1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет22/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Топырақ құнарлығының түрлері.
Топырақтың құнарлылығын табиғи, потенциалды, жасанды және тиімді құнарлылық деп жіктейді.
Табиғи құнарлылық – табиғи топырақ түзілуi барысында табиғи өсімдік жамылғысы астында пайда болған топырақ қасиеті. Топы­рақтардың табиға құнарлылығы уақыт аралығында салыстырмалы түрде шамалы ғана өзгереді және ол тұрақты шама болып табылады. Сонымен бipгe түзілуі әртекті топырақтардың құнарлылықтары да әртүрлі болады (1 сурет), ал бip топырақтың құнарлылығы био-логиялық қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар өсімдіктер үшін әр түрлі. Мысалы, шалғынды-глейлі топырақтарда шалғындық өсімдіктер жақсы өседі, ал шыршалар мен қарағайлар өліп қалады немесе өте нашар өседі. Өте ұсақ құмдарда қарағайлар жақсы, ал шыршалар мен емендер нашар өседі.
Потенциалды құнарлылық топырақтағы қоректік элементтердің қолдануға болатын немесе болмайтын формада болатын жалпы қорымен анықталады.
Ж
асаңды құнарлылық топырақты өндегенде, тыңайтқышты сепкенде, әртүрлі дақылдар өсіргенде, құрғатқанда, суландырғанда жасалады.
Табиғи, жасанды, потенциалдық құнарлылық бip-бipiмeн өзара тығыз байланысқан, ceбeбi өсімдіктерді ылғалмен және қорекпен қамтамасыз ету табиғи топырақтың қасиеттеріне тәуелді.
Өнімділік мөлшерімен өлшенетін тиімді немесе нағыз құнарлылық ic жүзінде табиғи және жасанды құнарлылықпен өрнектеледі және ғылым мен техниканың даму дәрежесіне едәуір тәуелді. Бұл жағдайда құнарлылық үздіксіз өседі, ceбeбi қоректендіру элементтepiнiң және топырақтағы ылғалдылықтың потенциалдық қоры толық пайдаланылатын болады.
Топырақ құнарлылығын, өнімділікті жоғарылату үшін егін шаруашылығында және агрохимияда су мен қоректік элементтердің максималды қорын қамтамасыз ететін, сонымен қатар орта реакциясын қалыпты ұстау мен өсімдік өcyiнe ықпал ететін аэробты және анаэробты реакциялардың қажетті жылдамдығын қамтамасыз ететін әдістер құрастыру қажет. Сонымен қатар зиянды үрдістерді: улы заттар пайда болуын, топырақты өндеу кезінде олардың тығыздалып қалуын, арамшөптер басып кетуін, зиянды микроағзалардың көбеюін баяулату немесе тоқтату қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет