де дәлелденді: Германия бірінші дуние жүзілік соғыс кезінде тыңайтқыш шығармағандықтан соғыстың төртінші жылы өнімдері 75 жыл бұрынғы өнімдегідей төмендеп кетті.
Қазіргі кезде Д.Н. Прянишниковтың көзқарастары кеңінен тараған. Ауыл және орман шаруашылықтарын химияландыру астық тұқымдастар өнімділігін, техникалық дақылдардың және орман өнімділігін жоғарылатуда маңызды тізбектің бipi болып табылады.
Топырақтар сапасын олардың қасиеттері мен құнарлылығы